+2 дауыс
10.6k көрілді

Беттің ісуі туралы не білесіз? Оның ісу себептері мен одан құтылудың жолдары? Әсіресе ұйқыдан тұрғанда((

Жие-жие қайталанама

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Беттің ісуіне не себеп?

Алдымен мұның себептерін анықтап алайық. Ағзада артық сұйықтықтың жиналуы салдарынан бет ісінетінін жақсы білеміз. Оған әсер ететін факторлар:
Дәрі-дәрмек. Құрамында пенициллин, гликокортикоид және аспирин бар дәрі қабылдайтын болсаңыз, бетіңіздің ісінуі – қалыпты жағдай. Сондай-ақ, екіқабат болуға қарсы (противозачаточный) дәрілер, қан қысымын бақылайтын депрессияға қарсы дәрілер де беттің ісуіне себепкер болады. косметикалық құралдардан да беттің ісуі мүмкін.
Денсаулық. Егер бетіңіз үнемі ісіп жүретін болса, дәрігерлерге қаралып, себебін анықтаған дұрыс. Өйткені, аллергия, гайморит, конъюнктивит, қан тамырлары жүйесі, бүйрек пен бауыр, семіздік салдарынан бет ісінеді.
Құрғақтық. Ағзаға су жетіспесе де, артық сұйықтық жиналады. Адам ағзасы солай, егер сұйықтық жетіспесе, артық су, яғни қор жинай бастайды. Сондықтан беттің ісігін қайтарғыңыз келсе, күн сайын 8 стақаннан кем емес су ішіңіз.

Беттегі ісікті қалай басады?
Мамықты қолданбаңыз. Неде ұйықтайтыныңызды тексеріңіз. Егер құс мамығына аллергияңыз бар болса, одан жасалған көрпе мен жастықты қолданбаңыз. Көзіңіз бен бетіңізге бірден бір себепкер осы төсек жабдықтары болуы мүмкін.
Жуыныңыз. Бетті суық сумен жуыңыз. Және мұз кесектерімен бетті асықпай сүртіңіз. Ромашка және жалбыз тұнбасынан дайындалған мұз кесегі болса, тіптен жақсы.
Бетті салқындатуды жалғастырыңыз. Бетті салқандатуға арналған түрлі гелдер, маскаларды қолданып көріңіз. Кез келген дәріханалардан таба аласыз.
Көкөніс-жемістер. Көкөніс пен жемістер күнделікті тамақтануда ғана емес, бетке түрлі маскалар жасауға да керемет көмектеседі. Беттің ісігін тез арада кетіргіңіз келсе, салқындатылған жемістің не көкністің тілімдерін бетіңізге басып, бірнеше минут отыра тұрыңыз. Қиярдың әсері көп.

Міне толық мәлімет

http://www.aikarakoz.kz/?p=1775
рахмет! нақты әрі толық жауап!!!
Оқасы жоқпайдам тисе болғаны
Белгісіз
0 дауыс
кешкі шәйді тым кеш ішу, кешке ащы не сүрленген тағамдар жеу, түнде арақ-шарап ішу де беттің ісуіне әкеледі.
0 дауыс
Беттің ісуі ұйықтар алдында су немесе сұйықтық ішкеннен болады.
таңетең тұрғанда беттің әрдайым ісіп тұратыны белгілі ондай жағдайда бетті салқын сумен жуу  керек ,және мұзмен іскен бетіңізді сүртіңіз,көзіңізді қатты ашып қатты жумыңыз,түрлі әріптер аааа,,оооо,,ыыы деп,,,және беттіңіз жылтырап тұрсын десеңіз қантты сумен бетіңізді жуыңыз!!!!
0 дауыс
Жиі қайталанса бүйректі тексерткен дұрыс. Жалпы қан және зәр анализі ,бүйрек УЗИі жеткілікті
...