+1 дауыс
329 көрілді
мен бұрын гнпф қа аударып жүрдім зейнетақы жарнасын,кейіннен басқа жұмысқа ауысып едім,олар халық банкіне аударамыз деді,содан менде екі жерде болды,енді халық банкі менің гнпф тағы жинағымды өздеріне аударғанын айтты,мен ешқандай аудару жөнінде арыз жазған жоқпын,бұл мүмкін бе?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражатын аудару ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 240 Қаулысының 2-тарауында Міндетті зейнетақы жарналарының есебінен қалыптастырылған жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау тәртібі тәптіштеліп көрсетілген. Нақты Сізге қатысты жағына келетін болсақ, 3-тармақта Сізбен жасалған "шарт" (яғни шарт ол сіздің өтінішіңіз болып саналады) туралы мәліметтерді Орталық (ГЦВП) алғаннан кейін сол Қабылдаушы қорға бір күннен кешіктірмей жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауды жүзеге асырады делінген. Сіз шарт жасамастан аударым жасаса, құқығыңызды бұзғаны. Шартты талап етіңіз немесе прокуратураға жүгініңіз.
рахмет,нақты,түсінікті жауап бергеніңізге!
+1 дауыс
Негізі ондай мүмкін,егер сенің қазіргі жердегі есепшің араласса,бірақ бәрібір сенің келісіміңмен болуы керек. Кей мекемелерде есепшілер өз жұмысын жеңілдету мақсатында болмаса таныстарының зейнетақы қорларына қамқорлық мақсатта сондай шараларға барады. Анығында бұл заңсыздық, әркімнің өз зейнетақы қорын таңдау құқы бар,және оның таңдауын жұмыс беруші жақ қолдауы керек.
мен банктың әрекетін айтқан едім,халық банкі гнпфтагы жинағымды өздеріне аударып алдық дейді
...