Алла Тағала қасиетті құран кәрімде: «Әй мүміндер! (Аллаға иман айтып, сенгендер). Арақ, құмар, тігілген тастар (бұттар) және бал ашатын оқтар (балгерлікте қолданатын барлық заттар) лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар». Мәйда: 90.
Жабир бин Абдулла (р.а.) риуаят қылған хадисте Алланың Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.): «Көп ішсе мас қылатынның азы да харам»- деген.
Абдулла бин Масғұт (р.а.) ішімдікте он нәрсе ләғнеттелінгендег. Олар:
1) Ішімдікті жасаған адам.
2) Ішімдікті жасатқан адам.
3) Ішкен адам.
4) Ішкізген адам.
5) Ішімдікті тасыған адам.
6) Ішімдікті тасытқан адам.
7) Сатқан адам.
8) Сатып алған адам.
9) Ішімдік саудасына серіктес болған адам.
10) Ішіп жатқанда бірге отырған адам.
Пайғамбарымыз (с.ғ.у.)ішімдік ішкен адамдардың қияметтегі хәлін былай сипаттаған: «Арақ ішкен адамның исі қиямет күні сасық өлекседен жаман болып. Қолында қадах (стақан), мойынында шөлмек ілінген халде келеді. Терісі мен етінің арасы жылан мен шаяндарға толады. Оттан жасалған аяқ киім киіп, миы басынан аққан күйде тұрады. Қабірін оттан болған ұңгір етіп, тозақта Ферғауннның қасында болады».