+1 дауыс
808 көрілді
Саусақтарымның терісінің асты майда майда болып суланып кетеді. Қандай халықтық ем қолдансам болады? Дәрігерлік көмектің неше түрін қолданғам, нәтиже жоқ...

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Аллергиядан құтылудың бір жолы –уақытылы ем алу
Ағаштар бүршік жара бастаған кезден ел ішінде жөтеліп, түшкіріп, тынысы тарылып, көзі жасау¬райтындар көбейе түседі. Бұл – мезгілдік аллергия. Қазір екінің бірі аллергия сырқатына шалдыққандар. Дүние жүзі аллергологтары аурудың жыл сайын жасарып бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Көбіміз мән бермей, жеңіл-желпі қарап жүрген бұл ауру туралы не білеміз? Жыл сайын қайталанатын бұл мазасыздықтан қалай құтылуға болады?
 
АЛЛЕРГИЯ ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?
Аллергологиялық орталықта арнайы диагностика бөлімі бар. Қабылдауға келген адамдар қан талдауын тапсырады. Ол талдаулар қанның құрамында аллергия сырқатының белгілері бар ма, жоқ па соны анықтайды. Осы аурудың белгісін беретін элементтер мезгілдік, жалпы аллергия кезінде қанның құрамында көбейіп кетеді. Аллергия қан құрамын толыққанды зерттеу арқылы анықталады.
Неге жаз кезінде аллергия ауруы асқынып, көбейіп кетеді, ол – көк шөптердің бүршік атып, гүлдеуіне тікелей қатысты. Шөптерге аллергия деп айтылғанмен ол негізінен сол шөптердің ұрықтарының ауадағы таралуынан келеді. Неғұрлым ауа-райы құрғақ, ыссы болған сайын ауада ұрықтардың концентрациясы көбейіп, онымен тыныс алған кезде мұрынның қуыстарына отырып қалып, қабындырып отырады.
 
АЛЛЕРГИЯНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Аллергияның белгілері – мұрыннан су ағу, мұрынның бітеліп қалуы, ауа жетпеуі, көзден жас ағу, көздің қышуы. Егер бірнеше жыл мезгілдік аллергиямен ауырған адам, емделмеген жағдайда оның ары қарай берілетін ең ауыр түріне, тыныс тұншықпасына (бронхиальный астмаға) ұласады. Сондықтан қандай да бір аллергиялық аурудың белгісін байқаған әрбір адам өзінің денсаулығына аса мән беріп, дер кезінде дәрігерге қаралып, диагностикадан өтуі тиіс. Бізде денсаулыққа мән беру жағы кемшін. Кейбіреулер салқын тиіп қалған болар деп ойлап, пышылдап жүре береді. Уақыт өткізіп, асқындырып алады.
Аллергияның жоғарыда айтып кеткен белгілерден басқа денеге бөртікпелер шығып, қышынуы, дене қызу көтерілетін белгілері де болады. Осындай белгілер болған жағдайда қаралғаны жөн.
 
АЛЛЕРГИЯДАН ТОЛЫҚ АЙЫҒУ МҮМКІН БЕ?
Аллергиямен ауырған адам келесі жылы сол мезгілде қайта ауыруы мүмкін. 2-3 жылдап ауырып жүрген адамдар бар. Бұлар уақытылы қаралмай, асқындыры алғандар. Сондықтан дер кезінде келіп ем алса процесті тоқтатуға болады. Одан әрі ушықпауына, жайылып кетпеуіне ем әсер етеді. Егер науқас дәрігердің бақылауында болып, ем-домын үзбей толық қабылдаса, онда алғашында аурудың мерзімдік ұзықтығын қысқартуға мүмкіндік бар. Жалпы толық жазылып кету үшін кем дегенде 3 жыл емделу керек.
 
АЛЛЕРГИЯ АУРУЫНЫҢ ЖАСАРУ СЕБЕБІ НЕДЕ?
Бізді қоршаған ауа өте лас. Қалада автокөліктер көбейді, зауыттар мен кәсіпорындардан көк түтін таралуда. Өндірістік қалдықтар. Соның бәрі әсер етеді. Жалпы адамдардың иммунитеті төмен. Сол себепті де ол ауруды қабылдауға бейім. Облыстық аллергологиялық орталыққа қала тұрғындары, барлық аудандардан келген сырқаттар қарала алады. Бұрын ауданды айтпағанның өзінде қала емханаларында аллергологтар болған жоқ. Қазір қаладағы емханаларда, 1-2 аудан орталығында жаңа-жаңа аллергологиялық кабинеттер ашылып, дәрігерлер жайлап жұмыс істеуді бастап жатыр.
 
Ирина ҚОСПАҒАНБЕТОВА
 
КЕРЕК КЕҢЕС
Аллергия мазаламау үшін не істеуге болады?
Ең алдымен витаминдерге бай тағамдармен тамақтаныңыздар. Тағам түрлеріне аллергиясы бар адамдар гиппоаллергендік диета сақтауға тиіс. Ал шаң-тозаң иісі сезілсе түшкіре жөнелетіндер өсімдіктің гүлденетін кезеңінде қасына жоламау керек. Сондай-ақ, далада таңғы 6-дан 10-ға дейін жүрмеңіз. Себебі ол уақытта өсімдіктер тозаңды көп бөледі. Үйде жұмсақ ойыншықтар ұстамаңыз, жерге ковралан, кілем, палас төсемеңіз. Жалпы, тозаң түсетін заттарды ұстамауға тырысыңыз. Шаңсорғышпен жұмыс істегенде дәкеден жасалған ылғалды маска таққан дұрыс. Құрғақ, ашық, желді күні далада жүрмеуге тырысыңыз. Шаң-тозаң киім мен шашта жиналатындықтан киімді жиі ауыстырып отырған дұрыс. Даладан келген соң тезірек душ қабылдаңыз. Үй жануарларын ұстамаңыз. Бөлмеңіз құрғақ әрі күн түсетін болуы керек, оны жиі желдендіріп тұрыңыз.
 
Керек мәлімет
Аллергия инфекция емес, ол бір адамнан екінші адамға берілмейді. Дегенмен аллергиясы бар адамдардың балалары да осы кеселге бейім келеді, яғни дерт тұқым қуалайды.
 
Керек дерек
Статистикаға сенсек, жер шарындағы адамдардың орта есеппен 30 пайызы аллергиямен ауырады екен. Ғалымдар: «Енді он жылдан кейін аллергияға қарсы тұра алмаймыз» деп дабыл қағады. Олардың дерегі бойынша, 2012 жылы әлемнің жарты бөлігі аллергияға шалдығатын көрінеді.
http://www.kinfo.kz/news/allergijadan_tyludy_bir_zholy_ua_ytyly_em_alu/2011-06-02-872
0 дауыс
Дұрысы кір жууғыш машине алыңыз,
...