Қазақтың жаңа жылын қалай насихаттасақ болады?

0 дауыс
367 қаралым
Кейінгі кездері қазақтың төл жаңа жылы - Наурыз мерекесін халық болып тойлау бәсеңдеп қалған сияқты. Жалпы, 1-қаңтарда христиан елдерінің мерекесін тойлаймыз деп санамызды мәңгүрттендіріп алдық. Әкесі баласымен шампанский ішеді сол күні. Ал неге қымыз, шұбат ішіп мәре сәре болатын ұлыстың ұлы күнінің насихаты әлі күнге дейін нашар. Неге сол күні біз бір-бірімізге сыйлықтар бермейміз, неге ұл-қыздарымыз бұл күнді "жаңа жыл" деп қабылдамайды?
• Санаты: Салт-дәстүр туралы

2 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
Жастар наурызды емес 31 желтоқсанды асыға күтеді.Себебі,кішкентай балалар наурызда сыйлық алмайды,ал 31 желтоқсанда алады.сондықтан желтоқсанды асыға күтеді,ал наурыз мерекесіне көңіл бөлмейді.Наурызда жастарға ұлттық ойындарымызды насихаттайтын көкпар,қазақша күрес,қыз қуу ойындарына жарыс ұйымдастыру қажет.Біз Валентина күні келгенде ашық хаш сатып алып бір-бірімізге таратамыз,ал наурызда таратпаймыз.Керісінше Валентинаны ұмытып,наурырға арналған ашық хаш сатып алып,қазақы сувенирлерді бір бірімізге сыйлап,наурыз мерекесін дастархан жайып тойласақ күшті болар ед...
+1 дауыс
Себебі, Наурыздың шырша, Аяз ата, сыйлықтар, арнайы әндер сияқты атрибуттары жоқ. Тек наурызкөже ғана бар. Сондықтан Наурыздың атрибуттарын ойлап шығару керек.
Келісемін, мәселен қандай атрибуттарды ұсынатын едің?

Ұқсас сұрақтар

127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы