+1 дауыс
4.0k көрілді
Неге иттер мысықты жақсы көрмейді?????????????

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Неге иттер мысықты жақсы көрмейді? 

Себебін мен осы мультфильмді көргесін түсінген едім бұрын)) сіздерде қараңыздар

Ит пен Мысық

Жауабыңызды тапқаныңызға қуаныштымын )
+1 дауыс
Өйткенi, иттер мысықтың үйде жылы жерде отыратынына жыны келгесiн шығар =))
хехе))))
+2 дауыс
Ертегі бойынша: "Бір баяғыда шал мен кемпір болыпты. Олардың қоймасындағы астықтың бәрін тышқандар шашып тастайды екен. Бір күні қойма тап-таза, ішінен мысық шығыпты. Оны көрген кемпір мен шал мысықты қолдарына үйретеді. ! Сонымен бір күні шалдың қорасына қасқыр түседі оны ит қуып шығады. Ит адамның досы. Жеті қазынаның бірі. Сосын итті де асырап алады. Бірақ бір күні шалдың ақшасы жоғалып қалады. Ит пен мысық егесіне жақсы атанбақшы болып ақшаны іздейді. Ақшаны бірінші ит тауып алады. Оны көре алмаған мысық арамдық ойлайды. Итті алдап, ақшасын тартып алады да егесіне апарып береді. Мұны көрген шал мысықты құшақтап қуанады. Ал ит болса өкініп, содан бастап мысыққа өшігіп жау атанады"
)))))) күшті)))
Рахмет ұнаса болды ғой! (rofl)
Белгісіз
ертегі жақсы екен)))) жауап бергеніңізге рахмет!
0 дауыс

Мен бір жерден оқыған едім! Ит пен мысықтың  түсінісе алмау себебін. Ит пен мысық екі түрлі  сөйлеседі ! Мысалға: Ит алдыңғы аяғын көтерсе, ойнағысы кеп тұрғаны. Ал мысықтарда ол " Жақындама, әйтпесе көкеңді танытам" дегенді білдіреді! Егер ит құйрығын бұлғаңдатса еркелегені. Ал мысық құйрығын бұлғаңдатса айбат шегіп ашуланғаны. Меніңше шындыққа келетін секілді)  Егер оларды кішкентай кезінен бастап бірге өсірсе жауласқанды қояр!

0 дауыс
Менің итім мен мысығым керемет дос, екеуі бірге тамақ ішіп,бірге ұйықтайды.
Қыста мысық далаға шығып кетіп , ұзақ уақыт жоқ. Содан жоғалып кетті ме деп  "Багира" деп айғайлап іздеп жүрсек, иттің үйшігінен шығып келе жатыр.Ал бізідң итіміз кавказский овчарка,өзміз таң қалдық ! Тоңғанынан иттің қойнына кіріп кетіпті. Ит ақылды ғой біледі, мысығымыз да біздің уйіміздің бір мүшесі екенін.Ал бөтен мысық кірсе қораға онда қатты үреді.
күшті екен мысықтарыңыз да, иттеріңіз де))))
0 дауыс
Саған қарсы сұрақ қояйын, мысықпен тышқандар неге бір-бірін жаман көреді?)))) [жеп қою, азық мағынасын айтпай басқа мағынасын айтыңдарш))))]
Мысық пен тышқан бөлек әңгіме! Себебі мысық жыртқыш ал тышқан жемтік!
Сұраққа сұрақпен жауап беретін адам сұрақтың жауабын білмейді...)
+1 дауыс
Иттердің барлығы дерлік мысықтарды жек көрмейді! Иттер тез достасып үйренісіп кететін жануар. Егер сіздің үйіңізде ит болса ол сізден бастап үйіңіздегі барлық адамды өзінің отбасы деп біледі. Оларға еркелейді және оларды қорғайды. Сол үйдің мысығына да үйренген болса оны да отбасы қатарына жатқызады! Иттер жалпы бір нәрсемен танысқанда иіскеп, тістеп көргенді жақсы көреді емеспе) Мысықты қызық көріп танып білгісі келіп иіскеп, түрткілеп тістеп те алады) Ал мысық оны өзіне қауіп ретінде сезініп тырнағын ала жүгіреді немесе қашады! Бұл жерде түсінпеушілік туындайды! Бірақ кейбір иттер мысықтарды сондай ызақорлықпен қуады тіпті түсінбейсің. Өз жерін қорғаума әлде конкуренцияма. Мүмкін іші пысатын болар...





Екінші фотода екеуі құшақтасып тұрып , ұйықтап жатыр ғой! (rofl) Дамыған Европа елдерінде зоопсихолог деген профессия бар екен, жануарлардың мінезін зерттеп, талдау жасайтын.Егер иті мысығына немесе өзіне агрессия жасаса, не себепті екеніңе психоанализ жасап береді екен.Ал біздің артта қалғандығымыз сондай, психологтар  мақұлық тұрмақ , тілі бар адамға да дұрыстап психоанализ жасай алмайды.
Онда осы сәттен бастап алға ұмытылайық! Артта қалғандығымыздан құтылайық!
P.S: үшінші суретте екі тентек бір нәрсе бүлдірмекші)
Фотоларың керемет,адамның көңілін көтереді екен ! Ай , Мырқымбай мен Салпаңқұлақ, сұғанақ болмаңдар !!! :D(rofl)
Суреттеріңіз жақсы екен)))
Гүлжан нақты жауап ала алсаң,ЖЖ таңда!!!!!!!!!!!!!!!!!!
әлі нақты жауап алған жоқпын, кейін белгілеймін!

Ұқсас сұрақтар

...