0 дауыс
1.9k көрілді
Аудармашы болғым келеді қазірден дайындалып өзім үйден 2жыл бойы өз бетімен дайындалып жүрмін. Болашақта аударма ісінің маманы болғым келеді

Қазақстанда қандай университеттер бар осы мамандық бойынша оқытатын және қанша жыл оқимын егер аудармашы болсам шет елге шыға аламынба? Қанша табуға болады бул жумыс бойынша? Жұмыс таба аламынба? Ауызша немесе жазбаша аудармашы қайсысы жақсы? Естуім бойынша Қазақстанда осы мамандық бойынша  3тілді оқытады екен мен корей тілін таңдап отырмын соған қандай универді таңдасам болады??

2 жауап

0 дауыс

Иняз Абылайхан атындағы сол ЖОО таңдаңыз. 

Жақсы аудармашы болсаңыз шет елдік компанияларға жұмысқа тұрсаңыз, жақсы жалақы аласыз. Барлығы Алланың қалауымен өз еңбегіңізбен болатын дүние.

0 дауыс

Елімізде Аударма және аударма ісі мамандығы бойынша "Астана" халықаралық университеті (Астана қ.).

Ал аударма ісі мамандығы бойынша Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университеті (Алматы қ.), К.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық университеті (Ақтөбе обл.), С.Демирель атындағы университет (Алматы қ.), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті (Астана қ.), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.), КИМЭП университеті (Алматы қ.), Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы қ.) т.с.с. ЖОО бар.

Оқу жылы - 4 жыл

Естуімше Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы қ.); С.Демирель атындағы университет (Алматы қ.), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.), К.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық университеті (Ақтөбе обл.) ЖОО корей тілдерін оқытады, осы ЖОО хабарласып мәлімет ала салыңыз.

2022-2023 оқу жылында Жалпы конкурс бойынша грантқа 136-114 балл аралығында түскен. 

Аудармашы жұмысты офиста отырып немесе қашықтықтан жасай алады. Қазіргі таңда сұраныс орташа мамандық. 

Менің ойымша, шет елдерге шығу немесе шықпау ол әр тұлғаның өз еркі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Әлем халықтарының озық үрдістерін үйрену үшін тіл білу қажет. Шын мәнінде, жастар неше тіл білсе, алдынан сонша елдің есігі айқара ашылады. Бұл туған еліңнің мүддесіне қызмет ету үшін қажет. Дегенмен, ең алдымен, жастарымыз ана тілін - қазақ тілін білуі керек" - деді.

...