Қауымдастық туралы
Осыдан 5 жыл бұрын яғни 2019 жылдың 15 сәуірінде кәзіргі заманға сай WhatsApp желісі арқылы Дербіс Ата (ҚАРАКЕМПІР) қауымдастығы құрылған болатын. Бас әкімшісі: Ақтөбелік Байжауын Бисенбай Смағұлұлы. Тіркеуші: Атыраулық Макимов Аманбек Жетесбайұлы.
Қауымдастықтың негізгі жалпы мақсаты: Қазақта жеті атасын білген ұл – жеті жұрттың қамын жер, өзін ғана білген ұл – құлағы мен жағын жер деген, дана сөз бар. Шежіре тақта бойынша Кіші жүз, он екі Ата Байұлы құрамына кіретін Шеркеш – Бөтік - Жайық - (Қойыс) – Дербіс. Осы Дербіс атамыздан тарыдай шашылған 10 (он) ұлы – Қоғам, Тоқтар, Базар, Жанас, Нәзік, Сатай, Сатылған, Түрке, Шыңбай, Құлмас ұрпақтарының басын қосу, араласу – құраласу, танысу болатын.
Қауымдастық құрылғаннан кейін 2019 – 2022 жылдар аралығында еліміздің түпкір – түпкірінен Дербіс Ата ұрпақтары тіркеле бастады. 2019 - 2022 жыл аралығында Қауымдастыққа тіркеу жұмыстары қатаң сақталды, яғни тіркелген ағайынның толық аты – жөні, туған жылы, жеті атасы, тұрғылықты жері туралы есепке алынып отырды. Кейінгі жылдары тіркеп жазып отыру мүмкін болмай кетті.
Сол кезде болып жатырған, еліміздегі пандемияға байланысты үлкен бас қосу мен кездесулердің сәті болмады. Алайда елдегі ахуал басылғасын 2022 жылы алғаш рет Дербіс Ата құрылтайын өткізудің сәті түсті. Алғашқы құрылтайдың басты себебі: Еліміздің батыс өңірлері Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Орал бойынша ағайындардың көптен айтылып келе жатырған бастамасымен, Ата бабалары қыйын қыстау заманда Каспий маңын паналап және көршілес елдерге кеткен бауырларды және еліміз бойынша, әсіресе Дербіс Ата ұрпақтары кең жайлаған батыс өңірлеріндегі Жайықтың Самар және Бұхар беткейі, Ойыл – Жем - Сағыз бойындағы Дербіс ата ұрпақтарымен бетпе - бет жүздесу, танысу болатын. Тарыдай шашылған бауырларымызды бір ортаға ұйымдастырып, болашақта бірімізді жақын танып, табысып араласып жүрейік деген мақсатта, Дербістен кейінгі Аталары туралы жазба деректер қалмаған бауырларға - бірімізден біріміз сұрастырып үлес қосу, көмектесу және де сол кезде жоспар бойынша басталғалы жатырған үлкен жоба, ұранымыз "Шағырай" Ата - және "Орақ" Әулие кесенелерінің құрылысы аясында, бөлімге берілген барлық тапсырмаларға үлес қосуға дайын болуды насихаттау болатын.
Кәзірде құрылған қауымдастықтың арқасында ағайын арасында ауыз біршілік қалыптасты. Құрылтай - ас беру, бас қосу – танысу, көрісулерді айтпағанда, ағайын арасында қайғылы жағдайда қаржылай көмек беру, қуаныштармен бөлісу және айт мерекесінде құрбандық шалып тарату қалыптасты. Жалпы 2019 – 2024 жылдар аралығында 5 жыл ішінде ағайынның ауыз біршілігі арқасында қауымдастық арқылы біраз шаруалар атқарылды деседе болады.