+1 дауыс
1.4k көрілді
Кейде өз бойымда мынандай сәттер болады: дала жып-жылы, бірақ суық болғандай дірілдеймін.Ол неліктен?

Сіздерде бола ма осындай сәттер?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Денеңiздiң имунитетi жылыға(даладағы) үйренiсе алмағанынан шығар. Менiң ойымша бұның түк зияны жоқ, менде болады ондай жағдай, бiрақ жиi емес.
–1 дауыс
Иә болады ол тітіркенгіштік қасиеті, сезім мүшесі,

Тітіркену, тітіркендіру – тірі тіндерге (ұлпаларға) әр түрлі тітіргендіргіштермен әсер ету. Тітіркену негізінде тітіркенгіштік қасиет жатады. Соның нәтижесінде клеткалар мен ұлпалардың өсу және көбею, тірі құрылымдардың қоршаған орта жағдайларына баяу морфологиялық бейімделу процесі жүреді. Тітіркенудің сипаты мен тірі тіндердің (ұлпалардың) арасында тығыз байланыс болады. Осыған байланысты тітіркенудің үш заңдылығы бейнеленеді.

    Күш заңы – тітіркендіргіш неғұрлым күшті болса, соғұрлым белгілі бір шекке дейін тіннің (ұлпаның) жауап реакциясы да күшті болады. Тітіркендіргіштің қозу процесін тудыратын ең аз күшін тітіркену табалдырығы деп атайды. Бұл күш тіннің (ұлпаның) қозғыштығына байланысты. Ол қозғыштық неғұрлым жоғары болса, оны қоздыру үшін тітіркендіргіштің аз ғана күші жеткілікті.
    Мерзім күші – тітіркендіргіш мерзімінің әсері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым (белгілі бір шекке дейін) тіннің (ұлпаның) жауап реакциясы да күшті болады. Қозу процесі пайда болу үшін тітіргендіргіш әсері белгілі бір мерзімге созылуы керек. Тітіркену табалдырығының әсерімен қозу процесінің пайда болуы үшін қажет уақыттың ең аз шамасын тиімді мерзім деп атайды. Тітіркендіргіш күші мен оның әсер мерзімі арасында белгілі бір тәуелділік болады.
    Градиент заңы – тітіркендіру градиенті неғұрлым күрт, шапшаң болса, соғұрлым (белгілі бір шекке дейін) тірі тін (ұлпа) реакциясы күшті болады. Бұл үшін тітіркендіргіш күшінің өсу шапшаңдығы – градиенттің маңызы зор. Тітіркендіру градиенті баяуласа, қозғыштық табалдырығы жоғарылайды. Тітіркендіргіш күші баяу өссе, қозу процесі туындамай да қалады.
Немене көшіргесің?Әуреленіп?
Сұрақты дұрыстап ұғып алсашы.
Бірақ, жауап бергеніңе рахмет.
Өзiңнiң көшiргенiңе көз салып қой арасында қателер бар.) күш заңы))
Нұркен, а так адамдардың барлығы да қателеседі. Ұғып қой.
...