0 дауыс
44.0k көрілді
Шетелдің азаматтығын  алып, Қазақстаннан  кетіп жатқандар қазақтар жөнінде қандай ойдасыңдар?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Бұл мақал өз отанын,елін сүйген адамдарға айтылған деп ойлаймын.Ал кетіп жатқан қазақтарға келсек,құптайтын,құптамайтын жағы да бар.Құптайтын жағы кетіп жатқандардың көбі жағдайы болмағаннан кетіп жатқан шығар.Отбасын асырау керек деген сияқты.Құптамайтын жағы кеткендер барған жеріне жақсылап орналасып алса,кері қайтып келетініне күмән бар.Онсыз да өзіміз аз қазақтармыз.Менің өз ойым.
0 дауыс
Өзге елде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол деген сөздің мағынасы :басқа елде лауазымды,сыйлы кісі болғанша өз еліңнің құлы бол деген ғой
0 дауыс
Шетелдің азаматтығын алып, Қазақстаннан кетіп жатқандар қазақтар жөнінде қандай ойдасыңдар? Ар-ұяттан жұрдай, намыссыз, сатқындар)) өзге ел өз елiңдей болмайды, қазақты қазақ түсiнед дегендей))
+1 дауыс
Менің ойымша  бұл мақалдың мағынасы былай: өзге елде лауазымы жоғары адам болып жүргенше, өз еліңде жай ғана қарапайым жұмысшы болып жүрген артық. Өз елін сүйетін адамдар солай жасайды. Көптеген адамдар кетіп жатыр, олардыкі дұрыс емес.  Бірақ оларды сатқындар деп айта алмаймын. Сатқындар елімізде  ашаршылық, соғыс  болып жатқан кезде туған жерін тастап Моңғолия, Қытай т,б жерлерге қашып кеткен адамдар.

Ал Қазақстаннан кетіп жатқан адамдардың әрқайсысында бір себеп бар, кейбіреулер сүйетін адамдарының артынан кетіп жатыр, кейбірі алданып, ақша табу үшін кеткендер  , мансап қуып кеткен адамдар да бар...  Бірақ оларды жазғыруға болмайды.. Бұл менің жеке  пікірім))
Сонда Қытай, Монголия жерінде мекен етіп келген қазақтар,түгелдей дерлік сатқындар ма? Қате ой сияқты, тағы да ойланып көрші !
Барлығы деп айтқан жоқпын ғой ,онда түрлі басқаша себептермен кеткен адамдар да бар. Мен бұрынғыыыыыыыыыыыыыыыыы кезді айтып тұрмын,  ашаршылық болып, соғыс болып жатқанда өз елін қорғаудың орнына жүгін  жинап алып, елін сатып кеткендер сатқын демегенде кім енді?!
+1 дауыс

Жақсы жақсы сұрақ қойыпсың! Дегенмен де қазір елімізден кетіп жатқан қазақтардан,елімізге келіп жатқан қазақтардың саны артқаны қуантарлық жағдай екенін қайта-қайта айтқым келеді. Ал кетіп жатқан азаматтардың қайта елімізге ораларына кәміл сенімдімін! Біздің елге жетер ел жоқ қой! "Айтуға оңайда" өткен күнгі бағдарламасындағы "цифрлар" бұл сөздерімнің айғақтығын дәлелдейді!!!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
–1 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
...