[1]: https://surak.baribar.kz/search?q=%D1%80%D1%83%D2%93%D0%B0%20%D0%B1%D3%A9%D0%BB%D1%96%D0%BD%D1%83
Ру-деген қазақ халқының өз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас құралының кілті. Егер рулық құрылым болмағанда бабаларымыз дүние жүзінде үлкендігі жағынан тоғызыншы орын алатын,бес Франция сиып кететін ұлан-ғайыр қазақ жерін, ешқандай бекітілген әскери құрылымсыз-ақ қорғап сақтап,кейінгі ұрпағақтары,яғни біздерге мұра қылып қалдыра алмаған болар еді. Бұрын да, қазір де РУ туралы жаңсақ сөйлеп жүргендер қазақ халқының достары емес, олардың өз ішкі есептері (қазақ арасына іріткі салу сияқты) бар. Ру - деген біздің ата-бабамыз, ата-бабаларымыздың ата-бабалары, олар ешқандай ойдан шығарылып,аспаннан ала салған нәрсе емес. Сонда қалай ойлайсыңдар, ата-бабаларын ұмытып кету жақсы ма? Қазіргі сендердің әке-шешелерің, ертеңгң сендердің балаларыңның,немерелерің ата-бабалары, сонда солар оларды ұмытып кетіп "кім ол?"-деп жүрсе жақсы ма? Ал енді руды қай жағына қарай бұрып пайдалану әр адамның өз өресі мен ақылына байланысты. Біздің бабаларымыз оны жақсы жағына пайдалана білген. Сондықтан да түрмесі,соты,әскері,больницалары жоқ қазақтар шілдің боғындай шашылып кетпей осы уақытқа дейін жеткен.Осы жағын ойланыңдар.