+2 дауыс
891 көрілді
Біздің батыс жақта көрісу деген дәстүр бар. 15 наурыздан бастап кішілер үлкендерге, көрші-қолаң, ағайын-туыс бір-біріне, ал, бала-шағалар әр үйге кіріп, көрісіп құттықтап шығады. Тек келіндер аталарына және қайынағаларына көрісуге болмайды. Ер адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер жағы да құшақтасып, беттерінен сүйіп, көрісіп жатады.. Ал сіз жақта ше ? Біреулерден естуім бар еді ,батыстан басқа жерлерде мұндай дәстүр жоқ дейді . Сол рас па?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
көрісу батыс аймағында ғана сақталған ежелгі дәстүрлердің бірі,бұл күні ауыл турғындары жасың құтты болсын деп тілек айтады!Көрісу тек адамдардың бір бірімен амандасуы емес,үлкендерге ізет көрсетіп,ілтипат білдіретін дәстүрлі көрінісі
0 дауыс
Батыс та барғо бірақ алматы жақта жоқ сияқты баяғы да қоңыр тобына бір жасыңызбен десем ау ол не дейді!
Бәсе-е , мен де Алматыдағы туыстарыма бір жасыңызбен деп қолымды беріп көрісейін десем түсінбейді. Айтпақшы, батыстансыз ғой , түсінетін шығарсыз))) Жасыңыз құтты болсын))
0 дауыс
Алматыда және Алматы облысында бұндай дәстүр жоқ.
+2 дауыс
"Көрісу" деген кейбір оңтүстік аймақтарда , адам қайтыс болғанда ,көңіл айтуға келгендер, қайғыға ортақтасып, құшақтасып,жылайды. Алматыда  өзіміз  Наурызда және жалпы мерекелерде міндетті түрде үйіне барып, сәлем беріп амандасып шығатын силы әрі жасы үлкен адамдарымыз бар. Бірақ біз бұны құдай сақтасын !, "көрісу" демейміз, сөлем беру дейміз.
Мен Таразданмын,біздерде де сәлем беру деп атайды.
0 дауыс
қателеспеңіз,көрісу күні 14 наурыз және бұл дәстүр қаймағы бұзлмаған батыста соның ішінде Маңғыстауда жақсы сақталған
Солай ма, бізде 15 -інен бастап көрісеміз
0 дауыс
Осы көрісу жайлы наурыздың 14-15терінде біршама адам өз ойларын жазған сияқтығой
...