Шыңғыс хан батыр ма, жауыз ба? [жабық]

+2 дауыс
12.3k қаралым
Қазіргі таңда жер жүзін дүр сілкіндіріп, Отырар қаласын жермен-жексен еткен  Шыңғыс  хан туралы пікір таластар өте көп... Тіпті оны қазақ деп жүргендер де аз емес. Сіздің ойыңызша ол батыр ма, жауыз ба? Біз оны қаншалықты құрметтеуіміз қажет?
Сұрақтың жабылу себебі: Жауап алынды....
• Санаты: Тарих сұрақтары

23 жауап

0 дауыс
Менің ойымша шыңғыс хан батыр әрі жауыз
+1 дауыс
Шыңғыс хан,Гитлер,Напалеон, Ескендір, бұлар өз елінің мақтанышы және батыры ал бағындырған мемлекеттерге әрине жауыз бұл менің жеке ойым
Қазақ хандарының бәрі сол Шыңғысханның тікелей ұрпақтары ғой. Жақында ғана Қазақ хандығының 500 жылдығын атап өттік емес пе?  Сендер не деп отырсыңдар? Монғолдарда хан болмаған , оларда қоңтайшы деп аталған. Ал  Шыңғысханның  руы Жалайыр, ал Жалайырдың шын есімі Меркіт (Мерке).  Орыс пен Қытай қазақты құрту үшін бізді өз ханымызды жауыз қылып көрсетуге тырысты, әлі де тырысып жатыр.  Қуана бер Шыңғысхан сенің менің тікелей атамыз! Міне шындық!
0 дауыс
Мен бір сөзден айта алам ол нағыз ЖАУЫЗ !!! Біз оның балаларының ұрпағы екенінміз үшін оны батыр деуіміз нағыз ақымақтың пікірі.
Қазақ хандарының бәрі сол Шыңғысханның тікелей ұрпақтары ғой. Жақында ғана Қазақ хандығының 500 жылдығын атап өттік емес пе?  Сендер не деп отырсыңдар? Монғолдарда хан болмаған , оларда қоңтайшы деп аталған. Ал  Шыңғысханның  руы Жалайыр, ал Жалайырдың шын есімі Меркіт (Мерке).  Орыс пен Қытай қазақты құрту үшін бізді өз ханымызды жауыз қылып көрсетуге тырысты, әлі де тырысып жатыр.  Қуана бер Шыңғысхан сенің менің тікелей атамыз! Міне шындық!
0 дауыс
Кайырханын халкынын коз жасына калды дегенге мен ешкашан косылмаймын ол халкы ушин азатыгы ушин корлык корген адам шынгысханын букил алемди бирге жаулап алайык деген сози алдамшы соз шынгысхан елди басып алу ушин артурли айлага барган типти ол саудагерлерин тыншы етип жиберип  отырган  саудагерлерин олтируден тайынбайды онын ойлаганы тек байлык казына жер букил алемди онын улдары билесин деген пикир
хорезим шахы мухамед 400 мын аскери бола турып неге комектеспеди екен алайда комек болганда жумыла котерген жук женил деген емеспе  мухамед шахтын кателиги кайырхан бастаган аскерлермен мухамедшах бастаган аскерлер кала ишинде емес сыртында тойтарыс беру керек еди
жошыхан кыпышактарды жаксы корген жане мусылман динине аздап мойын бурган типти ол озинин акесин шынгысханын коп елдин коз жасын калганын билген  онын таразысын биз емес кудырети кушти аллах тагала талкылайды алайда шынгысхан ертенги болашак урпак таразысын береди деген олда рас казир биримиз шыгысхан жаксы биримиз кайырхан халкынын коз жасына калды деп талкылап отырмыз умытпандар Кайырхан кудырети кушти аллага багынган онын жаны оз заманында кыйналса аиуандыкпен олтирилседе ол о дуниеде жаны жумактан табылсын деп тилейк  ол биздин атамыз улы колбашы отырар ханы жаудан ен узак корганган батыр
0 дауыс
ол мангол елинин батыры биз монгол ханы шынгысханын урпагымыз дегендер монголдын тилин тусне алаламекен
кайыр сен түсінбедің !   Қазақ хандарының бәрі сол Шыңғысханның тікелей ұрпақтары ғой. Жақында ғана Қазақ хандығының 500 жылдығын атап өттік емес пе?  Сендер не деп отырсыңдар? Монғолдарда хан болмаған , оларда қоңтайшы деп аталған. Ал  Шыңғысханның  руы Жалайыр, ал Жалайырдың шын есімі Меркіт (Мерке).  Орыс пен Қытай қазақты құрту үшін бізді өз ханымызды жауыз қылып көрсетуге тырысты, әлі де тырысып жатыр.  Қуана бер Шыңғысхан сенің менің тікелей атамыз! Міне шындық!
0 дауыс
Шыңғыс хан өз халқы үшін батыр,кейбір ұлттар үшін жауыз.  Ол өз елінің патриоты, дәуренінде елін дамытуға зор күш салған батыр. Бірақ та менмендіктен жас әйелдерге дейін өлтіргені, Отырарды қиратқаны үшін әлемге жеккөрінішті болды. Егерде ол өзіне тең көрмеген Қайырханды өлтіргенде мұны түсінер еді, ал Отырар ханына ерегісіп бейбіт мыңдаған халықты қырып жойып, Еуразиядағы ірі қаланы, білім ошағын жойғаны дұрыс емес, осынысы үшін оны зұлым деп есептеймін. Шыңғысханның орнында болсам, тек Отырар ханын өлтіріп орнына өз адамымды отырғызар едім, ал халыққа тиіспес едім.

Саудагерлерді Отырарға тыңшылыққа керуенге қосып жіберген, ал бұл әдісті Щыңғысханның бұрынғы жорықтарынан білетін Қайыр хан әдейі тыңшыларды қалаға кіргізбес  үшін  өлтіріп дұрыс істеді. Ал Шыңғыс хан бұны себеп ретінде пайдаланып Отырарды шапты.  Оның ең үлкен зұлымдығы осы.  Әйтпесе Шыңғыс хан - стратег, дипломат, патриот, халқы үшін жанын беретін батыр еді.
+1 дауыс
Шыңғысханды жауыз не батыр деу айта салуға оңай. Егер мықты қолбасшы болмаса соңынан халық ермеуші еді ғой. Ең алдымен ол туралы оқып жүрген тарихты кім жазғанына мән беру керек.

Ол өмір сүрген кезде Қазақ елі болмаған, біз қазақтар сол Шыңғысханның әскерінен туған ұрпақ екеніміз шындық, өліп қалған Қайырханнан қалай ұрпақ қалады. Біз жеңген жақтың ұрпағы болғандықтан ренжімеуіміз керек. Совет заманында жазылған тарих болғандықтан сене берудің қажеті жоқ, ол кездегі саясат солай болған және сол кезде тәрбиеленген ұрпақ Шыңғысханның Қазаққа қатысы бар екенін қабылдай алмайды. Ал Отырар және басқа қалаларды Шыңғысханның әскері қиратпаған, ол қалаларда одан кейін де адамдар өмір сүрген.  Сырдарияның арнасы алыстап кеткендіктен бұл қалаларда тұру тиімсіз болып халық көшіп кеткен. Шыңғысхан мемлекет құрып заңмен қорғап тұрғандықтан қамалдарға тығылудың қажеті болмаған.

Шыңғысханның Қазаққа қатысы барлығы олардың ұрпақтары Төре руының қазақта болуының өзі дәлелдеп тұрған жоқ па, оның үстіне сол Шыңғысханнан тараған Абылайхан, Әбілхайыр сияқты хандарды дәріптеп, ал олардың басты атасы Шыңғысханды жауыз санау Қазақтың шынайы тарихына жасалған қиянат емес пе!

Шыңғысхан Қайырханды өлтірді екен деп ренжиміз, ал Кенесары ханды өлтірген-өлтірткен кім екен! Қазіргі дамыған мемлекетпіз деп көкірек керіп жүрген елдердің барлығы, тіпті Ресей де сол Шыңғысханның жеңген әскері мен солардың қатарына қосылып кеткен халықтардың ұрпағы, тек шешелері бөлек болғандықтан тілдері бөлек. Князь аталып жүргендердің барлығы Шыңғысханның оның туыстарының ұрпақтары "кінә-аз" деген сөзден шыққан, Шыңғысхан оларға "сенің ұрпақтарыңның күнәсін кешірдім" деп айдар тағып кеткендіктен солай аталады. Тіптен Қытайдың өзі де Шыңғысханның арқасында бүкіл қытай халқының басын біріктіріліп үлкен ел болдық деп дәріптеп отырғанда біздің Қазақтардың "ойбай жауыз ол" деп байбалам салып кертартпа болып отырғанымыз өте өкінішті.

Басқа елді басып алсақ деген ой қай адамда болса да бар екені ақиқат. Ал басқа елмен тату дос қарымқатынаста болсақ деп бейбітшілікті ойлайтын ел аз-ау бірақ.
0 дауыс
Досбол сесің айтқаның 100% қате. Ешқандай деректе ондай оқиға айтылмаған. Бөліп билейік дейтіндей ол кезде Қайырхан Отырардан басқа жерге аса бір беделі жүретіндей мықты болған жоқ. Саудагер анау мынау ол тек сылтау ғана. Біз Шыңғысханды құрметтейтіндей Алтай мен Атырауға дейінгі жерді сақтап қалған Абылай емес. Ал бірақ мойындаса да мойындамаса да ол тарихтағы номер 1ші ұлы қолбасшы болып қалады.
Ол заманда (Х11-Х111 ғасырлар)  Шыңғысханның арғы аталары құрған Қарахандар қағанатын парсылық бағыт ұстанған Хорезмшах жаулап алды. Бүгінгі қазақтың қаласын қиратты деп Шыңғысхан атамызға басты кінә қылып тағатын Отырар қаласы, осы жаулаушы елге қарайтын. Осы қаланың Хорезмшах тағайындаған билеушісі Қайырхан дүниеге қызығып, Шыңғысхан атамыздың елшілерін өлтіріп, керуенін тонап, қазаққа сатқындық жасады. Шыңғысхан Хорезм патшасынан елшіге қиянат жасаған Қайырханды өзіне беруді немесе жазалауды талап етті. Ол Шыңғысхан атамыздың заңды талабын орындамады. Осы талапты жеткізуге барған Шыңғысхан елшілерінің басын тағы шапты. Амалы таусылған Атамыз бар-жоғы жүз елу мыңға жуық сарбаздарымен Хорезмшахқа қарсы жазықсыз өлген елші-саудагерлерінің (бес жүзден астам  адам) кегін алуға және туған (қазақ) даласын жат-жұрттық жаулаушылардан азат етуге аттанды. Сол жорыққа шығар алдында атамыздың таудың басына шығып, мойнына бұршақ салып, Тәңірден тілек тілегені сол замандағы барлық еңбектерде жазылған (Бұршақ салып Тәңірден тілек тілеу» қазақтан басқа ешкім де жоқ). Ол кезде Хорезм патшасының төрт жүз мың тұрақты әскері бола тұра (және ол осынша әскерді бір айда жинап ала алатын еді) Шыңғысханға қарсы тұра алмай, қамалдарға жасырынып қорғанды. Себебі, ол өз әскерінің дені қазақтардан, әсіресе қаңлы және басқа қазақ руларынан болғандықтан Шыңғысханмен ашық айқасқа шығудан, оларды өз еліне қосылып кетеді деп қорықты. Атамыз өз сарбаздарына сатқын Қайырханды тірілей ұстауды бұйырды. Ол өзінің қазақ халқының алдында істеген кінәсінің кешірілмейтінін біліп, ақтық демі қалғанша айқасып, бүкіл қала халқының қырғынға ұшырауына себепкер болды. Ол қала халқының жағдайын тіпті де ойлаған жоқ, ол өзінің мына жарық дүние де бір күн болса да тірі жүре тұруын ғана ойлады. Атамыздың тапсырмасы мүлтіксіз орындалып Қайырхан тірілей ұсталды. Шыңғысхан Қайырханды ұстаған бойда өзінің жеке билігімен өлтіре салған жоқ, оны қазақтың билері ежелгі ата салтымыз бойынша тергеу жүргізіп, барлық кінәсін мойнына қойып, бүкіл халық алдында қазаққа жасаған сатқындығы және дүниеқоңыз, ашкөздігі үшін өлім жазасына кесті. Саған керегі ел емес, дүние (алтын) екен ғой, ал онда керегіңше деп, оның дүниеден басқа ештеңені көрмеген көзіне, жазықсыз жандардың (бес жүз адам) зарын естімеген құлағына, тойымсыз аузына алтынды ерітіп құйды.
    Бұл әрекет баяғы Маңғыстаулық Дайлардың жесір ханшайымы Тұмар ханымның парсы патшасы Кирдің басын қанға толырылған торсыққа салып «Іш керегіңше» деп қақпаға іліп қойғанымен толықтай сәйкес болып тұрған жоқ па?
Міне осы әрекеттер де ақыл-есі бүтін жандар үшін қаншама ғибрат жатыр:
а. Адамдарға туған еліне (ұлтына) сатқындық жасаса, жазасыз қалмайтынын ескертті;
ә. Адамдарға туған еліңе сатқындық жасасаң, ұрпағының атын атап, мақтанудың орнына ұялып безетінін білдірді;
б. Дүние қуалаудың соңы сені сондай ашкөздікке ұрындырып, өзгенің мүлкіне көз алартуыңды санаңа сіңіретінін ескертті;
г. «Елшіге тимес болар» деген атам қазақтың ең ұлы салтын бұзғандардың қандай жазаға ұшырайтынын айшықтап кетті;
ғ. Ең бастысы бұл жерде бүкіл мемлекет билігі басында жүргендерге ешқашан қателесуге болмайтынын білдірді.
Түсініктеме: Хорезм патшалығының орталық астанасы қазіргі Түркменістанның Ташауыз облысы Көнеүргеніш қаласы болды. Олар ол заманда да, қазірде де қазаққа жатпайды. Басқасын былай қойғанда, олардың бізден тілдері де басқа болды.
Қазақ даласындағы барлық рулар, елдер Шыңғысханға өз еріктерімен, шын ниеттерімен қуана қосылды. Ал, Қайырхан қазаққа сатқындық жасады. Сол үшінде тиісті жазасын алды.
Отырардың күйреуінің біз білетін ақиқаты осы. Құрметті Оқырман! Өздеріңіз ойлап көріңіздерші. Әйтпесе, оны тірідей ұстатып, бүкіл халық алдында билердің үкімімен жазалап, оның көзіне, құлағына, аузына алтын ерітіп құюдың қаншалықты қажеті бар еді. Көптің бірі сияқты басын қылышпен шаба салса болмас па еді.
        Сол сияқты кейбір тарихшылардың (әсіресе батыс, орыс) Шыңғыс ханды қала мәдениетін жойып жіберді дегендері шындыққа жатпайды. Ол қалаларды жоқ қылған жоқ. Соғыстың аты соғыс, ол бағынбаған қалалардың қорған қабырғалары мен күзет мұнараларын ғана қиратты. Ал халыққа тиген жоқ. Шындығында да, бұрынғыдай бір ел болып бірігіп, барлық көршілерімен тату-тәтті араласып отырған елге қамал-қорғанның, күзет мұнараларының қандай қажеттігі бар. Осы айтқанымның дәлелін атақты саяхатшы Марко Поло кезінде хатқа түсіріп жазып кеткен. «Белгілі бір аймақты жаулап алған ол елді жәбірлеген емес, меншік құқына тиген жоқ, тек олардың арасына өзінің бірнеше адамын ғана қалдырып, жаугершілік сапарын әрі жалғастырды. Бағынған ел өздерінің көршілерден қорғалып тұрғанын, бағыныштылығынан еш зиян көрмейтініне көзі жеткен соң, сондай – ақ, әміршінің билеуші ретінде шапағатты екенін көргеннен кейін оған жан-тәнімен беріліп, бұрынғы жаудан таза берілген қызметшіге айналды» деген. Бұл дерек Ә.Спанның «Шыңнан-Шыңғысқа» деген еңбегінен алынды.
         Бұл жайлы Италияндық саяхатшы әрі көпес Франческо Пеголетти өзінің «сауда ісі» (1340 жылы жазылған) атты кітабында Тан (Донның төменгі ағысындағы Азақ деген қаланың итальянша аты) қаласынан қытайға дейінгі бағыт күндіз-түні толық қауіпсіз дейді. Ал сол Пеголоттидің есебі бойынша Таннан Қажы-Тарханға (Астраханға) дейінгі аралықты өгізбен 25 күнде, атпен 10-12 күнде жүріп өтуге болады екен (М.Г.Сафаргалиев «Распад Золотой Орды» Саранск. 1960. с 90). Тарихшылардың “тонның ішін теріс айналдырып” тағатын кінәлары тек қана Отырар. Оның күйретілуіне бірден-бір кінәлі 500-ге жуық бейбіт елші-саудагерлерді жазықсыз қырып тастаған Қаразым патшасы (Сартауыл елі)  Сұлтан Мұхаммед пен Отырар билеушісі Қайырхан болып табылады. Қай заманда да елші мен саудагерді жазықсыз өлтіру ешбір елдің заң аясына сиған емес. Бұл жайлы Әбілғазы атамыз өзінің «Түрік шежіресі» атты еңбегінде (68 бет) былай дейді: «Махмут жылауыш Сұлтан Мұхаммедтен рұқсат сұрап, дүние жүзі әміршісінің сарайына қайтты. Сұлтан Мұхаммедпен тіл табысқанына Шыңғыс хан шынайы разы болып, Сұлтан Мұхаммедтің бұған жаманшылық жасамайтынына және өзінің де оған өшпенділікке бармайтынына сенімді болды. Дәл осы кезде Бағдаттың халифы Насыр Шыңғыс ханға елші жіберіп, Сұлтан Мұхаммедтің үстіне бірігіп аттанайық деп ұсыныс жасап еді, оған жасасқан шартты бұзғысы келмей, жағымды жауап бермеді, бірақ Сұлтан Мұхаммедтің бұйрығымен Қайырханның Шыңғыс ханның елшілері мен саудагерлерін өлтіруі бұл келісімді ұзаққа жеткізбеді». Күні бүгінге дейін Шыңғыс ханның да, оның төл жұрты қазақтардың да бір ауыз сөзге тоқтайтынына, уәде жұтып екі сөйлемейтініне ешкім күмән келтірген емес.
Шындығында да, Шыңғыс қаған атамыздың халықаралық үрдісті бұзушыларды жазалауын Алланың бұйрығы деп түсінсек дұрысы сол болар.
«...Қара-Құла – ойраттың тұрғысы еді,
Қырық рудың қарғысы ұрды сені!
Елшіге өлім кескенге қандай жаза
Қолданарын үйреткен – Шыңғыс еді!
Ұшырайды ұзамай апатқа ордаң,
Елші өлтіріп, ел барма атақ қонған?
Ұмыттың-ау, елшіге қастық қылып,
Қаразымның Дәулетін опат болған?!» деп жырлады Маңғыстаудың белгілі ақыны С.Нұржан өзінің 2008 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Ай таранған түн» атты жыр кітабында.
Тарих тағлымы: Сонау Адам атадан бері келе жатқан ұлы қағида «Елдестірмек елшіден...», «Елшіге қиянат жасамас болар».
                                       Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім                 
                                                Маңғыстаудан

Ұқсас сұрақтар

127,759 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы