0 дауыс
1.4k көрілді
ұлтшыл мен патриоттың айырмашылығы қандай,сіз өзіңізді патриотпын деп есептейсіз бе,әлде ұлтшылсыз ба?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қысқаша айтқанда:

Патриот - өз елін, отанын сүйетіндер (мысалы біздің елде қаншама өзге ұлттың өкілдері бар, Қазақстаным деп жүрген басқа ұлттан болса да, мысалға келтірсем тіпті көп қой Ильиннен бастап жазушы Бельгер (ол неміс)

Ұлтшыл - ол нацизмнің тікелей аудармасы (ол менің аударғаным емес, ресми әдебиеттерде солай аударып жүр), өз ұлтын өзге ұлттардан жоғар қою, яғни өзгелерді кемсітушілік

Сосын тағы бір сөз бар Ұлтжнады деген - ол өз ұлтын мақтаныш тұтатындар
Мен Жазған жауабым (менiң ойымнан шығарған жауап емес, кезiнде солай оқыдық)  ұлтшыл деген олай емес, аты айтып тұрғо! нацизм дегендi дұрыс аудармаған!
+4 дауыс
Ұлтшылдық - ол ата-баба қанымен ұрпақтан-ұрпаққа тарайтын қасиет деп білемін. Ұлтшылдық дегенде ол өз ұлтыңды тек қана жақсы көру емес, сонымен бірге өз ұлтыңа бір жақсылық іс жасау. Кеңестер кезінде ұлтшылдық деген ұғымға жақсы қарамады.Ол кезде саясатта, идеологияда осы ұғымға қарсы әрекет жасалды. Осының салдарынан салт-дәстүр, дін, ұлттық мәдениет, қазақи менталитет, т.б. асыл қасиеттеріміз көлеңкеде қалды, ұрпақ жадынан көмескіленді, тыйым салынды. Қазір Аллаға шүкір, тәуелсіздігімізді алып, жоғалған, ұмытылған дүниелерімізді түгендеуге кірістік. Әлі де жетіспейтін, мән берілмей жатырған мәселелер баршылық. Патриот деген сөз ұлтшылдан айырмашылығы айтылуы басқа мағынасы бiр (яғни, синоним)! Көбiне осы екi сөз бiрге жүредi (Ұлтшыл патриоттар)! Мен патриотпын! Дәлелде десең дәлел дер ем! Жауабым толық болдығой деп ойлайм.
рахмет,толык жауап бергеніңізге
Оқасы жоқ, ЖЖ бассаң вооще күштi болады)
Мүлдем олай емес, екеуі басқа мағынадағы сөздер!
ал,ендеше екеуінің айырмашылығын айырып жазып жіберіңіз
0 дауыс
Патриот - өз елін сүйетін, ол үшін өтірік айту мен арамдықтан басқасының бәріне баратын, елінің ертеңіне алаңдайтын азамат. Өз елін сүйеді, өзге елдерді құрметтейді.

Ұлтшыл - өз ұлтын зор, басқаларын қор санайтын, ұлтаралық жанжалдарды жақтайтын жатыпішер арамтамақ))
...