Мұқағали - сен жырдың алыбысың,
Сыйлаған сұлу өлең халық үшін!
Сый көрмей-ақ өмірден өткеніңе,
Барады күйіп жүрек, жанып ішім!
Топталған талай ақын жарып ішін,
Өлең жазған ерекше дарыны шын!
Мұқағали, жырыңмен сусындасам,
Басылады өлеңге сағынышым!
Жырларың сан жүректің тілін тапқан,
Жүрегің жылап тұрып, күлім қаққан!
Сіздей сыршыл ақынды көрмегенмін,
Кеудесіне кербездік гүлін таққан!
Табыса алмай жүрсем де бірнеше күн,
Өлең жаздым музаңмен бірге сенің.
Мұқағали, сенің жырың болмағанда,
Сезімменен өлең жазу білмес едім!
Ratbek Akbay
Сыйлаған сұлу өлең халық үшін!
Сый көрмей-ақ өмірден өткеніңе,
Барады күйіп жүрек, жанып ішім!
Топталған талай ақын жарып ішін,
Өлең жазған ерекше дарыны шын!
Мұқағали, жырыңмен сусындасам,
Басылады өлеңге сағынышым!
Жырларың сан жүректің тілін тапқан,
Жүрегің жылап тұрып, күлім қаққан!
Сіздей сыршыл ақынды көрмегенмін,
Кеудесіне кербездік гүлін таққан!
Табыса алмай жүрсем де бірнеше күн,
Өлең жаздым музаңмен бірге сенің.
Мұқағали, сенің жырың болмағанда,
Сезімменен өлең жазу білмес едім!
Ratbek Akbay