–1 дауыс
9.1k көрілді
Қазақтың ұлттық ойыны қантала апайдың шартттарын айтып түсіндіріп жіберіңіздерші. Ініме қажет болып тұр№ Алдын ала рахмет!!!

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
асықтардың ішінде САҚА деген болады,оның түсі ерекше болуы тиіс,мысалы қызыл,басқа асықтар оның түсіндей болмауы керек.бір адам ойынды бастайды:асықтарды жинап алып,алдына шашып жібереді,сол кезде жаңағы САҚА алшысынан түссе,бәрі таласып асықтарға жармасады,жаңағы САҚА кімнің қолында кетсе,сол кісі ойынды жалғастырады,яғни бәрінің асығын жинап,алдына шашады,САҚА алшысынан түссе жаңағыдай болады,ал егер алшысынан түспесе ешкім асықтарға жармаспайды,шашқан адам ойынды жалғастыра береді,яғни асықтарды бір біріне саусақтың сыртымен(тырнақ жағымен)атады,алшыны алшыға,тәйкіні тәйкіге,бүкті бүкке,шікті шікке атады,бірақ САҚАға тимейді,оны ең соңынан атады,тигізген асықтарын ала береді,өзіне.Ататын асық қалмағанда,яғни асықтар әртүрлі жатса,келесі ойыншы жердегі қалған асықтарды жинап алып алдына шашады,САҚА алшысынан түссе жаңағыдай бәрі асықтарға таласып,жинап алады,САҚА басқаша түссе,шашқан адам  асықтарды жаңағыдай атып ала береді,солай ақыр соңында екі асық қалады,оның біреуі САҚА.Қалған асықпен САҚАны ату керек,бірақ ататын асықтың жатысы САҚАның жатысымен бірдей болу керек.бірдей болмаса келесі ойыншы сол екі асықты алып,жерге шашады(САҚА алщысынан туссе,бәрі таласады,жаңағыдай)түспесе ату керек,бірақ екеуі бірдей жату керек(екеуі де алшы,немесе екеуі де тәйкісінен,т.б түсу керек)солай кім САҚАны алады,сол жеңімпаз,яғни бәрінің асығын жинап алып,ойынды кері бастайды.Міне ҚАНТАЛАПАЙ деген осылай ойналады.УУФ! түсінікті етіп жазған сияқтымын.АЛ,ІСКЕ СӘТ!!!
ПАх шіркін,осылай ерінбей түсіндірген адамға қалайша ЖЖ баспасқа
барынша тырыстым,көмегім тисе ризамын
мен мүлдем лағып кеткен екенмінғой! Кешіріңіздер!
Мәәә,менің пікірімді спам қылып тастаптығо
пікірді,жауапты кім спам қылып тастайтын?
айтпақшы,асықтарды атқанда басқа асыққа тиіп кетпеу керек,тиіп кетсе,ойынды келесі адам жалғастырады,қалған асықтарды жинап,алдына шашады,әрі қарай сол ереже
0 дауыс
Қанталапайдың ережесін  нақы білмедім. Тек білерім  бір адам  асықтарды шашқан кезде  балалар  барынша көбірек жинау керек. Көп жинаған бала  жеңімпаз!  Интернеттен іздеп таба қойайын десем айналдырып келіп  бес алты ойының ережесін көрсетеді де қояды!  Қанталапай ойыны интернетте мүлде жоқ десе де болады!  Оның ережесін  көне көз адамдардан сұрау керек!
...