0 дауыс
624 көрілді
Тағы да мен! сыныпта 16 оқушы бар яғни тек қыздардың сыныбы, сыныптың қыздарының есімдері: Айгерімнен 4 Айгерім бар және де Шынар, Мереке, Айдана,Қазына,Асем, Жұлдыз,Талшын, Динара, Маусым, Ақниет, Мадина,Нұрзада есімді қыздар,енді өтініш осы есімдерді қатыстырып маған өлең шығарып беріңдерші адамдар өз фантазияларыңыздан!!!

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Біздің сұлу -Айгерім,

Тең келер оған қай керім?

Әдемі хас сұлулардан

Сенің кем еді қай жерің?
енді қалған 12 қызға да осындай шығарып беріңіздершііі
+2 дауыс
Жайдарлы қыз бар бізде,

аты оның Мереке.

Еліктіріп кетеді ол сізді де,

Сөздері оның жылы тиер жүрекке.

 

Айдана мейірімдісің сен неткен?!

Мейірімің төгілген шаш-етектен.

Қиялына бой берген мейірімді

Айданаға жоқ ешкім жан жеткен.

 

Қазынамыз жайдарлы,

Күліп жүрер әрқашан.

Мұңайған қандай да бір күні

Болмаған да ешқашан.

 

Әсем біздің әншіміз,

Сән келтірер жиында.

Қашанда да ән айту,

Біздің Әсемге қиын ба?!

 

Жұлдыздай шоқтығы биік,

Бар бізде Жұлдызымыз.

Арманы асқақ оның

Үздік бізде Жұлдызымыз.

 

Биші болған бізде Талшын,

Басқалар жете алмай қалған.

Мың бұралып үнді биіне салсын,

Бәрі оған қол соғып қалсын.
рахмет көп көп енді қалған осы қыздар Динара, Маусым, Ақниет, Мадина,Нұрзада осыларға да жыр шумақтарыңызды арнаңыздар
Айдана деген өленіңіз қатты ұнап қалды)
+2 дауыс
Динарамыз қайырымды жан өзі,

Сүйектен өтіп кетер оның сөзі.

Жай-күйі жоқ жандарды ол көрсе

Жасаурайды тұп-тұнық қара көзі.

 

Көктем келсе қуанатын,

Ол біздің Маусым қыз,

Жаз келсе жайланатын,

Ол біздің жақсы қыз.

 

Ақниет  біздің адал  қызымыз ,

Ұнамайды өтірік айтқан оған.

Бірақ-та жарасады дәм тұзымыз

Өтіркке сондықтан жоламағам.

 

Мәдина салиқалы, сабырлы,

Таңғалдырар бұл мінезбен әр қызды.

Сабырменен айтады ол сөздерін

Мағынасын терең болар әр сөзі.

 

Ерке мінез жарасар Нұрзадаға,

Бірақ, оқу жолын таңдағана таңғалма.

Қызығады әдеби кітаптарға,

Мұндай оқушы бұл өмірде қалғанда.

 

Әрбір сөзін ой санасынан өткізер,

Ата-анасын бақытына жеткізер.

Шынардай әдепті қызбен дос болуды

Армандамаймыз мұндайды тек біздер
Ee....Керемет!!!! Қыздардың бәрін мақтап тастады !!! Нағыз ақынсың ғой!!!
енді бәрін дал тауыпсың қай жердің азаматысың?
Маңғыстаудай далам бар,
Ақтау деген қалам бар.
16 қызды  № 1 орта мектептегі Мұнайлыда
Танисыңба інішегім соны өзің?!
Жоқ танымайды екенмін
салем ! Менің достарымада шығарып беріңізша?
Жеке хат жолдаңыз
...