1.Арқаның ардагері атанған Ақан (Ақжігіт) —
қазақтың ән өнері аспанында зор даусымен асқақатата жыр нөсерін ақтарып ондағы
тамаша таланттың айқын көрінісі есепті сегіз қырлы, бір сырлы ардагер азамат.
өзі өмір сүрген дәуір шындығын ән-музыка, өлең — жыр туындылары арқылы бейнелей
білген, ұлы суреткер, компазитор. Ойлы, сырлы ғажайып шығармаларын өз даусымен
орындап, қалың елге кең таратып, тыңдаушының құлақ құрышын қандырған топшысы
болат дауылпаз. өмір сүрген ортасынан озат шығып, асыл өнерімен де, жеке бас
әдет-мінездерімен де, жүріс — тұрыс, киім киіс, сән-салтанатымен де даралана
көзге түскен қазықтың ең қадірлі серісі. Асып-таспай, жабырқап жасымай әр кез
арын таза ұстай білген, жақсылық пен әділеттік жолына белін бекем буған,
ақыл-парасаты биік саналы гуманист.
2(1)Ақан сері - тек әнші-композитор ғана емес
әрі үлкен лирикақын.Әсіресе
оның көп өлеңдері –
сүйіспендікке арналған махаббат лирикасы. Жасынан сұлулықты
сүйе білген сері
ақын жастық өмірдің сан алуан қызығына , сүйіспендік мәселесіне
арналған
лирикалық өлеңдерін ән сазына салып шығарды. Махаббат бостандығын көксеген
сиқырлы сырлы
өлеңдер жастардың көңіліне қона кетті .Жастық шақтың жүрек
толқынын ,
жан сезімін Ақан сөз арқылы толғады . Ақан даңқы әнімен ғана емес , « Ақ көйлек »
тәрізді
әдемі лирикасымен де шықты .
Бірқатар өлеңдері
заман
туралы ақынның көзқарасын, ой-сезімін көрсететін саяси
лирикалар тобына жатса,
бір алуаны, тіпті көпшілігі дерлік, махаббат, достық, жастық
тақырыбындағы
лирикаға жатады.
Өлеңдеріне қарағанда, Ақанның эстетикалық сезімі, талғамы
өте
нәзік, өте күшті. Өмірдегі не сұлу, не әдеміліктердің бәрі
де Ақанның
ой-сезімін толқытып, жанына сусын береді. Ақынды әдемі
табиғат та, алғыр қыран
да, жүйрік ат та сұқтандыра қызықтырып, сұғына жырлатады.
Сезімін оятқан әдемі,
көркем құбылыстардың қай-қайсысын болса да, ол егіле, беріле
суреттейді. Оның
«Ақиық пен ақ түлкі», «Ақ көйлек», «Сұлу қызға» т.б.
лирикалық өлеңдерінен сұлулықты
машықтай, сүйсіне жырлайтындығы айқын аңғарылады. Ақын
адамның түсі де, ісі де,
жаны да сұлу болуын тілейді.
Жайықтың ақ түлкісі
аралдағы,
Алдымнан сен бір шыққан марал-дағы.
Формыңа төңкеріліп жайдым қанат,
Шарықтап ақиықша Оралдағы…
Оның балау
(метафора), теңеу үшін алып отырған ақ түлкі, ақ
маралдары - өмірде сирек кездесетін, оңайлықпен қолға
түспейтін сүйкімді
хайуанаттар. Ендеше, ақынның да арман еткен сұлуы -
оңайлықпен қолға түспейтін
жан. Бірақ Ақан күдерін үзбейді, қияға қол созып, қиыннан
тоят іздейді. Бұл оған
сүюшіліктің бір шарты тәрізді көрінеді.
2.(2) Құлагердің
жау қолынан қаза табуы Ақан өміріндегі үлкен трагедия.
«Құлагер» - халыққа көп тараған Ақанның ең
даңқты өлеңінің
бірі. Жаулары соққыға жығып, мерт қылған атын іздеп табады
да, басын ұстап
отырып, Ақан сол жерде-ақ атына арнап ән және өлең шығарады.
Бұл кейін «Құлагер»
әні аталып кетеді. Тегі жағынан «Құлагер» күйініш лирикасына
жатады. Өйткені оқиғаға
ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, сол жағдайға байланысты
оның сезім дүниесіндегі
күйінішін суреттеу жағы анағұрлым басым.
«Құлагер» өлеңінде Ақан атының өлімімен байланысты өз
басындағы ауыр халді өте шебер бере білген. Атын жақсы
көретіндігі де, зорлықшыл
үстем тап өкілдерінің жауыздық қиянатына қарсы іште қайнаған
ыза, кегі де,
аяулы жануардың өлуімен байланысты оның күйініші де өлеңнің
әр образынан-ақ байқалады.
Құлагер мерт болды деп алғаш естігенде, Ақанға ол жай
түскендей
қатты әсер еткен. Ақын сол секундтағы күйінішінің ең
шарықтау шегіне жеткен
жерін:
Құлагер мерт болды
деп естігенде,
Жұлдым да сақалымды,
ойбайладым, -
деп суреттейді.
«Құлагер»
өлеңінің екінші бір құнды
ерекшелігі ақынның өз басында болған психологиялық
өзгерістерін көркем бере
алуында. Сонымен қатар ақын атының портретін де, жүйріктік
қасиетін де өте
шебер түрде суреттейді.
Ақынның
«Құлагерін» оқығанда, оқушылар Ақанмен бірге күйініп,
оны шексіз аяп, аяулы жануарды мерт қылған жауыздарға
лағынет айтып отырады.
Екі рулы елдің мақтаны болған жазықсыз өлтірушілердің
зұлымдығына зығырданы қайнайды.
Өлеңде сезілетін ақынның азалы үні, қасірет-қайғысы, қатты
күйініші баршамызға
ортақ; ол - қараниет арам жауға мәңгі өшпес лағынет таңбасы,
халық қарғысы. Өлеңді
зер салып оқыған сайын зорлықшыларға қарсы ашына түсеміз.
Қорыта айтқанда, Ақан - өз кезіндегі ірі ақынның бірі. Ол
әлеумет
өміріндегі
әртүрлі мәселелерді тақырып етіп, ел басындағы қысымшылықты көре
білді. Ол қазақ
поэзиясына өшпес еңбек етіп, адамның күйініш-сүйінішін
суреттеудің
үлгілі, өнегелі туындыларын қалдырды. Жастардың эстетикалық сезімін
оятып, әдемілікті
сүйе білуге тәрбиелейді. Ақан - ақын ғана емес, ірі әнші,
дарынды
композитор. Оның жан сезіміңді тербететін әйгілі әдемі әндері бар. Ақан
әні қазақ
халқының рухани сусыны болып келеді. «Сырымбет», «Үш тоты», «Құлагер»,
«Қара торғай»
тәрізді ән шоқтығы қазақ еліне тегіс жайылып, әннің авторына,
талантына бас
игізді. Көп әнші, композиторлар Ақан әнін өздеріне үлгі етті. Ақанды
ұстазы деп
таныды. Бұл жағынан да Ақан - кейінгі ұрпаққа қымбат. Ақан әндері қазақтың
опералық
искусствосынан кең түрде орын алды. Ақан еңбектерінің бұл жақтары оны
біздің сүйікті
ақынымыз ғана емес, ардақты композиторымыз етті. Оның қалдырып
кеткен асыл
мұрасы - халқымыздың игілікті қазынасы.