0 дауыс
2.6k көрілді

Бүгін бір жерден осы оқиғаға куә болдым! Мазасы қашып ұйқтамай қойған баланың  әкесі : маңдайына  кішкене арақ жақты да  3 минуттай тербетіп отырды! Сонан кейін бала бірден ұйқыға кетті. Маңдайына жағылған арақтың исіне масайып ұйқыға кетті деді ол. Бұл балаға зиян емеспе? Не дегенменде арақтың аты арақ қой! Бұндайдан  хабарларың барма?

 

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
40 проценттік спиртті негізінен компресс жасауда пайдаланады. Спирт жергілікті жерді қыздырады, қан айналымын жақсартады....

Ал маңдайынддағы иістер вряд ли балаға зиян келеді. Себебі спирт тез ұшып кетеді, мүмкін баланың температурасы көтеріліп тұрғандықтан ұйықтай алмаған шығар, спирт ауаға ұшқан кезде өзімен бірге денедегі температураны да алып кетеді. Мысалы алақаның жылы болып тұрғанда кішкене таза спиртті алақанға құйып, қолға жақсаңыз, ол ұшып кеткеннен кеән алақан салқындап қалғаның сезесіз. Суда да сондай қасиет бал, ал спиртте ол жылдамырақ жүреді. ))
Медиксіз бе? :) Қай жақта оқисыз немесе оқыдыңыз? :)
біздерге бұл әдіс жүре ма екен??
Спиртті былай 90 проценттігін ұзақ уақыт иіскеп тұрса мүмкін тыныс алу жолындағы қан тамырларына өтіп мидың қызметін бұзып мас болып қалар (сонда да күмәнім бар), ал жанағы арақта қанша процент екенін білмедім, 40 проценттен жоғары емес шығар, соның исінен, оның үстіне маңдайына ғана жағылғаннан масайып қалады деген мен үшін фантастика! Мен бір профессор дәрігер емеспін, бар болғаны колледж студентімін, сонда да маңдайға жаққаннан масаймайды деп ойлаймын. Оның үстіне мұрындағы қан тамырлары беткі жақта орналасып мұрны үнемі қызарып тұруаынан компелксовать ететіндерге сол 90 проценттік спиртті искеуге кеңес береді. Солай қан беткі жаққа шығып кеткен мұрын қан тамырларын орнына қайта қалпына келгенің өз көзіммен көрдім.
П.С: спиртті искеу пайдалы демеймін)))
сен біреуге спиртті иіске деп кеңес бермей ақ қой,ұнап қалып токсикоман болып кетпесін !!! Колледждің студенті болсаң әлі кеңес беретін дәрежеге жеткен жоқсың. Шамаң келсе бұны бітірген соң міндетті түрде университеттке түсіп оқуыңды жалғастыр.Кейін,оқуыңды бітіріп,тәжрибе жинаған соң мына жауаптарыңа өзің күлетін боласың.
Признаю что дәрежем төмен, бірақ мен ойымнан шығармадым, бұны 35 ЖЫЛ тәжірибесі бар терапевттің айтқаны, енді ол кеңес беруге тәжірибесі жоқ деп ешкім айта алмас, сосын мұрны қызарым "мроз красный нос" деп біз күліп жүрген қыз менің группаласым, сол апайдың айтуымен мұрнының қызаруы көзге көрінерліктей кетті. Қазір кеткен сон спирт искемейтін болды (менің құдашам еще). Тойыс токсикоманка болып кеткен жоқ ешқанда да. Сосын спир искейтін токсикоман болады деп ойламаймын, көрмегенім көп ғой енді, мүмкін күлермін)))

Сізбен де салғыласқаным емес, жігіт басыммен, тек пікір алмасу ғой, дөрекі жазбағандаймын)
Егер мұрын ұшында майда тамыр торшалары пайда болып , солар қызарып көрініп тұратын болса оны медицинада КУПЕРОЗ дейді.Оны спиртті иіскетіп емдемейді, оған өз басым сенбеймін.Жазылса басқа бір себептермен кеткен болуы керек.Жалпы купероз өте қиын жазылады.Бірақ қалтасы қалың болса  косметологтар лазер мен электрокоагуляцияны пайдаланып ешқашан қызармайтын етіп, жазып береді. Өзім жұмыс істеген аптекада осы мұрны қызарғандарға арналған Доктор ТАФФИ деген крем сатылатын.Алып пайдаланған адамдарың бірнешеуі , кейін келіп рахметін айтып кететін. Негізінен өзімінің байқағаным  бұл косметикалық дефект әйел адамдарда көп кездеседі.Сенің группалас қызыңды көзім көрмеген соң,  қандай диагноз екенін білмеген соң не себепті мұрны қызарды, не себепті жазылды ол мен үшін жұмбақ. Дегенмен токсикомандардың көбісі неге одеколон,неге антифриз , дихлофостарды иіскейді? Себебі. көп жағдайда тұрмыстық химия өндірістерінде  еріткіш есебінде спирттер пайдаланылады.Сондықтан, оны ішсе уланады,ал иіскегенде спирт буы өкпедегі газ алмасу  процессімен тікелей қанға өтіп, аз доза болса да тез масықтырады. Сондықтан құдашаң токсикоман болмай тұрғанда спирт иіскеуді тоқтатқаны дұрыс борлыпты.
Екеулеріңнің пікірлеріңді салыстырып шықтым! Біраз нәрсеге қанық болдым Рахмет!
0 дауыс
Ол спирт лезде ұшып кетеді ! Меніңше бала өскенсін араққұмар болып кетпей ма дим да
0 дауыс
Бұл әдісті нянькалар қолданады деп естігем,Зиян өте!
...