Ертегі бойынша: "Бір баяғыда шал мен кемпір болыпты. Олардың қоймасындағы астықтың бәрін тышқандар шашып тастайды екен. Бір күні қойма тап-таза, ішінен мысық шығыпты. Оны көрген кемпір мен шал мысықты қолдарына үйретеді.

! Сонымен бір күні шалдың қорасына қасқыр түседі оны ит қуып шығады. Ит адамның досы. Жеті қазынаның бірі. Сосын итті де асырап алады.

Бірақ бір күні шалдың ақшасы жоғалып қалады. Ит пен мысық егесіне жақсы атанбақшы болып ақшаны іздейді. Ақшаны бірінші ит тауып алады. Оны көре алмаған мысық арамдық ойлайды. Итті алдап, ақшасын тартып алады да егесіне апарып береді. Мұны көрген шал мысықты құшақтап қуанады. Ал ит болса өкініп, содан бастап мысыққа өшігіп жау атанады"