+2 дауыс
11.8k көрілді
Қазіргі таңда жер жүзін дүр сілкіндіріп, Отырар қаласын жермен-жексен еткен  Шыңғыс  хан туралы пікір таластар өте көп... Тіпті оны қазақ деп жүргендер де аз емес. Сіздің ойыңызша ол батыр ма, жауыз ба? Біз оны қаншалықты құрметтеуіміз қажет?
Сұрақтың жабылу себебі: Жауап алынды....

23 жауап

–1 дауыс
 
Жақсы жауап

Шыңғыс хан- ұлы қолбасшы, бұған ешкім ештеңе дей алмайды. Бірақ оны пенделік қасиеттермен сынайтын болсақ, ол-жауыз.

0 дауыс
Шыңғыс хан - ол жауыз емес, ол өзіне қарсылық көрсеткендерге ғана күйрете соққы берген, отырарды сол кезде басқарып отырған Қайыр ханға Шыңғыс хан "Мына жарты әлемді екеуміз бөліп бейлейік, сен батысты, ал мен шығысты деп айтады" бірақ Қайыр хан оның сөзін тыңдамай бүкіл елді бір өзі бейлемек боп дипломаттары мен саудагаерлерін өлтіріп жібереді бұны естіген Шыңғыс хан ашуланып жорық жасап қиратып басып алады!
Иә Бұның бәрі Қайыр ханның кесірі халықтың көз-жасына қалды, Шыңғысханмен тіреспеуі керек еді !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Белгісіз
Дұрыс бірақ неге шШыңғысхан бір елді жаулар кезінде әдеиі саудагерлерін жіберіп тыңшы етіп содан соң жаулап алып отырды делінген тарихта?
0 дауыс
Шыңғыс хан ( түр. Чингиз Хон ; моңғ. Тэмүүжин ) — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Әрине БАТЫР.
Сіз тарихты дұрыстап ашып қараңызшы, тек маған ашулана көрмеңіз ! "Шыңғысханның Құпия  шежірелер жинағы", Қадырғали жалайыри және Рашид-ад дин кітаптарын оқыңызшы сонда барлығы ашып жазылған
Белгісіз
Kupidonchik*-ға !!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Белгісіз
Шыңғыс хан туралы киноны көргенде де көңілім түсіп кетті, егер  кітапті оқысам жынданып кететін шығармын)))
Абзал,  Шыңғыс хан бүкіл дүниежүзін жаулап алуға тырысты... Оны батыр десек онда Гитлерді да, Наполеонды да батыр деп атайық. Гитлерді жауыз дейміз, бірақ ол қазақтың жеріне особо тиіскен жоқ қой. Ал Шыңғыс хан қазақтың қалаларын жермен-жексен етті. Мұхтар Шаханов дұрыс айтқан! Шыңғыс ханды батыр деуге болмайды.
Әрине ол өте жақсы қолбасшы болған.  Талай жерді басып алу үшін сондай қатал болу да қажет, бірақ Шыңғыс хан өз елінің батыры. Біз, қазақтар, өзіміздің қалаларымызда жоқ қылған Шыңғыс ханды қалай батыр деп айтамыз!
Гитлердің Орта Азияға басқа жоспарлары болды! ("Гитлерді жауыз дейміз, бірақ ол қазақтың жеріне особо тиіскен жоқ қой-дейсің") Ол кезде Қазақстан КСРО атты алып державаның бір бөлшегі ғана болды! Гитлер КСРО-ға шабуыл жасады демек бізге де шабуыл жасады! Егерде олар Сталинград, Мәскеу (атақты Панфиловшылар), ең шешуші Курск шайқастарын жеңіп кеткенде әлі күнге дейін табиғи ресурстары бай бізді айналып өтіп кетеді деймісің? )) ХАХАХА өштім) Ал мына жақтан Жапондықтар Қытайды басып алып біздің де жарты жерімізді Гитлермен бөлісіп алар еді... Тарихты оқу керек!
пфпфпфпфпфффррыпырр  Шыңғыс ешкім үшін батыр болмайды!
ешкімді құтқармаған болса қалай батыр болады!
Белгісіз
Шыңғысхан болмағанда, қытай әлемді жаулап алып қояр еді сол заманда ақ!
–1 дауыс
Қазақтың жерін жаулап, елін қорлаған адамды қалайша батыр деуге болады?! Шыңғыс ханның киносын көргенде осыны ойлап, қаным қараятын. Балаларына осы есімді қоятын қазақтарды түсінбеймін!!!!!!!!!
Кино ваще дұрыс түсірілмеген, дым шынайылық жоқ бәрі өтірік түсрілген, көп жерін ашып түсірмеген: мысалы Шыңғысханды христиан дінін ұстанушы ретінде көрсееткен шындығына келсек Ислам дінінің бір тармағы шаманизм яки тәңірге табынған
Белгісіз
Шыңғыс хан Исламды да, Христиан дінін де ұстамаған секілді... Олардың діні мүлдем басқа ғой!
Менің Шыңғыс атты күйеубалам бар. Адамның есімі оның әсер етеді деген рас қой деймін. Оның жағымсыз қылықтарын ойлағым да келмейді!!!!!!!!!!!!!
Басқа да Шыңғыстар осындай ма екен деген ойға қаласың!!!!!!!!!!!
Kupidonchik* өзін айтқандай өз елін қорғаған адам батыр! Шыңғыс хан өз елін,жерін қорғаған батыр! Ол тіптен жаман адам деуге де болмайды.
Белгісіз
Досбол, сондықтан кино емес , тарихи романдарды оқыған дұрыс. Кинода сценаристтер өздеріне ыңғайлы етіп өзгерте салады. Мысалы Дюманың" Три мушкетеа и Д Артаньянның " киносында солардың қызметшілері жөнінде өте өте аз  көрсетілген. Ал романды оқысаң ,совсем басқаша , кызметшілерінің арасында да  өте қызық ,шым шытырық оқиғалар жазылған.Ал Шыңғысханға келетін болсақ, ол Темуджин болып тұрған кезінде , аспанға, тәңірге табынған. сол кезде Тенгрианство деген дін болған.Гумилевтың еңбектерінде монғолдардың ең кушті тайпалары :наймандар, керейттер, меркіттер, қоңыраттар жаулап алған елдердің діндеріне қызығушылық танытып қабылдай бастаған. Қазіргі монғолдар буддаға табынады.Кино емес пе, сондықтан Шыңғысханды христиан етіп көрсету өздеріне ыңғайлы болған шығар. Мүмкін әне бір басты рольді сомдаған голливудский актер, киноны финансировать еткендер солай талап  қойған болуы да мүмкін.
–2 дауыс
Шыңғыс хан мен Қайыр ханның арасында не болғанын нақты білмедім! Тек білетінім Шыңғыс ханды өз халқы төбесіне көтеріп, дана , батыр хан деп таныса , моңғолдардың жаулары үшін Шыңғыс хан жазықсыз халықтың қанын судай шашқан қанішер , жауыз адам!
Жауыз екені рас, өте қатал болған ғой((
Иа оның бары өз халқы үшін ғой!  Бірақ .... жарты  әлемді жаулау  Шыңғыс ханның өз ашкөздігі шығар!  Жарты әлемді  жаулауын жаулады,  қанша халықты өлтірді, қаншама қалаларды қиратты! Енді сол жерлерде  тұрақтап қала алмадығой!
Мен не  бүлдіріп қойдым? Жауап бергенге кінәлі болғанымба ? Минус минус минус !  Мен шындықты айттымғой!  Минустағыларың келсе  менің  басқа да қате жауаптарым бар, соларды минустасаңдаршы!
0 дауыс
Екеуіде сияқты.Менің ойымша....
–1 дауыс
Батыр да Жауыз да ....................
+2 дауыс

Шыңғысхан жауыз батыр, басқа бір елдерді құлдыққа түсіру жолындағы істелген батырлық жауыздық,басқыншылық деп аталады. Ал Қайырхан нағыз батыр, өз күшінің төмен екенін, жеңілетінін, басқыншыға қол көтеріп беріле салса өз мансабын сақтап қалатынын біле тұра, соның бірін қабылдамай жерімді,елімді,қаламды қорғап өлемін деген адам ғана нағыз батыр атағына лайық.

Сізге толығымен қосыламын !!! Қытай жазбаларында, Қайырханды Шыңғысханның саудагерлерін және елшілірін себепсіз өлтіргендігі үшін , Отырардың халқы жаппай өлтіріліп , қаланы өртеп жіберген деп жазылыпты. Ал кейбір деректерде Шыңғысхан басып, алатын жеріне алдын ала, барлаушыларын жіберіп ,мәліметтер жинап ,содан соң шабуыл жасайды екен.Жақында Григол Абашидзе деген грузин жазушысының "Лашарелла,Долгая ночь,Цотнэ" деген романдар жинағын оқыдым. Сонда Хорезм сұлтаны Джелалалддинді  жаман кейіпкер етіп көрсеткен . Грузин тарихшыларының бұлай жазу себебі түснікті,себебі ол Шыңғысханнан қашып Грузия жерін басып алған. Ал Джелааддиннің анасы, баласын тыңдамай,өз еркімен Шыңғысханға берілген , бірақ,Шыңғысхан, олардың бесіктегі баласына дейін аямай қырып  тастаған  Отырар ханы Қайырхан сияқты Джелаладдиндіде өз халқын сүйген,нағыз батыр дер едім..Шыңғысхан өте  көп тайпаларды біріктіріп,үлкен армия жинаған өте дарынды полководец. Бірақ нағыз қанішер,өзінің әскерінің ғана жағдайын жасаған.басты мақсаты тек жаулап алу ғана болған.Шыңғысханның қырғыны жөнінде ,Исай Клашников тың "Жестокий век", Василий Ян ның "Нашествие монголов" деген  және өзіміздің тамаша жазушымыз Ілияс Есенберлиннің "КӨШПЕНДІЛЕР" деген тарихи романдарын оқысаңдар ,Орта Азия дағы барлық цивилизацияны түгелімен жойған Шыңғысхан екендігіне көздерің жетеді.
–1 дауыс
Шыңғысхан нағыз қанішер, Адольф Гитлердің сыңары дер едім !!!   Шыңғысханды тек тарихты өзгертткен тұлға  деп қарау керек.
Мына минусты кім қойған???? Гитлер мен Шыңғысханның жаулап алу, жаппай халықты қыру, жою сияқты қанды саясатын қолдайсың ба? Егер олай болмаса түсіндір,не үшін минус қойғаныңды.Егер жауап бермесең фашистсің! Немесе    надансың !
Мүмкін сайтта ұрпақтары бар шығар))))))
Тууу, сені сондай жақсы көріп отырмын. Виртуавльно Эгоист бола бер,бірақ өмірде эгоист болмасаң болды !!!(giggle)
Гитлер мен Шыңғысханды салыстырғаның ұят енді
Салыстырмас бұрын тарихты оқып ал
Оқып алдым? Тағы проблема бар ма?
Мен  былай дер едім,  Шыңғысхан не үшін қатал болды?  Оны сондай қатал еткен мына әлемде әділдіктің жоқтығы, екінші ол қытайда қамауда болып, қатты қиындық көрген адам. Ол айналсындағы елдерді жазықсыз басып ала бермеген, ол қай елде қытай тыңшылары бар болса сол елді талқандап тастаған. Шыңғысхан әлемге тек әділдік орнатам деп өмірден өтті. Ол нағыз батыр дер едім. Гитлер де нағыз батыр, ол да әділдік орнатамын деген, өйткені ол сталиннің жауыздығын естіге-білген,  соғыстың алдында сталин 5 миллион қазақты аштан қырып, зиялы азаматтарымызды атып жатты. Напалеон да нағыз батыр  ол да әділдік орнатамын деген. Общем әділдік іздегендердің жолдары болмайды екен, ол табиғи заңдылық па? түсініксіз. Бұл жалғанда тек алаяқтардың жолы болып кетіп жатыр, қайда барсаң да.
–1 дауыс
Біреуге хан, біреуге қан ішер... Бірақ өзінен әлсіздерді жаулап алу әрі әділетсіз, және батырлыққа да жатпаса керек... Елінің намысы, мақтанышы деп ойлауғада болмайт... Ол сол бір жерлерді жаулау үшін өзгенің ғана емес, өзінің жауынгерлерінде аямады емес пе... Ал сырттай бағаласаң ол басқыншы...
Шынғысханды өте әділетті адам болған дейді. Ол табиғатты ластамаңдар деген бұйрық шығарған. Тіпті  адамдар, аттар, жан-жануарлар су ішетін ағын суларға киім жуғызбаған, киімді  арнайы жерлерге жуыңдар деген.Осының өзі оның өте таза, халқының болашағын ойлаған адам екеніне дәлел.
Шыңғыс ханның негізі жіберіп отырған саудагерлері оның барлаушысы қызметін атқаруға келген,ал Қайыр хан оның бұл əрекетін түсініп саудагерлерді өлтірген.Ал кинода Қайыр занды ақымақ етіп көрсеткісі келген.
+2 дауыс

Мен үшін ұлы тұлға! Қатыгез болы шарт ғой оның, егер ол ақкөңіл болса одан ешкім қорықпайды да, хан етіп сайламайды да! 

Сол өзінің Монғолиясын ғана билеп отыра беруі ғой, жырпылдай бермей)) Сонда Қазақстан тарихынан да жаттайтын сұрақтарымыз азаяр еді :)) 

Обшым өзінің бауырын өлтірген адамнан не сұрауға болады, қатыгез деген сөз де тым жақсы сөз сияқты ол үшін. (Бір аунап түскен шығар)

Угуууу басқа планетада тұратындайсын))))
Кәріс киноларын көп көргенсін ғо))))) әлгі бұра шаш кім еді Ку Чин Пе сияқты мәпелеп жүретін жігіт керек дисін ғо))) Шым қалалықтардың шапандарын теріс киігізіп жібердің, мұнда Шым қаладан кіретіндер көп сайтта, тіпті админнің өзі Шым қаладан)) Кәз Көркем келіп бірдене бірдене дит явно))))
//
Бензин қайда бензин құя отырайық:)))))))
//
Неден қашсан соған келесін деген бар, мен мектепте оқып жүріп "ақ халаттан сақтасын" деп жүретінмін, қазір суретімді тұрғандай, ақ халатсыз никуда болып қалдым, өкінбейм бірақ)))) Байқа байқа)))
Ойбуй, мына қолында садағы бар , арқасында қанты бар, тырдай жалаңаш бала монгол емеспін Купидончикпін дей ме? Онда  сен қазақ болмақ, адам да болмадың ғой,Тарихты білмейсің, тіпті білгің де келмейтін сияқты. Шымкент десе садағыңды тасқа атасың !!! Байқа , қазақты қазақ етіп тұрған Оңтүстіктің қазақтары. Шыңғысханның кезіндегі  көшпенді тайпалардың үрім бұтағы қазіргі кезге дейін осы орта АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ІШІНДЕ.Ал егер тек қана Шыңғысханның өз ұрпақтарына келетін болсақ , оның екі жүзден асқан әйелден тапқан балаларының ұрпактары :орыстың,қазақтың,өзбектің, қырым татарларының,ноғайлардың,башқұрттардың, иран парсылардың ішінде бар бар. Біздің қазақтың ішінде Шыңғыс ұрпақтарынан  ТӨРЕ деген бір ру тарайды. Қазақтың ұлы географ,әтнограф ғалымы Шоқан Уалихановтың руы   төре , тікелей хан тұқымынан. Оны да апарып монголга қосып қойсаңшы , қазақ емес деп.
Ой, байғұс! Ол қазақтар Монголияға кеткен қазақтар емес, Баянөлгий деген  бұрыннан ата бамыз мекен еткен жер, байғұс сен сияқты қазақсымақтар  бүректен сирақ шығарып жүргенде айрылып қалған жеріміз,енді ол жерлер басқа мемлекеттің  территориясы болып қалды. Миыңның көп екені қатты көрніп тұр!!! Сен бара ғой Хайл Чингис хан  деп. Шет елге кетуді аңсап жүрген едің ғой.
Сенің Шоқанды монголға қосқаның немесе қоспағаның кімге керек? Бұл тек тарихи дерек, Шоқанның және жалпы төрелердің арғы тегі Шыңғысхан екендігі. Түк білмейді екенсің , айдалаға лағып ,білетіндердің балағына жармаспа !!! Болды, осымен тоқта!
Шоқан арғы тегі Шыңғыс хан емес Жошы хан, Жошы Меркіттерден туылған Бөрте ұрланған кезде. Бөрте ұрланғаннан кейін 10айдан соң табылған, ал меркіттер орта жүз қазір.
Жерге руға бөлінбеңдер, шымкенттен Қазақтың ең мықты адамдары шығып жатырған жер, өнер адамдары осы шымкенттен келеді, ақын жазушылар, ұлт жанашырларыда осы шымкенттен басым бөлігі, спортсмендердің де басым бөлігі осы шымкенттен, елімізге сауданы үйретіп отырған осы шымкент. Өзім Қызылордалық болсамда әр өңірдің өзіндік қасиетімен мойындаймын. Бір бірімізді жек көргеніміз көршілерге пайда бізге пайда емес.
ппффвврртт assar шірттің ғой)

Шымкентте адам көп болғасын таланты да көп болады!  Дұрыс дұрыс солай жалпы бәрі осылай Шымкентте 3 млн қазақ екен әрине басым көпшілігі сол аймақтан шығады! МАҚТАНАТЫН болсандар ТЕК Санымен мақтанындар САПАСЫмен емес)
Белгісіз
+2 дауыс

Шыңғыс ханды жауыз деп айтып жүргендердің санасында әліде Кеңестік жүйенің жарқыншақтары бар......... 

+2 дауыс
Меніңше Шыңғысханның жаулап алу жорықтары қазақ жерінің дамуына өз септігін тигізді. Ол Отырарды қиратса да, оның орнына Сығанақ, Сарай сияқты қалалар салынды. Және көптеген мемлекеттер пайда болды.  Және қазір найман, керей болып руларға бөлініп отырсыздар. Сол тайпалар Шыңғысханның жаулап алуынан кейін келді. Тағы бір үлесі, Шыңғыс хан келгенге дейін қазақ жерінде әр түрлі діндер болды, ол келгеннен кейін бәрі ислам дініне көшті. Оның ең басты пайдасы, Қазақ Хандығының құрылуына зор  ықпал тигізді. Егер Алтын Орда болмаса Қазақ Хандығының құрылуы, құрылмауы екіталай...
0 дауыс
Сіздің ше Хақназар батыр ма жауыз ба.Ол қазақ жерін кеңейтуші тарихта.Ол Ноғай ордасын талқандап жерін елімізге қосқан емес пе еді?Ал мұндай нәрселерді оқығанда жаның жадырап ата бабаңа дән риза болып қалатының рас.Ал енді қара.Хақназар біз үшін жақсы қолбасшы батыр,ал басқалар үшін ол жау шығар?!Егер қолбасшының барлығын жамандай беретін болсақ қазақтың батырларынан жақсы адам қалмайды ау сірә.Моңғолдар үшін Шыңғысхан жақсы дарынды қолбасшы.Ал қазақ үшін жауыз.Бұлай ойлау ойдың таяздылығын білдірмей ме?
Әмір Темірді түріктер мойындамайды жеккөреді, бірақ өзбектер бабамыз дейді мақтанады. Осылайғой бәрі.
+3 дауыс
Сосын Шыңғысхан ешкімнің дініне салт дәстүріне тимеген.Ал қарсы келгендірді жазалап отырған.Егер Шыңғысхан қазақ жерін жауламағанда Қазақ хандығы қашан құрылар еді?Қазақ хандары Абылай Қасым Керей Жәнібектер Шыңғыс тұқымдары!!!!

Меніңше шыңғысхан ешкім істемеген нәрсе жасаған.Қазіргі мен деген Еуропа елдерін салық төлеттіріп қойған,жетім өскен,жастайынан қиындық көріп 950 000 әскер жасақтап шығарған ХАН болмағанда шығар әлемде.

Оның орнында болғанда бәлкім сен де әлем жаулап алам дейтін шығарсың.

Кедей бай болсам дейді,бай құдай болсам деген сөз бекер айтылмаған
Бүкіл Қазақтың Шыңғысханға тағатын кінасы тек қана Отырар. Ақиқатында Отырардың қиратылуы оның кінәсі емес.
 Ол заманда Шыңғысханның арғы аталары құрған Қарахандар қағанатын парсылық бағыт ұстанған Хорезмшах жаулап алды.  Бүгінгі қазақтың қаласын қиратты деп Шыңғысхан атамызға басты кінә қылып тағатын Отырар қаласы, осы жаулаушы елге қарайтын. Мемлекеттік тілдері де қазақ тілі емес еді.  
        Ол жайлы тарихшы С. Ақынжанов «Қазақстанның орта ғасырлық тарихындағы қыпшақтар» кiтабында шежiрешi Жужаниден мынандай мысал келтiредi: «615 (1216) жылы... Хорезм шахы Мұхаммед Иемектен шыққан Иакафтанның ұлы түркiстандық Қадырханның елiн ойрандауға аттанды». Иә, иә, Хорезм шахы басқа емес, дәл Қадырхан-Иналшық Қайырханның (Шыңғысханның арғы атасы Қараханның) елін ойрандауға аттанып отыр. Бiрақ, Қайырхан өзiне күні кеше ғана теперiш көрсетіп, жерін жаулап алған Хорезм шахына адалдығын көрсету мақсатында және дүниеге қызығып, Шыңғысханның елшілерін өлтіріп, керуенін тонап, қазаққа сатқындық жасады. Шыңғысхан Хорезм патшасынан Қайыр ханды ұстап беруді талап етті, бірақ хорезмшахтың бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге елшілерді өлтіруге әмір етеді. Бұл Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды. Атамыз бар-жоғы жүз елу мыңға жуық сарбаздарымен Хорезмшахқа қарсы жазықсыз өлген елші-саудагерлерінің (бес жүз адам) кегін алуға аттанды. Ол кезде Хорезм патшасының төрт жүз мың тұрақты әскері бола тұра (және ол осынша әскерді бір айда жинап ала алатын еді)  Шыңғысханға қарсы тұра алмай, қамалдарға жасырынып қорғанды. Себебі, ол өз әскерінің дені қазақтардан, әсіресе қаңлы және басқа қазақ руларынан болғандықтан Шыңғысханмен ашық айқасқа шығудан, оларды өз еліне қосылып кетеді деп қорықты. Атамыз өз сарбаздарына сатқын Қайырханды тірілей ұстауды бұйырды. Ол өзінің қазақ халқының алдында істеген кінәсінің кешірілмейтінін біліп, ақтық демі қалғанша айқасып, бүкіл қала халқының қырғынға ұшырауына себепкер болды. Ол қала халқының жағдайын тіпті де ойлаған жоқ, ол өзінің мына жарық дүние де бір күн болса да тірі жүре тұруын ғана ойлады. Қаған тапсырмасы мүлтіксіз орындалып Қайырхан тірілей ұсталды. Шыңғысхан Қайырханды ұстаған бойда өзінің жеке билігімен өлтіре салған жоқ, оны қазақтың билері ежелгі ата салтымыз бойынша тергеу жүргізіліп, куәлар тыңдалып, оның барлық кінәсін мойнына қойып, бүкіл халық алдында қазаққа жасаған сатқындығы және дүниеқоңыз, ашкөздігі үшін өлім жазасына кесті. Саған керегі ел емес, дүние (алтын) екен ғой, ал онда керегіңше деп, оның дүниеден басқа ештеңені көрмеген көзіне, жазықсыз жандардың (бес жүз адам) зарын естімеген құлағына, тойымсыз аузына алтынды ерітіп құйды.
         Түсініктеме: Хорезм патшалығының орталық астанасы қазіргі Түркменістанның Ташауыз облысы Көнеүргеніш қаласы болды. Олар ол заманда да, қазірде де қазаққа жатпайды. Басқасын былай қойғанда, олардың бізден тілдері де басқа болды. Бұл парсылардың қазақ елін жер бетінен жойып жіберу үшін құрылған патшалығы болатын. Олар оның алдында бүкіл қазақ даласын қан сасытып, қырып-жойып, қазақтың Қарахандар қағанатын құлатқан болатын.
         Қазақ даласындағы барлық рулар, елдер Шыңғысханға өз еріктерімен, шын ниеттерімен қуана қосылды. Ал, Қайырхан қазаққа сатқындық жасады. Сол үшінде тиісті жазасын алды.
         Отырардың күйреуінің біз білетін ақиқаты осы. Құрметті Оқырман! Өздеріңіз ойлап көріңіздерші. Әйтпесе, оны тірідей ұстатып, бүкіл халық алдында билердің үкімімен жазалап, оның көзіне, құлағына, аузына алтын ерітіп құюдың қаншалықты қажеті бар еді. Көптің бірі сияқты басын қылышпен шаба салса болмас па еді.
         Міне осы әрекеттер де ақыл-есі бүтін жандар үшін қаншама ғибрат жатыр:
    а.  Адамдарға туған еліне (ұлтына) сатқындық жасаса, жазасыз қалмайтынын ескертті;  
    ә.  Адамдарға туған еліңе сатқындық жасасаң, ұрпағының атын атап, мақтанудың орнына ұялып безетінін білдірді;
    б.  Дүние қуалаудың соңы сені сондай ашкөздікке ұрындырып, өзгенің мүлкіне көз алартуыңды санаңа сіңіретінін ескертті;
    г. «Елшіге тимес болар» деген атам қазақтың ең ұлы салтын бұзғандардың қандай жазаға ұшырайтынын айшықтап кетті;
    ғ. Ең бастысы бұл жерде бүкіл мемлекет билігі басында жүргендерге ешқашан қателесуге болмайтынын білдірді.                                                        
       Тарихшылардың “тонның ішін теріс айналдырып” тағатын кінәлары тек қана Отырар. Тағы да қайталаймын. Оның күйретілуіне бірден-бір кінәлі 500-ге жуық бейбіт елші-саудагерлерді жазықсыз қырып тастаған Қаразым патшасы Сұлтан Мұхаммед пен Отырар билеушісі Қайырхан болып табылады. Қай заманда да елші мен саудагерді  жазықсыз өлтіру ешбір елдің заң аясына сиған емес. Бұл жайлы Әбілғазы атамыз өзінің «Түрік шежіресі» атты еңбегінде (68 бет) былай дейді: «Махмут жылауыш Сұлтан Мұхаммедтен рұқсат сұрап, дүние жүзі әміршісінің сарайына қайтты. Сұлтан Мұхаммедпен тіл табысқанына Шыңғыс хан шынайы разы болып, Сұлтан Мұхаммедтің бұған жаманшылық жасамайтынына және өзінің де оған өшпенділікке бармайтынына сенімді болды. Дәл осы кезде Бағдаттың халифы Насыр Шыңғыс ханға елші жіберіп, Сұлтан Мұхаммедтің үстіне бірігіп аттанайық деп ұсыныс жасап еді, оған жасасқан шартты бұзғысы келмей, жағымды жауап бермеді, бірақ Сұлтан Мұхаммедтің бұйрығымен Қайырханның Шыңғыс ханның елшілері мен саудагерлерін өлтіруі бұл келісімді ұзаққа жеткізбеді». Күні бүгінге дейін Шыңғыс ханның да, оның төл жұрты қазақтардың да бір ауыз сөзге тоқтайтынына, уәде жұтып екі сөйлемейтініне ешкім күмән келтірген емес.  
           Шындығында да, Шыңғыс қаған атамыздың халықаралық үрдісті бұзушыларды жазалауын Алланың бұйрығы деп түсінсек дұрысы сол болар.
«...Қара-Құла – ойраттың тұрғысы еді,
Қырық рудың қарғысы ұрды сені!
Елшіге өлім кескенге қандай жаза
Қолданарын үйреткен – Шыңғыс еді!
Ұшырайды ұзамай апатқа ордаң,
Елші өлтіріп, ел барма атақ қонған?
Ұмыттың-ау, елшіге қастық қылып,
Қаразымның Дәулетін опат болған?!» деп жырлады өлкеміздің белгілі ақыны С.Нұржан өзінің 2008 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Ай таранған түн» атты жыр кітабында.
          Осылайша, Қайырхан Отырардың түркi-моңғолдың қайқы қылышының астына түсуiне себепшi болады. Кешегi дала жауынгерi нелiктен бұлай жаза басты... Бұл жерде бар болғаны қызылбас парсыға тәуелдi Иналшық Қайырханның өз бауырларына қылыш көтергендiгiн айтсақ та жеткiлiктi. Иә, иә, өз бауырларына қылыш көтергендiгiн.
     Бұл жайлы тарихшы-ғалым Мұхтар Мағауинде былай деп жазыпты:   «Шыңғысханның «Отырарды қиратты» дегеніне айтарым: Отырар ол заманда Қарахан әулетінің құрамындағы шағын ғана мемлекет-қала болған. Илек хандардың басы, сұлтандардың сұлтаны деген Осман Самарқанда отырған, Османның інісі Қадыр Ферғананы билеген, сосын кіші қалаларда кіші туыстары болған. Османның немере інісі Тәж-әд-Дин Білге хан Отырарды билеп отырған. 1210 жылы парсы патшасы Хорезмшах Аладдин Мұхаммед Самарқанды басып алады. Тәж-әд-Дин Білге ханды тұтқынға алады. Османды бір жылдан кейін өлтіреді. Отырарды тонайды, қаншама халқы қырылады, қаншамасы шетке қашады. Отырар бай қала, көпестердің барлығы татар даласы Шыңғыс ханға қарай қашады. Отырарды мұсылман дінбасыларына дейін тастап кетеді. Артынан Тәж-әд-Дин Білге ханның да басын алған. Содан кейін оның орнына Отырарды билеуге өзінің шешесінің әлде ағасынан, әлде інісінен туған Қайыр ханды отырғызады. Ал Шыңғыс хан келіп, Отырарды азат еткен. Керуеннің тоналып, бес жүз адамның өлтірілуі және басқа да толып жатқан жағдайлар бар. Бізде советтің тарих ғылымының азып-тозғаны соншалық, қарақшыларды жақтай біледі. Тарихшылардың барлығы Отырарда керуеннің қырғынға ұшырауын үлкен жауыздық деп бағалаған. Адам қайран қалатын жағдайлар болған. Мысалы, өзіміздің Сарайшық қаласы. 1480 жылы Ермак Сарайшық қаласын басып алады. Содан қаладағы бүкіл халықты қырады. Ең соңында Алтын Орда хандарының күмбездері бар қабірді, сүйектерді қазып алып, үйіп өртейді. Соны кезінде Иван Грозныйдың өзі айыптаған. Осыны Тәжікстанда бәрі жауыздық деп айтады. Ал совет тарихшылары дұрыс жасады дейді. Қаланы тазарту керек деп есептейді. Сол сияқты жағдайлар өте көп».

 Тарих тағлымы: Сонау Адам атадан бері келе жатқан ұлы қағида «Елдестірмек елшіден...», «Елшіге қиянат жасамас болар».
...