+1 дауыс
2.9k көрілді

   Кейде өмірден түңіліп кетемін. Бір қиындықтан құтылғанда екіншісі жағама жармасып тағы бірі балағымнан тартады. Осындай кезде көзіме ыстық жас келіп, ыршып өтіп кетеді. Басымдағы қиындықты, ішкімді сырымды айтарымды білмеймін. Ешкімге тірі адам баласына сенбеймін. Біреулер ішкі сырын анасымен(жақындарымен) бөліседі. Ал,мен болсам... Жан досым деп есептейтің ақ қағазға мұңымды шағамын! Әрине ол маған тіл қатпағанмен, түбінде қиындықтарды жеңіп шығатынымды, өмір жолдары соқпақты оны ізгілік жеңетінін үйретті. 

   Ішкі сырың ішіңде қалмасын! Сырыңызды кімге айтасыз?

9 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Мен жан дегендегі жалғыз досыма сырымды айтып едім,ол сырымды сақтай алмады! Сол уақыттан бастап, сырымды күнделігммен бөлісетін болдым! Сырды ұзақ өзіңде сақтайтын болсаң, ол қандай да бір психологиялық ауруға яки сары уайымға әкеп соқтыруы мүмкін! Ал ендеше достар сіздерге берер кеңесім-сырларыңызды күнделікпен бөлісетін болсаңыздар, өте жеңідеп қаласыздар! 

0 дауыс
Мен ішкі сырымды ешкімге айтпаймын. Құпияшылмын! Осы ісм үшін құрбым маған ренжейді. Сырымды адам баласына айта алмаймын. Тіпті ақ қағазға түсірмеймін де. Тек қана өзіммен-өзім...
0 дауыс

Сырыңды айтпа досыңа! Олда айтар досына!

Менімше, Сыр - сыр болып қалуы керек өзіңде, басқаға айтып қайтесің басқаның өз сыры өзінде!

0 дауыс
Достарыма ғана айтамын. .
0 дауыс
Ашылмайтын сыр болмас ! Менде сыр сақтай алам ! Жақын досыма анда санда айтам
0 дауыс

Сырыңды ешкімге айтуға болмайды! Өмірде неше түрлі болады, жан досың сатып кетуі де  мүмкін!  Көптеген адамдар қазіргі кезде күнделік ұстайды, барлық сырыңды, ойыңды жазу үшін сен де бастап көр...

сатпайтын адал достарда бар екенин есне салып койайн
салмай-ак койш?!
+1 дауыс
Мен де бұрын қағазға жазатынмын. Қазір ешкімге жарияламаймын.
0 дауыс
Мен сырымды досыма айтамын кішкентайдан келе жатқан досыма
0 дауыс
Менен екі жас үлкен бөлем бар соған айтамын ол оған шешім қабылдауға көмектеседі меніңше бір адамға айтқан дұрыс

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
Қазақ баласы (кешіріңіз, атымды жариялағ 11.11.2023 Өмір, Тіршілік сұрақ қойды
...