+2 дауыс
3.2k көрілді
Қонақ туралы қандай мақал-мәтел білесіз?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қонақ қойдан жуас.
Май берсең де жей береді.
Тойдан табықпай.
Қонақасы – тәңір ақысы.
Қонақ аз отырып, көп сынайды.
Қонағым жүре тоярсың.
Қонақты сөзбен тойдыра алмайсың.
Асыңа тойғызбасаң да ақ ниетіңе тойғыз.
Құтты қонаққа - тәтті тамақ.
Атың барда жер таны,
Асың барда ел таны.
Қонағын сыйласа төрге шық дейді.
Жолаушының азығы жолында.
Жаяу қонақ тыныш ұйықтар.
Алдына ас қойдым, екі қолын бос қойдым.
Қонағым өз үйіңді де ойлар отыр.
Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.
Сыйлы қонақ босағада отырмайды.
Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.
Шақырмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ.
Тоқ қонақты сыйлау оңай.
Екі үйдің қонағы
Емексіп жүріп аш қалар.
Қонағым сен "ет" деме, мен "кет" демеймін.
Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
Сыларға асың болмаса,
Сыйпарға тілің болсын.
Сыпайы қонақ сайыңды жейді,
Мылжың қонақ мыйыңды жейді.
Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.
Қонақ бір күн қонса – құт, екі күн қонса – жұт.
Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үй иесі ұялады.
Қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады.
Ет жегеннің бәрі қонақ.
Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
Қонағын сүймеген баласын ұрады, не үйін сыпырады.
Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.
Өзі қонақ болып көрмеген,
Қонақты сыйлай білмейді.
Қонақ келсе ет қызарар,
Ет қызармаса, бет қызарар.


0 дауыс
Қонақ келді - ырысын ала келді. Қонақты сөзбен тойғыза алмайсың. Құтты қонаққа - тəтті тамақ. Қонағым, басқа үйде де сыбағаң барын ұмытпа. Қонағын сүймеген баласын ұрады, я үйін сыпырады. Жолаушыны сусындатпай тұрып, бұйымтайын сұрама. Қонақтың орны төрде. Қонағым, өз үйінді де ойлай отыр. Құс жеткен жеріне қонар, Қонақ қалған жеріне қонар. Бұрын келген қонақ Кейін келген қонаққа орын берер. Қонаққа кел демек бар кет демек жоқ. Жаман үйді қонағы билейді. Жаяу қонақ тыныш ұйықтар. Қонағын сыйлаған төрге шығады. Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...