Наурыз көжеге қосылатын 7 түрлі затты білесіз бе?

+2 дауыс
191k қаралым

Наурыз көжеге қосылатын 7 түрлі затты білесіз бе? Жеті зат дегеніміз не? Оның қандай ырым, нанымы бар? Наурыз мейрамы қайдан шыққан?

Наурыз көжеге дәстүрлі түрде 7 түрлі тағам қосылады. Олар: су, ет (көбіне сүр ет), тұз, май, ұн (немесе тары, бидай), сүт (айран не қатық) және дәнді дақылдар (күріш, арпа сияқты). Бұл «жеті» саны қазақта киелі саналып, молшылық пен берекенің белгісі деп есептеледі. Әр тағам белгілі бір ұғымды білдіреді: су – тіршілік көзі, ет – қуат, тұз – дәм мен тұрақтылық, май – тоқшылық, сүт – тазалық, ал дәнді дақылдар – өсіп-өну мен ырыс-несібе.

Жеті зат қосу – тек ас дайындау емес, ол терең ырым мен нанымға негізделген дәстүр. Қазақ халқы «жыл бойы дастарқанымыз мол болсын» деген ниетпен Наурыз көжені толтырып пісіреді. Бұл күні әр үй көжені көп етіп дайындап, келген адамға міндетті түрде дәм татқызады. Себебі Наурыз көжеден ауыз тиген адамға жыл бойы ырыс-береке дариды деген сенім бар.

Наурыз мейрамы – көктемгі күн мен түн теңелетін кезеңге байланысты шыққан ежелгі мереке. Ол түркі және иран халықтарында мыңдаған жылдар бұрын пайда болған. Бұл күн табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басталуы ретінде қабылданған. Қазақ халқы үшін Наурыз – тек мереке емес, бірлік, тазалық, жаңару мен жақсылықтың символы.

• Санаты: Жалпы сұрақ
өңдеді | 191k қаралым

12 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Құрамы:  ет немесе қазы-қарта, бидай, күріш, тары, тұз, су, айран немесе езілген құрт.

Наурыз көже - Ұлыстың ұлы күніндегі басты тағам. Ол қасиетті 7 дәмнен тұрады, яғни оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты түрлі дән мен ақ қосылатыны белгілі. Жалпы, ұлттық тағамнан алғаш рет ауыз тиген адам оның дәмдік ерекшілігіне тамсанбай қоймайды. Құрамы нақты емес, бірақ өте дәмді тағам. Наурыз көже келер жылғы молшылықтың жаршысы ретінде Наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол - тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы десек те болады.

өңдеді
0 дауыс
Әрине... Құрамына: бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз кіреді.
0 дауыс
Су мен тұз 7 заттың құрамына кірмейді. Сыр бойында олар: сүр ет, сәбіз, сары май, кеспе, күріш, тары сөгі, мейіз. Картоп пен дәмдеуішер қосуға да болады.
Сәбіз, картоп, май???? Бірінші рет естіп отырмын))) Қалай болып шығады?))))*
Керемет дәмді болады! Сүт қосуды ұмытпау керек, айтпақшы ))
0 дауыс
Құрамына: бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз кіреді.
0 дауыс
Ет,күріш,тары,тұз,бидай,су,айран
0 дауыс
Наурыз көжеге:ет,маш, сары жүгері, ақ жүгері, бидай,фасоль, айран
+1 дауыс
Құрамына:ет немесе сүрленген ет,бидай,күріш,тары,қатық,тұз.
0 дауыс
Бидай, ақ немесе сары жүгері, күріш, жарма, ноқаттың бірнеше түрі ( маш, лобия, горох, т.б)
0 дауыс
Сүрленген ет,бидай,күріш,тары,арпа,тұз,су,айран,қатық,айран,жүгері.
0 дауыс
курамы сурленген ет, буршак, арпа, кукуруза, катык, куриш, туз, су, сут, бидай, тары осылай
0 дауыс
Сақталған ,сүрленген ет( сиыр  еті және міндетті түрде жылқы еті)

Айран,тұздалған қатық ,немесе езілген құрт(ерекше дәм береді)

Дән( перловка,бұршақ, т.б)- 7 түрі
Қамыр кеспе тұрінде( жұмыртқамен илеген)

Су
Тұз
0 дауыс
Ет немесе қазы қарта,айран немесе қатық,бидай,тұз,су,тар,күріш

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,937 қолданушы