Қолын дерт көрмесін, керемет!)) Менің анама осындай пысық келін керек))
Айсара,сені өкпелеткім де,ренжіткім де келмейді,бірақ айтпасам болмайды. Мына қосқан тағамың бесбармақ болса болар,бірақ қазақтың ұлттық тамағы қазақша ет емес. Қазақша етте ет өнімдері мен жайма қамырдан басқа тек қана тұздық болады.Бұрынғы кезде біздің ата-бабаларымыз көкөніс шаруашылығымен айналыспаған, негізгі шаруашылығымыз мал өсіру болған. Сондықтан да техникасы,базары жоқ ол заманда сәбіз,кортоп,укроп дегендерді қолдана бермеген. Ол бір,екінші кортопты етпен бірге салсаң ет піскенше картобыңды таппай қаласың,езіліп кетеді, үшіншіден қазақ етінің бетіне тұздық құяды,шикі пияз турап салмайды. Төртінші,әрі ең бастысы қазақтар табақ жасағанда қамырдың бетіне етті мүшелеп салып әркімнің сыбағасымен әкеледі дағы,дастархан үстінде әркімнің тиесілі сыбағасын ұсынғанан соң турайды,ол қонақты силаудың басты бергісі. Ал етті асханадан турап дайындап әкелу, кәделі жілік болмай қалғанда ұялмау үшін жол тапқандық есебінде саналған.
Еңбегің мен ниетіңе + қойдым.