асықтардың ішінде САҚА деген болады,оның түсі ерекше болуы тиіс,мысалы қызыл,басқа асықтар оның түсіндей болмауы керек.бір адам ойынды бастайды:асықтарды жинап алып,алдына шашып жібереді,сол кезде жаңағы САҚА алшысынан түссе,бәрі таласып асықтарға жармасады,жаңағы САҚА кімнің қолында кетсе,сол кісі ойынды жалғастырады,яғни бәрінің асығын жинап,алдына шашады,САҚА алшысынан түссе жаңағыдай болады,ал егер алшысынан түспесе ешкім асықтарға жармаспайды,шашқан адам ойынды жалғастыра береді,яғни асықтарды бір біріне саусақтың сыртымен(тырнақ жағымен)атады,алшыны алшыға,тәйкіні тәйкіге,бүкті бүкке,шікті шікке атады,бірақ САҚАға тимейді,оны ең соңынан атады,тигізген асықтарын ала береді,өзіне.Ататын асық қалмағанда,яғни асықтар әртүрлі жатса,келесі ойыншы жердегі қалған асықтарды жинап алып алдына шашады,САҚА алшысынан түссе жаңағыдай бәрі асықтарға таласып,жинап алады,САҚА басқаша түссе,шашқан адам асықтарды жаңағыдай атып ала береді,солай ақыр соңында екі асық қалады,оның біреуі САҚА.Қалған асықпен САҚАны ату керек,бірақ ататын асықтың жатысы САҚАның жатысымен бірдей болу керек.бірдей болмаса келесі ойыншы сол екі асықты алып,жерге шашады(САҚА алщысынан туссе,бәрі таласады,жаңағыдай)түспесе ату керек,бірақ екеуі бірдей жату керек(екеуі де алшы,немесе екеуі де тәйкісінен,т.б түсу керек)солай кім САҚАны алады,сол жеңімпаз,яғни бәрінің асығын жинап алып,ойынды кері бастайды.Міне ҚАНТАЛАПАЙ деген осылай ойналады.УУФ! түсінікті етіп жазған сияқтымын.АЛ,ІСКЕ СӘТ!!!