0 дауыс
10.1k көрілді
маған шеркеш руының Қаракемпір бөлімі туралы деректер керек,қаракемпір бөлімі қайдан тараған,неге қаракемпір деп аталған,кім біледі?

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Атам қазақтың руың кім дегені-сенің әлемге әйгілі үлгі болған ең Ұлы атаңның аты кім дегені. Жауап - Шеркеш, яғни біздің рудың аты "ШЕРКЕШ" ру бөлімдерден құралады. Бөлім бір анадан немесе бір атадан таралған ұрпақтардың бірлесіп өмір сүруінен пайда болады. Бөлімге кіретіндер бір-біріне қан жағынан туыс адамдар. Негізі бізді Шеркештің Қойыс бөліміне жатқызады, бірақ басынан Шеркеш-Қойыс демей, Шеркеш-Қаракемпір деп кеткен. Неге бұлай деген сұрақ туындайды. Жауабын Дербістің Қойысқа кім болғанынан табуға болады. Дербіс батырдың әкесі Жайық ерте өмірден өтіп Дербіс әкесінің інісі Қойыстың қамқорлығында болған. Қойыс заманында белгілі батыр, қолбасшы болған адам.

Қойыс пен Дербіс серт еткен,
Серт еткен жауын мерт еткен.
Шеркештен батыр көп шықты,
Ол заманда ерте өткен.                                                      
Оның соңына ерген інісі Дербісте сондай дәрежеге көтерілген және ұрпағы көбейіп, өсіп бір бөлек ауыл болған. Бұл жерде Дербіс және оның балалары шыққан от басын Қойысты ескермей өздерін Дербіс деп атауға дайын болмаған, сондықтан Зылиха анамызға халық қойған атпен өздерін Қаракемпір ауылымыз деп атап кеткен болуы керек. Зылиха анамыз бүкіл Дербіс әулетіне ұйтқы болып, жөн үйреткен, жол көрсеткен адам екен. Халық арасында Қаракемпір Зылиханың жақсылықтары туралы айтылатын қария сөз көп. Нақты айтқанда Қойыс ата ауылынан бөлініп шыққанда өздерін дереу Дербіс бөлімі деп бөлмей халық қойған жалпы атпен Қаракемпір деп атап кетсе керек. Бұл жерде Дербіс атамыз өзіне қамқор болған ағасын сыйлап өз ауылына тікелей өз атын немесе әкесі Жайықтың атын бермеген. Бұл дала тәрбиесі, үлкенге деген құрмет, оған деген ізеттілік. Аяғын бөлек салып, сол кезде басқа атпен бөлініп кетсе, онда ол шыққан жерін, ұшқан ұясын, тәрбиелеген ағасын ұмытқан адам болар еді. Бұл жерде Дербіс балалары жалпы халық қойған атпен Қойыс ата ұрпақтарынан бір бөлікке бөлініп, өздерінің ағайын арасында бір бөлек аталық қауым екенін Қаракемпір деген атпен келер ұрпаққа тарих өзі кіргізген.

Дербіс (қаракемпір) ұрпақтары тобынан үзінді

Мәтінді жолдаған: Макимов Аманбек Жетесбайұлы 8-702 569 8342

29.09.2022ж.

0 дауыс
Интернеттен неге іздемейсін Өзің үшіін керекқойй.........
0 дауыс
Дербіс деген шалды кемпірі билеген содан Қаракемпір деп аталып кеткен деп естідім,
0 дауыс
Ол кате естиген насте, Атамыз Дербис ел коргаган атышулы адам болган, сондай бир жаукершилик заман уакытында Адай руынын сыйлы азаматы Атамыздын уйне тустенуге токтаган екен мыс, Атамыз уйде жок содан Шешемиз ол кисини жоктатпай казан котерип ет салып, конак асын берип шыгарып салган екен деседи! Содан жонекей кездескен жон сураскан адамдарга Дербистин Кара кемпири ер адамга бериксиз жан екен деп аса ризашылыкпен айта журген екен, Шешемиздин аты содан шыгып кетсе керек деседи! Шеркеш пен Дербис серт еткен! Серт еткен жауын мерт еткен! Шеркештен батыр коп шыккан! Сол заманда ерте откен!
0 дауыс
Ол шешеміздің аты Зілиха болған.
0 дауыс
ҚАРАКЕМПІР АНА

Шежіре дерегінде Кіші жүз Қыдырсиықтан − Шеркеш, одан − Қосым, Қойыс, Жауғашты, Шумақ, Қылышкескен туыпты дейді. Осылардың Қойысынан − Дербіс туады. Дербістің бәйбішесі Зылиха деген кісі, өңі қара болған соң «Қаракемпір» аталып кеткен көрінеді. Бүкіл Дербіс әулетіне ұйтқы болып, жөн үйреткен, жол көрсеткен адам.

Дербіс батырдың бәйбішесі Зылихадан − Тоқтар, Базар, Қошқар, екінші әйелінен − Түрке, Шыңбай, үшінші әйелінен − Сатай, Сатылған туған. Дербістің осы үш әйелінен тараған ұрпақтан жөн сұраса «шеркешпіз, оның ішінде қаракемпірміз» дейді. Сөйтіп, Қаракемпір ру атына шыққан.

Қаракемпір (Зылиха) туралы айтылатын қария сөз көп. Бірде әлімнің ел қамымен жүрген жақсы-жайсаңы жолаушылап келе жатып Сағыз бойында отырған Дербіс батырдың үйіне тап болыпты. Дербіс батырдың өзі үйде жоқ екен, сыйлы қонақтарға жақын жерден алдыра қоятын малдың реті болмай, Зылиха сол жерде  Дербіс батырдың жауға мінетін екі атының бірін сойып, қонақтарды құрметтеп аттандырыпты. Әлімнің жақсы-жайсаңы былай шыққан соң «Апырай, Дербістің құты үйіндегі Қаракемпірі екен ғой!» деп таң-тамаша болысыпты.

Содан, Дербіс батыр үйіне келеді. Бәйбішесі Зылиха: «Әлімнің алты жақсысы келіп еді, ақтабан атыңды сойып құрмет көрсеттім» депті. Сонда, Дербіс батыр «Әлімнің алты жақсысына құрмет көрсеттім дегенше, мені алпыс жауымнан құтқардым десейші!» деген екен.

Қаракемпірге (Зылиха) халықтың құрметі сияқты ел ішінде тартылатын «Қаракемпір» атты күй бар. Cондай-ақ, Батыс Қазақстан облысына қарасты Казталовка ауданында «Қаракемпір» деп аталатын елді мекеннің де бар екенін айта кеткен жөн.
0 дауыс
Ози жетті атамды билемин карау кемпірден бастап
...