Ораза сұрақтар | 2.2m қаралды

Ораза ұстағанда сәресінде және ауыз ашарда айтылатын дұға жазып жіберсеңіздер. Ауыз жапқанда және ауыз ашар дұғаны жазып жіберсеңіздер.

Ауыз ашардағы дұға мен ауыз бекіту дұғасы қажет?

Ораза айы сурет

Сұрақтың жабылу себебі: Жақсы жауап алынды

9 жауап

Тамақтан соң айтылатын тамаша тілек. «Уа, Алла! Бізге тамақ берген, сусын берген кісіні Сен де тамақ беріп, сусындандыр әрі оған құт-береке бер!»

Сәресіде айтылатын дұға:

 نَوَيْتُ أنْ أصُومَ صَوْمَ شَهْرُ رَمَضَانَ مِنَ الْفَجْرِ إِلَى الْمَغْرِبِ خَالِصًا لِلَّهِ تَعَالَى

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауыз ашарда оқылатын дұға:

 اللَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ شَهْرِرَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدَّمْتُ وَ ما اَخَّرْتُ

Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».

Мағынасы: «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

Тұтпақ болған оразаңыз қабыл болғай! Алла тағала ниетіңізге қарай сауаптан жазсын! Әмин!

Жақсы Жауап
Бұл Раджаб айында айтуга болама
Сосн раджаб айында кай уакытта ауыз бекитип кай уакытта ауыз ашуга болады

Оразаның парыздары

Оразаның үш парызы бар:
1) Ниет ету.
2) Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау.
3) Имсак уақытынан күн батқанға (ақшамға) дейінгі аралықта оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу.

Оразаға ниет

Рамазан және нәпіл оразаға ниеттің алғашқы уақыты күн батқаннан (ақшамнан) кейін басталады. Соңғы уақыты ертеңіне түскі намазға бір сағат қалғанға дейін болады. Ал қаза және кәфарат оразаларының ниеті ақшамнан имсак уақытына дейін жалғасады.

Рамазандағы оразаға ниет еткенде ақшамнан имсак уақытына дейін «Аллаһ разылығы үшін ертең ораза тұтуға ниет еттім», имсактан кейін «Аллаһ разылығы үшін бүгін ораза тұтуға ниет еттім» деп айтылады. Жаңылысып қате айтылса да ораза тұтатын күні мәлім болғандықтан зияны жоқ. Рамазанда бір айлық оразасы үшін жалпылама бір рет ниет етуге болмайды, әр күні үшін бөлек-бөлек ниет ету парыз болып табылады.

Түнде жатарда тамақтанып немесе тамақтанбай ниет етсе, кейін түнде оянғанда, сәреге тұрғанда тамақтанудың зияны жоқ. Тіпті кешкі ас кезінде ертенгі оразаға ниет етіп қою жақсы болады. Ниеттен кейін имсак уақытына дейін ішіп-жеудің зияны жоқ. Рамазанда «ертең тісім ауырмаса ораза тұтамын, ауырса тұтпаймын» деген секілді күмәнды ниетпенен ораза тұту сахих(дұрыс) болмайды.

Ауызашарда

Күн батқаны анық болғаннан кейін алдымен әузу-бисмиллә айтып: «Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб» дұғасы оқылады. «Ей кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел бүкіл мұсылмандарды ғафу ет» деген мағынаны білдіреді. Артынша «Йа Раббым, Сен үшін ораза тұттым және Сенің берген ниғметтеріңмен оразамды ашқалы тұрмын. Мені, ата-анамды және барлық мұсылмандарды кешіре гөр» деп айтып, мүмкін болса құрмамен немесе сүт, яки сумен ауыз ашқан жақсы.

Бір-екі жұтымдық нәрсе жегеннен соң «Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл ажр иншааллаһу та’ала» дұғасын оқып, тамақ ішуді бастайды. Бұл ауызашар (ифтар) дұғасының мағынасы:

Аштық бітті. Тамырларымыздың сумен қауышу уақыты келді. Иншааллаһ сауап жазылды.

Салеметсиздерме. Сурайын дегегим апьасына 1кун ягни бейсенби сайын ораза устайтын кисилер бар екен. Ол дурыс па? Дурыс болса оразаны аты барма? Жане ауыз ашарда жане саресинде окылатын дугалары болса жибересиздерма.
Бейсенбі, сонымен қатар дүйсенбі күні ораза ұстау сүннет амалдардан болып табылады.Мүмкіндігінше бұл сүннетті орындасаңыз сауабы бар.Атына келсек, арнайы аты жоқ, тек сүннет.Бұл күндері ауыз бекітсеңіз Рамазан айының оразасындай дұға жасай бересіз.Ауызашар сәтінде қалаған көбірек дұға жасаған дұрыс.Себебі, ораза ұстаушының ауызашар сәтіндегі дұғасы қабыл.
Салеметсиздер ме?Мен намаз окыгым келеди бирак калай бсатарымды билмеимин паракка карап окысам болады ма?Ораза устадым аузым берік Отініш маган кишкене болсада комектериниз болса,мен кате жасап коямын ба деп коркамын биринши кай сурени, екиншиши калай окылатынын билмеи басым катып жур!
Бирнши Фатиха суресин окисын

Ораза ұстағандарға мына нәрселерді жасау — мұстахап*:

1. Бір жұтым су да болса сәресіде тұрып, ішіп-жеу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл тұрғыда: «Сәресіге тұрыңдар. Өйткені, сәренің тамағында берекет бар»(Бухари, Саум, 20). Басқа бір хадисінде: «Сәресі тамағы берекет. Бір жұтым су да болса, оны тастамаңдар. Өйткені, Аллаһ сәресіде тамақтанғандарға рақымдылық етіп, періштелері де олар үшін кешірім тілейді» (Ахмед ибн Ханбәл, III, 44), – дейді.

Екінші шапақ атқанға дейін сәресіні кешіктіру де — мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Үмбетім ауыз ашарда асығып, сәресіні кешіктірген уақытта әрқашан жақсылықта» (Бухари, Саум, 45), – деген.

2. Ауызды ақшам намазынан бұрын ашу. Намазда адамның көңілі ауыз ашуға ауып тұратындықтан, ауыз ашуға асығу — мұстахап. Бұған жоғарыда айтылған хадис куә. Сонымен қатар, ауызды құрма немесе сумен ашу – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай ашқан.

3. Ауыз ашарда мына дұғаны оқу — сүннет:

Оқылуы: «Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мә аххарту». «Аллаһым! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

(Ауыз бекітерде айтылатын дұға. Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә. Аллаһу акбар!». “Таңертеннен кешке дейін Аллаһтың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім. Аллаһ ұлық!”)

4. Аузы берік жандармен бірге ауыз ашу және жоқ-жітіктер мен кедейлерге қол ұшын беру – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аузы берік жанды ауызашарга шақырып тамақ берген — ораза ұстаган адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді» (Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 48).

5. Таң уақыты кірмей жүніптік, хайыз және нифастан тазалану: Мұндағы мақсат – оразаны таза бастау. Бірақ аузы берік тұрып, жуынуға да болатынын ескерте кетейік. Мұндай кезде судың тамаққа кетіп қалмауын қатты қадағалау керек. Әйелдің хайыз яки нифас мерзімі түнде аяқталып, оразаға ниет етсе, және де жүніп кісі жуынбай ораза ұстаса, оразасы жарамды.

6. Аузы берік адамның жақсы сөздер сөйлеуі, бос сөз бен орынсыз іс-қимылдардан бойын аулақ ұстап байсалдылық танытуы – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Жалған сөйлеу мен жалған сөздермен әрекет етуді қоймаған адамның ішіп-жеуді ғана доғаруы Аллаһқа қажет емес» (Ахмед ибн Ханбәл, VI, 34). Басқа бір хадисінде: «Небір ораза ұстағандар бар. Олардың оразасында шөлдеу мен аштықтан басқа ешқандай пайдасы болмайды. Небір түнде тұрып, нәпіл ғибадат еткендер бар. Бірақ бұл әрекетінен ұйқысыздықтан басқа ешқандай пайда таппайды» (Ибн Мажә, Сиям, 21). Сонымен қатар, Рамазанда «Мен оразамын» деу – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімде-кім аузы берік болса, жаман сөз сөйлемесін. Дауыс көтеріп, айқай шығармасын. Біреу оған тіл тигізсе немесе онымен керіскісі келсе оған: «Мен оразамын» десін» (Бухари, Саум, 2).

7. Аузы берік адам бос уақыттарын нәпіл ғибадаттармен, ғылыммен, Құран оқумен, зікір, салауат айтумен өткізу керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанда «Жебірейіл екеуі бір-біріне кезекпе-кезек Құран оқып, тыңдасатын» (Бухари, Бәдул-Уахи, 5).

8. Жалпы Рамазан айының ең соңғы он күнінде иғтиқафқа кіру – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанның ең соңғы он күнінде көп ғидабат жасайтын (Муслим, И’тиқад, 8).

* мұстахап – жақсы көрілген амал деген мағына береді, істесе сауап, істемесе күнә емес.

Ислам ғылымхалы кітабынан

Салеметсіздер ме! Қарыз болған күндерді ораза айынан кейін ұстаған кезде,қандай дұға оқылады?
Ережеп айында ауыз ашу уакыты кандай?
Салематсыздар ма
Егерде ораза айында  жолдасым арак ишип темеки
Шексе менин устаган оразам бузылама?
Намаз окып уйренген адамга кагаздан не болмаса китаптан карап окуга болады.Алла 1жыл кеширим береди уйренгенге деин.Арине ниеттенсениз 1жыл емес 1кунде уйренип аласыз
СҰРАҚ: Нәпіл оразада айтылатын дұғалар.Нәпіл оразада ниетті арабша қалай айтады?

Ұқсас сұрақтар

120,831 сұрақ
309,711 жауап
153,245 пікір
69,494 қолданушы