Інілеріңді ұрмай соқпай қарағаның өте дұрыс. Кішкентайынан таяқ жеген бала шын өмірде жігерсіз болып қалуы мүмкін, момын болып, яки сорлы біреу болып шығуы мүмкін. Әрине, ол айналасындағы көрегенді адамдарға байланысты деп ойлаймын. Десе де, ұрмаған дұрыс. Ол оның өміріне бір кедергінің себебі болуы мүмкін.
Сөзді тыңдату үшін, басында жәймен алдап істету керек. (Алдап тұрғаныңды білдіртпеуге тырысып) Ұрсып істету уақытша дүние, іштей ашуланып жүретін болады. Кейін өскен соң, ашуын сыртқа шығара бастайды, кейін тіпті қарсы шығуы да мүмкін. Тыңдамай қойса, қолдан келер шара болмай қалады, әрі қарай қатынас суып кетеді көп адамдардың арасында.
Адамды тыңдатуды мынадай бір жақсы тәсілі бар: алдымен одан "иә" сөзін немесе бір құптау сөзін естіп алу керек. Содан соң талап қою біршама нәтижелі болады. Мына бір жағдай:
Адам көркі шүберек демекші, біреудің жейдесінің бір жері жыртық екен делік. Оған барып: кемсітіп, тәкәппарлана ескертсе, ол адам намыстанып сенің не жұмысың бар деп ашулануы мүмкін. Сосын оған мән бермей, үнемі осылай ескерту ести берген соң ол адамда психологиялық құлдырау, өзін өзі төмен бағалайтын сезімдер пайда бола бастайды. Ақыры, бір адамдық кейпі бар, жігерсіз біреу шығуы мүмкін.
Оған былай айтсаңыз ше: Адам көркі шүберек қой. (іштей келіседі ол), Сізге/саған ескерту жасайтындай сенің не шаруам бар (іштей яки сырттай құптайды), бірақ мына жердегі жыртылған жер менің көзіме ілініп қала береді. Ренжіп көңілге алмағын, көңілге алатындай да дүние емес қой. (Ол адам іштей өзі қызарып кетеді, өз кемшілігін өзі түсінеді сіз айтпай-ақ). Жалпы, адам өз кемшілігін өзі түсінуіне мүмкіндік берген дұрыс, өзіңіз бетке былш еткізіп көзге сүйкімсіз көрінгеннен гөрі.
Сосын, адамға ескерту жасағанда, оның жеке басына ешқашан тиіспеген дұрыс. Сіздікі дұрыс болып тұрса да, жеке басына бағытталған сөзге намыстанып, ескертуді кемсіту деп қабылдайды көпшілігі. Тек болған оқиғаға ғана тоқталып, оны түзетуіне мүмкін беру керек.