+4 дауыс
1 күнде емес әрине, бiрте - бiрте, адал ақшамен миллионер болудың құпиясы не де?
11.03.2013 2.4k қаралым

11 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Ақылды болу керек, ақшаны тиімді жұмсап тиімді таба білу керек
11.03.2013
Мына жазған жауабың ұнады.әрi Қысқа да нұсқа жауап.
+3 дауыс
Мүмкін, бойындағы ақшаның буын баса білуі болар қаншама ақша болса да өз-өзін сол ақшаның буынан аулақ ұстау болар. Өз мүмкіншілігін ақшадан да артық қоя білу болар?
11.03.2013
+1 дауыс
Берте бірте кішікентай нәрседен бастап оны соңында үлкен бизнеске айналдырсаң сол
11.03.2013
+1 дауыс

Адал еңбекпен ақша тапсам ғана миллионер боламын деп ойлаймын. Арам ақша көпке бармайды екен.

11.03.2013
+2 дауыс
Ерінбей жатпай тұрмай енбек ету керек  еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей
11.03.2013
+6 дауыс

"Адал болып баю мүмкін ба екен?!" ай білмейм...миллионерлерге қарап адал байыған болып көрінгенімен түбінде бір "ісі" болады оны байытқан...білмейм басқаларын,мен мысалы адал баю мүмкін емес деп ойлаймын.реалист болу керек

25.03.2013
+2 дауыс
Ерінбей еңбек ету керек!жұмысыңның жалақысы мол болып,ақшаны оңды-солды шашушды доғару керек!
25.03.2013
+2 дауыс
Ұрлайтын нәрсені,қалай ұрлауды,істеген ұрлығыңды қайырымдылық қылып көрсете білу міне оның құпиясы. Ал еңбекпен болған миллионер бар дегенге сенбеймін.
25.03.2013
0 дауыс
арине1 тиынды тапсаңда бәрін адал еңбекпен,маңдай теріңмен табу керек.Ал ұрлықпен,алдаумен,адамды өлтіріп тапқан ақшаң барібір -харам,Соны есте сақта: Бұл дүниеде не істесеңде,тек осы дүние де қайтады.Жақсылық жасасаңда,жамандық жасасаңда барібір өз басыңа қайтады.
07.04.2013
0 дауыс
Адамдар ақшаға құл болмау керек, ақша бізге құл болуы тиіс емес пе? Ақшаны өзімізге құл ету үшін иманды болып, адами құндылықтарымызды ұмытпауымыз керек деп есептеймін.
10.04.2013
0 дауыс

Мен сендерге бай болу үшін күшті дұға үйретейін:Құдайым-ау! Байлық адамды өзгерте ме, өзгертпей ме? Осыны тексеруім үшін маған мүмкіндік бере көр, Жаратқан Ием! ))

11.01.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы