0 дауыс
3.2k көрілді
мен ұйқыдан тұрған кезде мойыным ауырып қалады.сұрақ жастықты дұрыс салмағасын ба. жастық қандай болуы керек биік пе аласа болуы керек пе(fubar)

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жақсы ұйықтауға жастық та сеп екен

jastikАдам өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді екен. Егер ұйқы одан аз болса немесе қанбай қалса, ағзаны түрлі аурулар жеңе бастайды. Өйткені ұйқының адам өміріндегі маңызы зор. Мысалы, бір түн ұйықтамаған адамның миы 20-50 пайызға нашар жұмыс істейтіні дәлелденген.

Ендеше әрбір адам ұйқының дұрыс болуына мән беруі керек.

Жастығыңыз жайлы ма?

Дұрыс ұйықтау үшін төсектің жайлы болуы маңызды. Ал көрпеше мен жастық әр адамның дене құрылысына қарай жеке таңдалуы қажет. Мысалы, жастықты алайық. Кейбіреу оған тек басын ғана қояды. Ал негізінде омыртқаның мо­йын бөлігі де баспен бірдей биіктікте болуы тиіс. Жастықтың ұзындығы иықтың енімен шамалас болғаны жөн. Сондықтан жастық сатып алатын кезде оған жатып көрген дұрыс.

Биік жастыққа жатқан адамның мойны мен иегіне әжім түседі. Бір қырымен жатқанды ұнататын адамдар басы мен иығына ыңғайлы болуы үшін қатты жастық таңдағаны жөн. Ал шалқасынан жатып ұйықтайтындар қаттылығы орташа жастықты таңдаса қателеспейді. Етбетінен жатып ұйықтайтындарға жұмсақ жастық қолайлы болады.

 

Көрпешенің көлемі де маңызды

Дұрыс ұйықтауда маңызды роль атқаратын көрпешені таңдау жастыққа қарағанда сәл күрделірек. Себебі көрпешенің негізгі жұмысы ұйқы кезінде арқаның тегіс жатуын қамтамасыз ету. Мысалы, денесі ірі адамдар өте қатты көрпешелерді таңдағаны дұрыс. Бірақ ондай көрпешені табу да оңай емес. Ал жас балаларға жұмсақ көрпеше керек.

Мамандар ұйқыға күнделікті бір уақытта және бір төсекке ғана жатып әдеттену керек дейді. Қонаққа барғанда ұйқыңыз қанбай, ертесіне денеңіздің ауырып тұрғанын байқаған да боларсыз. Оның себебі ағза жаңа төсекке бір айдан жарты жылға дейінгі уақытта үйренетіндігінде екенін біле жүргейсіз.

Негізі ұйықтаған кезде біреулер қырымен жатса, енді біреулер шалқасынан жатқанды жақсы көреді. Ал дәрігерлер етбетінен жатып ұйықтауға кеңес береді. Себебі ұйқыға жатқан кезде омыртқа аралығындағы шеміршек босаңсып үлгеруі керек. Десек те бұлай жату тек қарны аш кезде ғана пайдалы. Тойып тамақ жеп болған соң етбетінен ұйықтау гастритке ұшыратады. Сондай-ақ етбетінен жатқан адамның бетіне тез әжім түседі. Сондықтан ең жақсысы, бір қырынан жатып ұйықтау дер едік. Осылай жатқан кезде ағза мүшелерінің бәрі босаңсиды. Тағы бір пайдасы, қырынан жатқан адам қорылдамайды. Қорылдың өзі денсаулыққа едәуір зиянын тигізетіні бар.
0 дауыс
Өз басым Қатты жастыққа жата алмаймын

Ұқсас сұрақтар

...