Өзін-өзі тану пәні керек. Өйткені өзін-өзі тануда өздеріңді, өзгені тануға, өмірдің мәнін ұғынуға, кез келген қиыншылықты жеңе білуге, сенімді, адал, әдепті болуға бағыт бағдар береді. Ал енді, бұл пәнді толық меңгерту үшін, негізінен әрбір келешек ұрпақтың діннен, философиядан (яғни дүниетанымнан) және ғылымнан хабары болуы қажет. Себебі, бұл үшеуі бір-біріне тікелей байланысты. Сонымен қоса Құраннан, Хадистен, Хикметтерден, Әдет-ғұрып, Салт-дәстүрден, Ырым-тыйымнан, Сенім-наным-танымнан түсініктері болуы тиіс. Бұларды меңгеру үшін, әрине біз өзіміздің ата-бабаларымыздың, ғұлама-ғалымдарымыздың қалдырған рухани мұраларынан нәр алуымыз керек. Бұған қоса, өткен ақын-жырау, жазушы, билер мен шешендердің қалдырған жалынды, мақал-мәтелдері мен қанатты сөздерінен де көп мәлімет алѓанымыз жөн. Өзін-өзі тану» пәнінің барлық оқулықтарында берілген бүкіл білім мазмұны жастарды ізгілік еліне жетелеп, таным шаттығымен шыңдайды.