0 дауыс
5.0k көрілді
естіп едім қарға өлім жамандық шақырады дегенді рапа?

13 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Олардың бәріне сене берсең, айналаңдағы хайуандардың бәрін атып тастағың келіп кетеді. Сондықтан сенбе.

0 дауыс
Негізі солай айтады ғой,қарға деген өлексе жейтін құс,сондықтан ол рас айтылған
+1 дауыс
өз басым ондайға сенбеймін, жөнімен жүрген қарғадан не шаруаларын бар, мысалға қара мысық алдынды кесіп өтсе жолын болмайды деп жатады. Бұл дегеніміз адамның өз басына лишний проблема туғызып алу ғой,сондықтан осындай мағынасыз ырымдарға сене беруді жөн санамаймын!
0 дауыс
Қарға зиянсыз құс. Сауысқан үй жағыңа келіп шықылықтаса, онда қонақ келеді. Ал енді ит түнімен ұлыса, оны қазақ жаман ырым, өлім шақырады деп есептеген. Ондай итті атып тастаған.
Ит өлім шақырмайды ғой, тек жамандық боларын сезеді, адамның ең жақын досы, жамандықты сезген соң иесіне абай бол деп хабарлап ұлиды, ал біз оны жамандық шақырдың деп өлтіреміз, әділ емес қой, сезгіш түйсігі болғанына иттер кінәлі емес қой. Бұл менің жеке пікірім!
+1 дауыс
Негізі солай дидіғо қарғаға қатысты неше түрлі ырымдар көп-қо,

Қарға - сұмдықтың хабаршысы ма?

Қарға, құзғын – түркі халықтарының назарында сұмдық шақырушы, өлім хабарын жеткізуші болып саналады. Халық арасында қай үйдің маңына қарға, құзғын қонып, ұзақ уақыт қарқылдап, сұңқылдаса, сол отбасы көп өтпей бір жанынан айрылады дейтін сенім де бар. Ал көптеген адамдар ауырып, хал үстінде жатқанда шынымен де қарғаны көрсе, аза бойы қаза болады. Өмірге деген сенімін жоғалтатындар да, әлде неден өлім хабары келе жатыр деген сеніммен денсаулығы тіпті де құлдырай беретіндер де бар. Ендеше, қарға шынымен де өлім хабарын жеткізуші ме?

Бұл сырды білу үшін қарға, құзғын тектес құстардың табиғи ерекшеліктеріне ден қойған жөн.

Негізінде қарға мен құзғын азықтық талғамайтын құстар түріне жатады. Олар үшін хайуанның шіріген еті, ұйыған, шіріген қан секілділер сүйіп жейтін тағам. Ғалымдардың зерттеуінше, қарға-құзғынның ұзақ өмір сүруінің сыры олардың иіс түйсігі ерекше жетілген екен. Ол тіпті еттің ішінен шіри бастаған иісін 5-10 км алыстан сезе алады екен. Олардың иіс сезу түйсігі адам сенгісіз деңгейде дамығанын айтады ғалымдар. Және ауруға жолыққан хайуанаттарды қарға-құзғынның осынау ерекше «көмегімен» бірден байқауға болады екен.

Айдалада қалған өлік немесе сүйекті төбесінен айналып ұшқан қарға-құзғынның көмегімен байқап отыратын көрегендік біздің бабаларымызда да болған. «Басымнан шыр айналды қарға-құзғын» деп жаралы батырдың жазған жыры да бар.

Адам ұзақ уақыт ауырып, хал үстінде жатқанда зат алмасудың тосқауылға жолыққанын немесе іштен шіри бастаған клеткаларды олардың тынысынан шыққан болмашы иіске сүйеніп, осы құс түріндегілер дәл таба қояды екен.

Сол үшін де қарға мен құзғынды жамандықтың, өлімнің хабаршысы деп білетін сенім қалыптасқан болуы керек.
0 дауыс
Онымен қоса басқа да құстар бар сұмдықты  алдын ала болжайтын өлім әкелетін: МЫСАЛЫ: қаршыға, бүркіт, және осы құстардың ішінде ханның құсы дима сол құста жамадық шықырады дейді
0 дауыс
орыс халқы үкіні үй шатырына қонуын өлім шақыру, жын-перілердің жиналып, ауру шақыруы деп жорып, оны «өлім құсы», «қанатты шайтан» деп қорыққан.
0 дауыс
Қарғаның қарқылын өлімге көп теңей бермейді,ал ит ұлыса онда сол иттің иесінің үйінде бір жамандық болады-деген ырым бар.Бұрындары үйдің шатырында қарға қонып қарқылдаса,үлкен кісілер "Ақ шақыр" "Ақ шақыр"-деп айтатын,яғни:жақсы хабар шақыр,ақ тілек болсын-деген мағынада,
0 дауыс
Сондай ырым бар ғой.Соған қарағанда өлім шақыратын құс дейді.
0 дауыс

Жалпы қазақ халқы құстарға атау бергенде оның морфологиясына ғана мән берген. Бұл сенім де соның жемісі. Жаман құс жоқ. Қарғалар табиғатқа тек пайда әкеледі. Өлексе жеу арқылы санитар қызметін атқарады.

Жалпы ешбір жануар шектен шықпайды, тек өзінің тіршілігін қамтамасыз етсе болғаны.

P.S. Құстан емес адамнан қорқу керек. Адам өз құлқыны үшін кез-келген нәрсені жасайды. Жаңсақ пікірді негізге алып, табиғатқа зиянымыз тимесе игі!

0 дауыс

Қарға өлім шақырмайды 2 әкеледі....

0 дауыс
Өкінішке қарай рас екен,басымыздан өткізіп отырмыз.
0 дауыс
Қарға хабар айтады деген бар.Сол себепті "ақ сөйле, аузыңа май" деп жатады. Яғни жақсылық хабар болсын дегені.

Ұқсас сұрақтар

...