Тарих, Заман | 613 қаралды
613 қаралды
Неліктен еврейлерде баланың ұлты анасы жағынан беріледі?
Ұрпаққа ген еркектік линиямен беріледі емес пе?

2 жауап

Еврейлер мен арабтар әке жағыныа аталас,бірақ ана жағынан  екі әйелдің ұрпақтары. Діни әдебиеттер бойынша,Авраамның әйелі Сара бала көтермейді. Мұрагерсіз қалмау үшін Авраам , өз үйінде жүрген мысырлық қызметші Ажар деген әйелді екінші әйел етіп алады  және Ажар ұл туып береді. Уақыт өте келе Авраам Ажарға ,Сарамен тең дәрежелі статус береді. Бұған САРА ренжіп, Ажарға қысым көрсетеді. Біраз уақыт өткен соң Сара  аяғы   ауыр болып ұл туады да , Ажар мен оның баласын өлтірмек болады.Ажар баласын алып Авраамның көмегімен қашып кетеді.Осылай Сара тапқан баладан еврейлер, Ажар тапқан баладан арабтар тарайды.Меніңше еврейлердің Торасы да осы заңдылықты негіздеп, еврейлердің ұлты баласына анасы арқылы  беріледі деп бекіткен деп ойлаймын.Егер жауап түсініксіз болса, білгіштердің толықтыруын өтінем!!!
Өйткені ұлты еврей анадан туған бала - 100% оның баласы, анасында күмән жоқ! Алайда тек қана әкесі еврей болған отбасыда, балалардың еврей әкеден туылғанында күмән бар. Бұрын генетикалық тесттер болмаған, еврей өзімнен туды деген баласының шың әкесі өзге ұлттан көршісі шығар кім білсің? Әйелі көзіне шөп салған шығар? Бұл бірінші себеп.

Екінші себебі - баланың тәрбиесі анадан болады, анасы еврей бала - еврей болып тәрбиеленеді, адам баласы қашанда нағашыларына жақын болады, соларды жақтайды. Егерде еврей әкесі баласымен айналыспаса, онда баласы маңқұрт болып өседі.

Үшінші себебі - кәзір генетика ғылымы дәлелдеп отыр - ақылды яғни IQ -ды қалыптастыратын гендердің көпшілігі X хромосомасымен келеді. Ал ұл бала туу үшін әкесінен Y хромосомасынын келуі тиіс, соңдықтан ер балалардың барлығы ақылын анасы - яғни нағашы жұрты жағынан алады. Анасы еврей болса, еврей ұлтының ақылы балаларында көрінуі ықтимал.
Осыған байланысты, қазақтар ақылды, университет бітірген немесе IQ жоғары қыздарға үйлену керек, сұлулығына қарамай ақылына қарап алындар, әсіресе өзіміздің қазақ қыздары бірінші таңдаумыз болсын, өзге ұлттың қыздары емес, өзіміздің қыздарымызды бағалайық!
118,617 сұрақ
306,006 жауап
153,310 пікір
68,408 қолданушы