0 дауыс
2.3k көрілді
XYIII ғасырдағы Әбілқайыр хан мен Абылай ханның ішкі саясаты
срочноо ТЖБ қатты керек болып тұр

1 жауап

0 дауыс

Абылайдың    стратегиялық   мақсатпен    қол    күшін    сақтап   қалуы, екіншіден, Жоңғариямен ұзақ жылғы қиян-кескі ұрыстардан ес жию, «Қазақ ордасының төрт бұрышын түгендеу» Абылайдың көздеген мақсаты болатын[6].

Абылай Қытаймен сауда қатынасына ерекше көңіл бөлді. Сол мақсатта Сайрамкөл жағасында Іле цзянцунымен (генерал-губернаторымен) кездесіп, онымен сауда шартын жасасқан»[7]. Қытай жазба деректеріне сүйенсек, «1757 жылы Абылай ханмен жасасқан келісім бойынша Абылайдың, Әбілпейіздің, Қабанбайдың, Қожабергеннің, Дәулетбайдың сауда тоғанақтары Үрімшіге үзбей келіп, ат, түйе, қой, өгіз өткізіп, оған өздеріне қажетті мақпал, торғын, шай және фарфор ыдыстарын сатып алып қайтқан». Абылайдың өзі бүкіл Шыңжандағы сауданы қыздыруға ұйытқы болып, сауданың 70-80 пайызы осы екі қалада (Құлжа, Шәуешек) тек қазақтармен жасалғандықтан да, тарихта бұл саудалар «Құлжа-қазақ саудасы», «Шәуешек-қазақ саудасы», «Үрімші-қазақ саудасы» деп аталған».

«Екі алып мемлекет Қытай, Ресеймен сауда байланыстарын нығайтқан Абылай хан белгілеген (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының батысынан басталатын) яғни Ертіс өзенінің сол жағын бойлай, шығысқа қарай созылып жатқан сауда жолын халық «Хан жолы» деп атаған. Ел аузында      «Шаңды      жол»,      «Абылай      жолы»      деген      аты      қалған.

Абылайдың Ресей патшалығымен қарым-қатынасын тарихшылар көпке дейін бодандық аукымында қарап келді. «Абылай орыс мемлекеті мен Қытай арасында алма-кезек дипломатиялық саясат жүргізді. Екі бірдей күшті жауға қарсы күресте Абылай Россияға арқа сүйеп, онымен одақтас болды, ал одан ызғар көргенде Қытайға қарай ойысып отырды», делінген Қазақ совет энциклопедиясында [8] (120.356-6.). Демек, «Ресей мен Қытайдың империялық өктемсуі мен қазақ жерін иеленуден дәмеленіп, емексуі кезеңінде даулы мәселелерді  әскери   жолмен   емес,   саяси-мәмілегерлік   тәсілмен   шешуге бағытталған, Абылай саясаты мейлінше дұрыс еді». Қалай дегенде де Абылайдың Қытай мен Ресей патшалығына бас имей, дербес, тәуелсіз хан болғандығы айқын. Ел мүддесі жолында астарлы да айлалы саясат ұстанған  сақ саясатын, көреген көсем белгілі бір тығырықтан шығу жолында ғана келісімге  барып  отырған.  Мұны  А.И.Левшин  бүкпесіз  шындық ретінде дәлелдеп береді: «Уверенный в своих достоинствах, он искусно привлекая к себе приверженцев важностью своею и признавал себя, смотря по нужде, то поданным   русским,   то   китайским;   а   на   самом   деле   был   властитель совершенно независимый…» (168. с. 264). «Қытай мен Россияға тәуелдімін дей отырып, шын мәнінде сол мемлекеттермен Абылай қалыпты, тәуелсіз саясат жүргізді» (78.175-6).»…Сол кезде Төле би мен Қазыбек билерді айтпасақ, Абылайға тең келер қазақ даласында адам табу қиын еді. Ол қазақ  жерінің бәрін басқыншылардан тазартгы. Алтай, Тарбағатай маңындағы қалмақтар басып алған жерлерді қайтарып алды.  Ол өте тапқыр саясат жүргізді деуге болады. Соның арқасында қазақ аузын айдаһардай ашқан батыстағы да, шығыстағы да жауларымызға алынбай келді,» — дейді Қазыбек бек Тауасарұлы (253. 383-6.) Алайда отаршылдық пиғылдағы орыс үкіметі 1778 жылы оны Қазақ ордасының емес, Орта жүздің ханы ғана деп грамота беріп,    Орынборға    келуін    талап    етіп,    хандық    белгілерді    тапсыруға шақырғанда, Абылай мұндай жымысқы саясаттың астарын аңдап, бармай қояды.  Қазақ хандығын қалай  қабылдағаны жөнінде  сұрағанда, Абылай былай деп жауап берген: «что приобрел опыт победами над тургутами и по смерти Абулмамбета, избранием не только от всех орд Киргиз-казачьих, но и от Туркестанцев и Ташкентцев» (168. с. 264-265). Және осы бір тұжырымды жауаптан Абылай өзінің алдыңғы ата-бабаларындай ешкімге тәуелді болмай, дербес ел болуды мақсат еткенін аңғартады. Тіпті 1778 жылы 22 қазанда орыс императоры жіберген лауазымды сыйлардан бас тартуы да оның Ресей  патшалығының  көздеген  ойын  жете  түсіне  келіп,  халқының  болашағы жолында ұстанған батыл бағытынан таймағанын ұғынамыз. «Абылай на сем условием не согласился дать своей присяги верности. Он полагал, что — требования от него наружных знаков покорности имели целью сделать его сомнительным в глазах китайцев.

Дана да қайсар Абылай бұл жерде өзінің Қазақ ордасының ханы екенін, Қытай патшалығының әлдеқашан-ақ мойындағанын, енді орыс мемлекетінің бұл әрекеті сол сенімділікке селкеу түсіретінін бекерге ескертіп тұрған жоқ. Оның табандылығы мен айтқанынан қайтпайтын адуындылығынан Ресей патшалығы да қатты сескенген. Жоғарыдағы грамотадағы жазылған бұйрықта: «Если Аблай — этот упрямый, но в своей стороне знаменитый варвар откажется от приезда куда бы то ни было, то посылать к нему способного штаб-офицера для присутствования при торжестве, причем поручить привести Аблая к присяге, которую он должен принять, как и прежде принимал хан Нурали стоя, на коленях…» деп айтылғанындай, патша өкіметінің Абылайға Орта жүз хандығын күштеп тануға тырысқандығын байқатады. Алайда асқақ тұлғалы, асқар ойлы, алғыр да алып тұлға өзінің еңсесін түсірген жоқ, тізе бүгіп иілген жоқ. Орынборға ант беруге, хандық атақты алуға шақырғанымен, одан бас тартып, Петропавлдағы қамалында, яғни Ақсарайында қала берген.

Ол ол ма, Абылайдың орыс патшасына бас имеген қайсарлығы -қырғыздармен соғысқа қарсы орыс әскерінің жіберілуіне үзілді-кесілді қарсы шығуымен қоймай, өз ордасында Еділ қалмақтарымен соғысып қолға түскен орыстар мен түрікмендерді босатудан бас тартқандығы. 1778 жылы Орынбор губернаторы Рейнедорфтың тікелей жарлығы бойынша Сібір әскери шебінің генералы Огарев Орта жүздің ханы етіп Абылайдың орнына оған қас сұлтандардың біреуін бекіту жөнінде мәселе көтерген. Оны тұтқынға алып, Ресейдің ішкі жағына жібермек болған, яғни Оразмұхаммед сұлтанның тағдырын қайталамақ болған. Барақ сұлтанның баласы Дайыр Абылайды хан атағын әділетсіз алды деп Орынбор губернаторына хабарлама жасаған . Яғни, Абылайды билік басынан тайдырудың түрлі жолдарын іздеген патша өкіметі ел ішінің бүлінуін қарсы пайдаланған. Қ. Салғарин Қазақ хандығының Ресей патшалығына бодан болуын тарихшылардың үш кезеңге бөліп қарайтының оның алғашқысы 1731 жылдан 1822 жылға дейін созылған билеу жүйесіндегі протектораттық дәуір саналғанын, хандық билікке таласты патша отарлаушылары сұлтандар алауыздығын жүргізіп отырғанын, басқа да себептерін нақты ашады. «1790 жылдан орыстардың хандық билікті жойып, жүздік басқару жүйесін толықтай құртуының нэтижесінде XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақтар тәуелсіздіктен біржолата айырылды,» — дейді американ зерттеушісі Ч. Карльсон (300). Бұдан Ресей патшалығының отарлау саясатын Абылай хан дүниеден қайтқан соң ғана жүзеге асыра алғаны аңғарылады.

1977 жылы жарияланған «Қазақ ССР тарихы» Әбілмәмбет хан мен Абылай және басқа сұлтандардың 1740 жылдары Россия бодандығын қабылдауын «қазақ халқына бейбітшілік қажет болды, ал оны орыс мемлекеті ғана бере алатын еді…» деген сыңаржақ ұғымға таңған. Осылайша кеңестік идеологияландырылған тарих Абылайдың Ресейдің отарлық саясатын қолдаушы етіп көрсеткісі келген. Шындығында солай болып па еді?! «Оны (Абылайды — Ә. Т.) Әбілмәмбеттің көзі тірісінде-ақ халық хан сайлаған болатын. Ресей патшалығы үшін бүл, яғни қазақ сұлтанының өздерінің тағайындауынсыз, халықтың қалауымен хан аталып кетуі үлкен үрей, зор әбігер туғызатын тірлік болды. Сондықтан да Ресей патшасы далалық ұлықтарынан Абылайды жасанды түрде болса да көндіріп, хан етіп бекітуді сұраған өтінішін алуды талап етті… Яғни, 1778 жылдың 22 қазанында оны «Орта жүздің ханы» деп зорға бекіткен болды. Бірақ бұдан кейін де Абылай сырт бодандықты мойындағанымен, ішкі билікке орыс патшасының ұлықтарын араластырған жоқ»[9]. дейді Салғарин. Алайда, Абылайдың хан болып, төрткүл төңірекке танылып, саясатымен көрші елдер санасып жатқандығын тарихшы В. Моисеев ілгеріден іздейді.»… Бірақ хан ығында Әбілмәмбет отырғанымен, 50-жылдардан бастап бірақ сахарасында Абылайдың дегені болып, айдарынан жел есіп тұрды … Көршілес елдер қазақ мемлекеттігін дэл осы Абылай тұсында мойындай бастады» дей келе, Абылайдың Ресей патшалығына бодандығын да теріске шығарады. Абылайдың бодандықтың қамытын кимегені де шындық. Ол орыс бекіністерімен шекарада тыныштық болуын қадағалаудан басқа ештеңе міндеттеген жоқ… Абылай сондай-ақ Цинь сарайымен қарым-қатынасын да осы деңгейде ұстады…Түптеп келгенде Абылай өз халқының мүддесін ғана ойлады » (182). Шын мәнінде Абылайдың саясаты елдің елдігін сақтап, ынтымақ-бірлігін нығайту, көрші алып елдердің саясат сойылымен сілтейтін соғыстарынан Қазақ ордасын аман алып қалу еді. Тарихшылар атап көрсеткеніндей, Абылай хан Ресейге де, Қытайға да бодан болмады.

         Абылай ханның ішкі саясаты. Бүкілхалықтық мойындауға және үш жүздің ханы атағына қарамастан, Абылайдың билігі шексіз билік болған жоқ, Сұлтандардың едәуір бөлігі, әсіресе Барақ сұлтан мен Әбілмәмбет ханның ұрпақтары Абылайды тақты заңсыз иеленді деп санады. Мәселен, Дайыр сұлтан 1781 жылы Орынбор губернаторына Абылай «ханның қадір-қасиетін мүлде әділетсіз иеленгенін, өзінің бала кезінде бауырларымен Түркістанда болғанын, хандықтың барлық әділеттілік бойынша өзіне тиесілі» екенін жазды[10]. Наймандардың билеушісі Әбілпейіз, иеліктері Обаған мен Есіл арасында орналасқан Құдайменде сұлтан тәуелсіз еді деуге болады. Түркістан мен Сырдарияның ортаңғы ағысында билікті бөліскен Сәмекенің баласы Есім мен Әбілмәмбеттің баласы Болат өздерін хан деп атай берді. Хан билігіне наразы болған кейбір рубасылар оны тіпті әскери күшпен құлатуға да тырысты. Дағдылы құқықпен шектеулі Абылай, Ш. Уәлихановтың айтуынша, сұлтандар мен рубасылардың бетімен кетуін ауыздықтауға ұмтылды. Абылайдың орасан зор беделі қазақтарды ханға бағынышта  ұстады. Абылай өзгерген сыртқы саяси жағдайда аман қалу үшін Қазақ хандығының саяси жүйесін көбірек орталықтану жағына қарай өзгерту қажет екенін өте жақсы түсінді. Бұған жету үшін хан бірнеше бағытта әрекет жасады.

Біріншіден, Абылай биліктің орталықтандырылуын нығайтуға ұмтылды. XVIII ғасырдың бірінші ширегінде әрбір ру бірлестігі іс жүзінде автономиялы болды және оларды өздерінің билері, рубасылары басқарды. Бұл жүйе жағдайында хан көп жағынан билердің еркіне тәуелді болды және оның жекелеген рулар деңгейінде шешім қабылдауға ықпал етуге үлкен мүмкіндіктері болмады. XVIII ғасырдың 20—30-жылдарында бұл жүйе өзгере бастады, белгілі бір ру әскербасы және саяси көшбасшы етіп шақырған сұлтандардың рөлі арта түсті. Абылай жүздер мен үлкен бірлестіктерді басқаруға дәстүрлі қазақы кісілік рухы негізінде бір орталық буындары элементтерін енгізуге ұмтылды. Ханның көптеген балалары осындай билеушілер рөліне кірісті. 1774 жылы Әділ сүлтан Ұлы жүздің бір бөлігінің билеушісі болып тағайындалды, оған арнап Абылай Талас аңғарында қала салып, оған қарақалпақтарды қоныстандырды. Солтүстік-шығыс Жетісуда оның басқа бір баласы Сүйік, Орталық Қазақстанда Қасым билік етті.

Орта жүз бен Ұлы жүздің барлық дерлік жері ханның балалары арасында бөлінді. Тек Кіші жүзде және Орта жүздің батыс бөлігінде Қайып ұрпақтары, Орталық Қазақстанның кейбір аудандарында — Барақтың ұрпақтары, ал Қытаймен шекара өңіріне таяу жерлерде және Сырдарияда Әбілмәмбеттің ұрпақтары — сұлтандар билік етті.

Орталық билікті күшейту үшін Абылай қолданған шаралардың екінші кешені — біртұлғаның қызметіне және оның тұлға ретіндегі қасиеттеріне сүйену. Мәселен, дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне қарамастан, Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын. Билер кеңесі мен рубасы-ақсақалдар съезінің құқықтары едәуір шектелді. Алайда дағдылы құқықтың дәстүрлі болуы және басқарудың нақты тұтқаларындағы кемшілік Абылайға хандықтың саяси жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік бермеді. Оның үстіне бүкіл басқару жүйесін соғыстар қиратып кетті деуге болатын еді. Федерализм элементтері рулық басқару принциптерімен тығыз ұштасып жатты, хан билігін бұрынғысынша билер мен сұлтандар едәуір дәрежеде шектеп отырды. Мемлекеттік машинаның орнықтылығы түгелдей және толығымен ханның өз беделіне, оның күрделі саяси проблемаларды шешу кезінде ымыраластық таба білуіне байланысты болды.

Толығырақ: https://kazaksha.info/%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD-%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D1%8B/%D0%B0%D0%B1%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D0%B9-%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D1%96%D1%88%D0%BA%D1%96-%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5-%D1%81%D1%8B%D1%80%D1%82%D2%9B%D1%8B-%D1%81%D0%B0%D1%8F%D1%81%D0%B0/

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 26.10.2020 Мектеп сұрақ қойды
...