Өнер | 344 қаралды
344 қаралды

Қазіргі таңда қалтасында ақшасы, төбесінде беделді ағасы бар ағасы барлардың барлығы шет-шетінен әнші немесе әншісымақтар. Осы кезде бізде қазақ эстрадасындағы топтар мен әншілер туралы сұрақтар туындайды.

1. Заман тобы заманының зарын айтып жүр ме әлде аузына келген әнді айтып жүр ме?

2. Жел ұшырған қаңбақтай Самалдың бар ма тұрағы? Әндеріне айтар сын бар ма?

3. Қайрат шықса саханаға көрермен қолын соғады. Қыздардың жүрегін жаралағанмен ол әншіге сын бар ма екен?

4. Шындықты халық сөйлейді, Мөлдірдің айтқан әндері өзіне сай келмейді(Әуелбекова)! Қазіргі таңда айтып жүрген әндері өзінің даусына келмейтін секілді. Оған басқа ән айту керек сияқты! Қалай ойлайсыздар?

5. Беріліп кірген әуенге, Түнтеков түсті түрмеге. Бұл әнші саханаға шыққанда ел қайтадан бұрыңғы қалпында қабылдай ала ма?

6. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер. Шынында да әнші көп, Окапов шықты әнші боп. Али кімге ұқсап әнші болып жүр? Ел бұл жұлдызын қалай бағалауда?

Әзірге осы айтарым

Сөзіме болса сындарың.

Ашып айтып тастаңдар

Сыртымнан сөз қылмағың.

Атап айтқан әншілерге айтар сындарыңыз, ұнамайтын жақтары бар ма. Айта отырыңыздар. 

Халық айтса, қалып айтпайды!

 

9 жауап

Қазіргі кезде дауысы емес ақшасы барлар әнші!!! 1000$-ға ән, 1000$-ға сөзін жаздырады!!! 10000$-ға клип түсіріп бір күнде әнші болып шыға келеді!!! Саны бар сапасы жоқ!!!!

Заман тобы өзінің дауыстарын көрсету үшін кең диапазонды әндер айтады!!!  Әсіресе Ергеннің жасағанын екінің бірі қайталай бермейді!!!  Сен жай ғана тыңдарман болғасын саған сондай боп көрінеді !!!

Қайрат Нұртастың стилі сондай!!!  Әндерін ай сайын жаңартып отырады басқа әншілер сияқты жылыны емес!!!

Мөлдір мен Самалдың әндерін тыңдамаймын!!!

Қайрат Түнтековке айтарым жоқ!!! Кім не десе де Қайратты қолдаймын!!!
Жақсы Жауап
Белгісіз
Қазір шыныменде не көп әнші көп, (как-будто) ауыз болса болды дегендей ғой (көпке топырақ шашпайын), дауыстары жоқ болсада айтады.

Бұл әншілерге келер болсақ, бұл әншілердің өлеңін тыңдамаймын.
Белгісіз
Қазір аузы бардың бәрі әнші ғой.Әсіресе жаңадан келген жастар.Таңғалатын түгі жоқ.Бірақ көпке топырақ шашпайын, қазіргі сахнада керемет дауысы бар әншілер де бар.

Ал Қайрат Түнтековті енді сахнадан көрмейтін де шығармыз.Себебі ол бір сұхбатында "бизнеске кетемін, сахнаны тастаймын" деген болатын.
әншілердің көбейгені жаксы бірақ сауаты да ,даусы да жоқ әншілер керек емес.
бұл жердегі 2 қайратты да тыңдамаймын!сондықтан қосылам
Шынымен қазіргі кезде әншілердің саны көп сапасы жоқ кейбір жас әншілердің дауысы да жоқ
Сан емес сапа жағы маңызды ! Бірақ даусы зор әншілеріміз жоқ емес ! Даусы жоқ әншілерімізде баршылық ! Бірі мен ұнатпайтын Маржан  Арапбаева
Белгісіз
Жас әншілердің арасында бар жақсылары ендігі шығатыны Тарздың баласы Асанов Адлет Авиор даусы нағыз қазақы дауыс алдағы уақыттарда шығып калар
бұрын ұялмаған әнші болады дейтін еді,қазір ақшасы барлар әнші болатын болды.Әншіні өнеріне,даусына,талантына емес,түріне қарап бағалайтын болған сияқты осы күні.қай әншінің түрі әдемі сол жұлдыз болып шыға келеді
118,353 сұрақ
305,187 жауап
153,293 пікір
67,535 қолданушы