Мен Аудармашымын және сенің сұрақтарыңа жауап берейін!
сен 8 сыныпта оқисың сен ең алдымен ағылшын тілін үйрене бер,фонетикасын үйрен әр әріп қалай оқылатынын қалай дыбысталатынын жатта осы кезден бастап.
Жұмысы көп бола ма деген жоқ жұмыс табылады егер жұмысқа деген ынтаң бар болса және университетті жақсы бітірсең.
Аудармашы қиын қиын емесі ынтаңа байланысты ! Аударма екіге бөлінеді Ауызша Аударма ,Жазбаша аударма екеуінің айырмашылығы көп.Ауызша аудармада қиын жері аударып жатқан кезде қолыңда сөздік болмайды.! Ал жазбаша аудармада болады,бірақ жазбашада белгілі бір уақыт ішінде бітіруің керек!
Қай жерде жұмыс жасаймын ол дипломыңа байланысты егер жақсы болса,компанияда жұмыс жасайсың.( Магистратура оқуға кеңес беремін,өйткені магистратура+бакалаврант дипломдарымен бірге жұмысқа тіркелсең оңай алады)
Қолыңда шағын сөздік болса болады.
Үйрететін сайт жоқ сіз алдымен ағылшынша оқып үйреніңіз Ағылшын тілі өзі 6 уровеннен тұрады! Beginner,Elementry,Pre-Intermediatee,Intermediate,Upper Intermediate,Advanced!
Аударма жасау саған әлі ерте саған.Ағылшыныңды дамыт аударма кейін !
Университет оқығаның абзал! Бірақ Грантқа түсу екіталай алдынғы жылы грантқа түскен ең кіші бал 86.Сабағыңды жақсы бітір егер грантқа түскің келсе...Университет көп Мысалға Алматыдағы Абылай хан университеті,Әл Фараби қазақ ұлттық университеті,Еуразия университеті,Қорқыт ата атындағы университеті...
Ұбт тапсырасың 5 ші пәнің Ағылшын тілі болады! Күні түні жасау ол жұмысыңа байланысты шетелде болуың мүмкін.
Ұбт ға сәттілік және Аудармашы болуыңа тілектеспін! Өзім ағылшын тілінен көмектесіп тұрамын!