0 дауыс
7.3k көрілді
Әбілқайыр хан неге қазақ билерімен келіспей Ресейдің қол астына кіруге ант берді... Бұл қазақ хандығы үшін дүрыс болды деп ойлайсыз ба???

5 жауап

0 дауыс
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.[1]

Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған. Ол - Әз Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан бастап тарататын болса ол хан әулетінің он сегізінші ұрпағы. Әз Жәнібектен тоғыз ұл тарайды, солардың бірі - Өсеке сұлтан одан Бөлекей ноян, одан Ырыс сұлтан, одан Хожа сұлтан, одан Абдолла сұлтан туған, Әбілқайыр осы Абдолла сұлтанның баласы.[2]

1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды.

18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді.

Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді:Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады.

Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.
+1 дауыс
Одан кейінгі болған Тарихи оқиғаларды саралап қарасақ, бір жағынан дұрыс та болған сияқты (бізді бәрібір жаулап алар еді қантөгіспен, өз еркімізбен қосылмасақ та), екінші жағынан білмеймін мүмкін тарих өзгерер ме еді...кім білген?

Қысқасы тарихты қалай болады деп болжамау керек, тек білу керек! және одан сабақ алу керек
–1 дауыс
менынше абихайыр  хандыкы  дурыс  шыгар  ертенгы  казак омирын  ойлаган,мумкын кым  билед
+1 дауыс
Әбекеңдікі дұрыс,Ресейдің қол астына кірмегенде біз мүмкін жер бетінен жойылып кетер ме едік?Ресей бізді жерімізге  көз алартқан сыртқы жаулардан қорғап қалды,Ресей арқылы біз өз ұлтымызды жоймай сақтап қалдық деуге болады
Ресей бізді ешқашан ешқандай жаудан қорғап қалған емес. Негізгі құпияларға сенсек Ресей мен Қытай Жоңғар мен Қазақ хандығындағы соғысты қолдап отырған.
Ресейдің бізге берген пайдасы Қазақстанның шығысында Бекініс сала отырып кішкіне ғана көмек болды. Бірақ Император нақты Жоңғарларға соғысты доғаруды айтқан емес, мұны мен Жоңғардың беті де қайтқан емес.

 МАДРИДТІҢ ФАНАТЫ сіздің соңғы айтқан сөзіңіз маған қатты әсер етті. Қазақ болып "Ресей бізді жерімізге  көз алартқан сыртқы жаулардан қорғап қалды,Ресей арқылы біз өз ұлтымызды жоймай сақтап қалдық деуге болады" айтқаныңыз өте ұят.
Ұят емес,ащы да болса шындық,себебі қазақтар өз ішінен үш жүзге бөлініп алауыздық туындап отырған да,Қытай,Жоңғар,Қоқан,Хиуа жерімізге көз салды,сол кезде қазақтарда өзін қорғайтын күші де,қаруы да жоқ болды,ал Ресейге қосылғасын олар тоқтады емес пе
Сенің сөзіңде ешқандай ащы шындық жоқ.
Шындығында ұят ұят ай !!  Ресейге қосылғанда соғыс тоқтаған жоқ.
Біз Ресейге 1731 қосылдық. Ал жоңғар-қазақ соғысы тек 1758 жылы ғана Жоңғарларды Қытайлар құртып жібергеннен соң ғана тоқтады.
Үш жүзде бізде ешқашан бірін-бірінен бөлініп алауыздық болған емес, бұл жердегі қате тек екі хан арасында болды, яғни Әбілқайыр мен Әбілмәмбеттің қатесі болды.
"Қытай,Жоңғар,Қоқан,Хиуа жерімізге көз салды,сол кезде қазақтарда өзін қорғайтын күші де,қаруы да жоқ болды" дейсін. Енді сен маған Тарихи фактпен көрсете аласынба, нақты қазақтарда осындай Жоңғар,Қытай, Өзбек хандықтарына қарсы тұрардай күш болмағанын ??
Сеніңше сол кездегі Әбілқайыр,Әбілмәмбет,Абылай,Қабанбай, Бөгембай, Баян, Наурызбай, Саурық, Бөлек, Малайсары, Шоқантай, Жауғаш, Сәмен, Өтеген, Райымбек, Қарасай, т.б саған күш емеспе ? Осы кезде осылардың басы қосылып жоңғарларды жеңдік, міне саған қазақтарда күш  қандай болды!!
Осы аталғандарыңның қайсысында мықты қару болды?
Сөзсіз Ресейде !!!
+1 дауыс
Ресейдің қол астына кіруге ант бергені теріс деп ойлайм , ресейдін қол астына кіргенше мүлде жер бетінен жойылып кетсек болар еді,кәзір не бітіріп жатырмыз сорлы қазақ болып,олимпиадаға өнкей орыстарды жіберіп мәз болып отырмыз , лондонға бір қазақ барған жоқ ,жартылай қазақ барса барған шығар бірақ оған онша көнілім тойа қойған жоқ

бұл менің өз ойым (тек минустаманыздаршы)
...