+2 дауыс
1.2k көрілді
Қамар сұлудың бейнесін сипаттауға көмек бере аласыздар ма?

2 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
«Қамар Сұлу » романындағы Қамардың бейнесін автор: Жіңішке сымға тартқан әні қандай, Балауыз балбыраған тәні қандай. Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп, Толықсып толып тұрған сәні қандай? – деп ақын Қамардың «Ойы көркіне сай» қазақ қызын бейнелейді. Ал Қамардың бет-ажар сұлулығын бейнелегенде: Еріткен іші-баурыңды көзі қандай, Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай. Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп, Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай! Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі, Қайнамас оны көріп кімнің іші? Алмас қылыш жүзіндей аударылған, Сүйгізіп көлеңкесін әрбір ісі. Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып, Бойының мінсіздігі оның асып. Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді, Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып. Осылайша автор қазақ қызына тән барлық қасиеттерді жырлайды. Қамардың бойына барлық қазақ қыздарының түрлі қасиеттерін біріктіреді. Қамардың бейнесін ашқанда жоғарыдағы асты сызылған күрделі эпиеттерді қолданған.
көп рахмет)))))
Оқасы жоқ, Жақсы деп белгiлерсiз)
+1 дауыс
ҚАМАР СҰЛУ (үзінді) Жіңішке сымға тартқан әні қандай, Балауыз балбыраған тәні қандай. Ақыл-ой, мінез, көрж түгел келіп, Толықсып толып тұрған сәні қандай. Еріткен іші-бауырыңды көзі қандай, Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай. Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп, Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай! Күлгенде көзіңді алып, кірсіз тісі, Қайнамас оны көріп кімнің іші? Алмас қалыш жүзіндей аударылған, Сүйгізіп көлеңкесін әрбір ісі. 2 Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып, Бойының мінсіздігі онан асып. Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді, Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып. Толған ай шілдедегі жалт-жұлт еткен, Мұбада көрген кісі қиыр шеттен. Көлеңкесі күйдіріп күні-түні, Есінен екі-үш айда әзер кеткен. Талайы бозбаланың болған ғашық Уай шіркін! Болсайшы деп бізге нәсіп. Егер де Қамарменен тіл қағысса, Құдай ұрып жым болар қара басып.
...