–1 дауыс
951 көрілді

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бірақ Американың Колорадо штатынан шыққан, тарихта Майк деген есіммен қалған қораз басынан айырылған соң бір жарым жыл өмір сүрген. Таң қалудың қажеті жоқ. Бұл былай болған екен.
 Күндердің бір күні, дәлірек айтсақ 1945 жылдың 10 қыркүйегінде Ллойд Олсен деген фермер өзінің өгей анасын түскі асқа шақырады. Асқа тауық қоймақшы болады. Сөйтіп таңдау Майк есімді қоразға түсіпті. Бұл тауықтардың арасындағы ең жасы және ең «свежийі» екен. Небәрі бес жарым айлық. Әлгі әйел бәрінен гөрі тауықтың мойнын жақсы көрсе керек, Ллойд тауықтың басын жақсылап кесіп, мойнын, миының түбірі мен бір құлағын қалдырады.

 Содан біраз уақыт өтеді. Әлгі Майк өлгісі келмей ме, жүгіріп жүреді, басының жоқтығына қарамастан жем жеуге ұмтылады. Бәрі бәрібір өледі деп ойлайды. Бірақ тауық өлмейді. Фермер бұл тағдырдың маған берген сыйы шығар деп, Майкты асырап алады.
 Оған өңеші арқылы тамақ, су береді. Жұта алмаса өзі тығады. Тамағын пипеткамен тазалап тұрады.
 Осылай уақыт өте береді. Майк құлап қалмай жүгіріп үйренеді, тіпті айқайлап көрмекші болады.

 Бұл керемет тауық туралы жаңалық көптеген штаттарға тарап кетеді. Бәрі бұл рас па, өтірік пе білгісі келеді. Көбісі тәжірибе жасап тексеріп көрмекші болады. Бірақ олардың сойған тауықтары 2 күннен артық өмір сүрмейді. Болмаған соң олар Ллойдқа барып оны өтірікші деп айтады.
 Осылай көп уақыт өтеді. Бұны растау үшін Ллойд Солт Лейк Ситидегі Ютаның университетіне Майкты алып барады. Ғалымдар оны жақсылап зерттейді. Сөйтсе пышақ тауықтың мойнындағы ең үлкен вена тамырына тимеген екен. Және де миының бөлігі мен құлағы қалғандықтан ол өлмеген. Осының өзі тауықтың өмір сүруіне жағдай жасаған.
 Осының бәрі өтірік емес екені анықталғанда Майк атақты болып кетеді. Барлығы оны көргісі келеді. Сондықтан Ллойд өзіндік турне ұйымдастырып, көптеген жерге барып Майктың қабілеттерін көрсетеді. Және сол үшін 25 центтен алады. Майк тіпті Гиннестің рекордтар кітабына кіреді. Оның өмірі 10000 долларға сақтандырылады. Өкінішке орай әлгі оқиғадан тура бір жарым жыл өткеннен кейін, яғни 1947 жылдың наурызында Финикстегі мотельде ауа жетпей қайтыс болады. Ллойд дәл уақытында Майктың тамағын тазалау үшін пипеткасын таппай қалады.

 Майктың өлімінен кейін оған ескерткіш орнатылды және Фруита қаласында жыл сайын оған арналған фестиваль өтеді.
+4 дауыс
Басы жоқ, ақылсыз адамдардың барлығын жануар/құс/жәндік/затқа теңей берсек, сол пікірді айтқан Біз  басы жоқ/ ақылсыз боламыз. сондықтан жалған....
<br>
Ойбууу, басқаша түсініп қойғаным ба сұрағыңды...?
<br>
Басы жоқ тауықты түсіңде көресің...Бірақ, факт: Бассыз бәленше (10/15) минут/секунд мертікпейтін жануар-құстар, hәм жәндіктер баршылық...
Тауық дегенде тек еті пайдаланатын тауықтың түрі қолдан жасалған
қолдан жасалған тауық түрі несс...КурыГриль ?  _________ еті пайдаланылатын....Тірі үй құсы ? ------------- несі болса да пікірім: жоқ, болмайды.
+1 дауыс
)) Бірінші рет естіп отырмын...)) Бассыз тауықты елестетудің өзі қиын. Меніңше, болмайды-ы-ы!)
+4 дауыс
Тауық құс емес,
Жалқау кісі емес,
Бос сөз іс емес .....десең,ә?:D
Міне, өнер деген қайда жатыр?! Бекер "Өнер адамы" емес екенсіз ғой)) +1
+1 дауыс
Басы жоқ тауықты түсінде көресін... Бұрын Майк атты әтеш 18 ай бойы басы жоқ күйінде өмір сүріпті...  Негізі өмірде не болмайды? Өмір болған соң бәрі болады.
осы тауықтар дем ала ма /вдох-выдох/ ? бір жыл бойы бассыз  өмір сүрсе.... ғы
Қалай сонда?? 18 ай бойы бассыз тіршілік етіп келген бе?! Қызық екен)) Естімеген елде көп.
мен сенен түсімде не көрем деген жоқпын. Сұрақ қойдым анық жауап бер , бере алмасаң қиналмай ақ қойш
+1 дауыс
басы  жоқ  тауықтың  суретін  салсаң   басы  жоқ  тауық  болады,  тауықты  ойлап  жүрген сенде  қызық  адам екенсің?
+1 дауыс
Тауықты сойғанда жаны шыққанша ұстамаса, бассыз біршама уақыт өмір сүре алады.
+1 дауыс
Басы жоқ тауық ол ГРИЛ ғой. Егер басы жоқ тауықболса тек қана мұздатқыштың ішінде болады.
+1 дауыс
Былай ғой. Құс фермасына барып, сояйын деп жатқан тауықтың біреуін сатып аласың. Сойтесің де басын балтамен шауып жібере саласың. Ол жерге түскен соң құламайды, тепетеңдігін сақтап аяғынан тік тұра алады. Сөйтіп 2 минуттай әрі - бері шапқылайды. Міне сонда басы жоқ тауықты көресіз. Деп айтқан еді бір КВН - де. Мүмкін расында солай жасап көрген шығар.
Баяғыда басы жоқ тауықпен қоян төбелесйіндеп жатыр екен,Сонда тауық айтат дейді:*қоян бастан соғу жоқ деп*
Өтпейтін прикол керек емес

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
13 жауап
...