+1 дауыс
Мал союды қалай үйренуге болады.Бір жерлерде мал союға көмектескенде,мен мал сойып білмеймін.(бір жағынан ыңғайсызданам) мал союды қалай үйренуге болады?, т.б әдістерін көрсетіп жіберсеңіздер жақсы болар еді!
03.08.2011 2.4k қаралым

1 жауап

+3 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
мал сою - ер адамдардың ісі! өйткені құрбандық шалғанда әйел адам малды бауыздауға болмайды деген!!!
  Ең алдымен малды жығып, аяқтарын байлайды; басқа малдардың көзіне көрсетпей сою керек;құбылаға қаратып жатқызады;  малды сою ушін өткір пышақ қолдану керек, болмаса алдын-ала малдын қөзіне көрсетпей қайрап алу керек; «Бисмилләһи, Аллаһу әкбар» - деп тәкбір айтып оң қолмен бауыздайды. Өйткені, Аллаһтың аты айтылып, бауыздалмаған малдың етін жеу – харам болып табылады; малды бауыздап болғаннан кейін оның қанын толық ағызады; кейін терісін сылады: мойнынан бастап алдынгы екі аяғынын ортасына дейін пышакпен тіліп, сыла береді,терісі толық алынған соң  таза жерге жатқызып, аяқтарын алып тастайды;ішек-қарнын бөлек алып қояды; етін 12 кылып жіліктейді!!!
03.08.2011
Ауылға барыңыз әп-сәтте уйреніп аласыз!
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы