+1 дауыс
6.1k көрілді
Қазақстан 70 жылдай Кеңес үкіметінің құрамында болғаны белгілі.Еліміз осы кездерде бар қайғы-қасіретті көрді.Көп халықтан айырылды.Бірақ,КСРО-ның жақсы жақтары да болған екен.КСРО-ның қандай жетістіктері,елімізге тигізген қандай пайдасы бар?

4 жауап

+1 дауыс
Әрине пайдасы болды.Ғылым,білімді солар алып келді бізге.Жарық жүргізді,үйлер,мектеп,ауруханалар.Соларға қажетті маман болуды солардан үйрендік.Тұрмыстық техника,көліктер бар тағы.Көп қой.Орыстарды жақтырмасам да оны мойындаймын.Бірақ жақсылығынан жамандығы көп болды,қазір де кесірін тигізіп жатыр.Бұл менің өз ойым.
+1 дауыс

Қазақ елі КСРО дан не  алса соны екі еселеп қайтарып берді емеспе. Мал да жан да , азық түлік, егін жер бары соларға өтті! Теріс саясаттың кесірінен  қаншама адам өмірі үзілді. Оларды жоқтай бергенмен қайта келмейтіні  белгілі. Ал енді КСРО дан не алдық дегенге келсек, бір ақ нәрсеге көңіл толады! Ол- Білім!  Қаншама жас ұрпақ білімге қолы жетіп, көздері ашылды . Енді  сол кездегі қазақтың шеккен қайғы қасіретінің өтемі ретінде  сол кездегі жастардың алған білімі , надандығынан айырылғандығы  өтем бола алама , жоқ па ? Бұны өз басым әлі шеше алмадым.

Қазір КСРО жоқ,бірақ неден қарық болып жатырмыз. Сапасыз білім,сауатсыз  ұрпақ,
жайлаған коррупция,жайнаған ауылдың түрі анау.Бірдеңені  өз көзімен көргендей жазып отырған сендер,түсінбеймін.
Өз көзіммен көрмедім! Бірақ оқыдым. Білем. Осы күнге , осылай жетуім  әке шешемнің арқасы! Ол кісілер сол заманды бастан өткізген жандар. Егер олар оқымаған , надан жан болғанда  кім біледі мен де надандықта қалар ма едім! Қуанышыма орай олар Оқыған көзі ашық жандар!  Міне менің КСРО га қатысым) Ал сенің коррупция , сапасыз білім дегендерің Тәуелсіздіктен кейін пайда болды емеспе!
Дұрыс айтасың,менде соны айтып отырмын.Демек әке-шешең оқыса КСРО-ның да жақсы жақтары болғаны,пікірді түсініп оқы.
0 дауыс
Ол кезде бай, кедей деген ұғым болмаған(кітаптарға, ата-аналарымыздың сөзіне сенсек).Идеология мықты болған. Мысалы, сахнаға қазіргідей ақшасы барлар шыға бермеген.

Сосын, мемлекеттік басқару жүйесі мықты болған.

Зинақорлық(жеңіл жүрісті қыздар) болмаған.
0 дауыс
Тың игеру кезінде индустрия дамыды, егіншіліктің жаңа түрлері дамыды, жаңа техника-механика пайда болды, жаңа зауыт-фабрикалар пайда болды!!
...