0 дауыс
3.3k көрілді
Шоколад пайдалыма зияндыма? Көп жесе адамға әсері бар?

8 жауап

0 дауыс
Шоколадты жеу бет терісіне де әсер етеді. Басқа майлы тәттілер секілді, ол да май бездерінің қызметін күшейтеді. Алайда бұл жеген тәттіңіздің мөлшерімен тығыз байланысты. Көптеген сынақ өткізген ағылшын ғалымдары 4 апта бойы тәулігіне 40 грамм шоколад жегенде оның теріге еш әсер етпейтінін анықтады.
Ал егер күніне 250 грамнан жесеңіз, оның зияны көп болмақ.
 Шоколад қан тамырларының жұмысын жақсартады, тамырда түйіндер (тромб) пайда болуына кедергі келтіреді. Сондықтан атеросклероз, инфаркт, инсульт сияқты ауруларға ұшырау қаупі  жоғары адамдар шоколадтың бұл түрін шамадан аспайтын мөлшерде жеп тұруды әдет етсе болады.
0 дауыс
Адамзат баласы шоколад дәмін алғаш татқалы бері осымен екі мың жылдан астам уақыт өтті. Шоколадпен таныстық қазіргі Мексика аумағында басталған.

Ежелгі майя үндістерінің ата-бабасы – ольмек халқы какао дәндерінің ұнтағын шарап немесе сумен араластырып, ваниль, даршын, тіпті қызыл бұрыш секілді дәмдеуіштерді қосатын болған.

Бұл «xocolatl» деп аталған сусынды патшаларға, қадірлі азаматтар мен жоғары дәрежелі дін қызметкерлеріне беріп, құрмет танытатын.

Ал қарапайым адамдар бұл тәттінің дәмін де татпады. Бірнеше ғасырлар бойы шоколад тек таңдаулылардың тағамы боп табылды.

Майя халқы да ата-бабалары секілді бейсбол добына ұқсас какао ағашының жемісін қадір тұтты. Олар бұл жемістерден ащы дәмі бар сусын дайындауды жалғастырды. Алайда ол уақытта «xocolatl» сусыны кеңінен қолданылып, оны патшалар да, қарапайым адамдар да ішетін болды.

Майя жерін жаулап алған испаниялықтар да бұл тәттіден бас тарта алмады. Көп ойланбастан олар сусынды "Theobroma cacao", яғни «құдайлардың азығы» деп атап, оны Еуропаға алып барады. Білімқұмар еуропалықтар ұзақ уақыт бойы бұл таңсық тағамды зерттеп, қасиетін анықтады.

Кейін шоколадпен ауру-сырқаудың бәрін емдейтін болды.

Ал сарай ханымдары біраз уақытқа дейін оны беттеріне жағып, әдемілік үшін пайдаланды.

Алайда уақыт өте келе, Еуропа халқы бұдан гөрі шоколадты жеудің пайдасы мол екенін түсінді.

Жуырда еуропалықтар шоколадтың 500 жылдығын атап өтті. Шоколад жайлы пікірдің өзгергені соншалық, дәрігерлер науқастарға аз мөлшерде шоколад жеудің денсаулық үшін өте пайдалы екенін айтып жүр.

Қорғаныш қасиеті жағынан шоколадтың жасыл алма, қызыл шарап және көк шай секілді бұрыннан белгілі үздік антиоксиданттардан да күшті екені дәлелденді.

Сонымен бірге, бір кесек шоколадтағы калий, кальций, минералды заттар мен дәрумендердің мөлшері бір жасыл алмадағыдан артық.

Тіс дәрігерлерінің «шоколад тіс жегісіне әкеп соғады» деген пікірі де жаңсақ болып шықты. Зерттеулердің нәтижесінде какао майының құрамында антисептиктік әсерге ие заттардың бар екені дәлелденді. Олар эмаль қабатын бүлдіретін бактерияларды өлтіреді.

Шоколадтың құрамына енетін кейбір заттардың әсерінен шоколад жүйкеге оң әсер етеді. Сол себепті, бұл тәттіні жегенде көңіл күйіміз көтеріледі. Зерттеулердің қорытындысына сенсек, америкалық арулардың 18%-ы күйзелістен шоколадтың көмегімен арылады екен.

Десек те, шоколадтың пайдалы қасиеттерімен қатар, зияны да бар екенін ескергеніңіз жөн. Біріншіден, ол өте құнарлы. Шоколадтың азықтық құндылығы сары майдың нәрлілігіне бара-бар. Толықтай дерлік какао майынан тұратын ақ шоколадтың қарасына қарағанда құнарлы екенін ұмытпаңыз.

Шоколадты жеу бет терісіне де әсер етеді. Басқа майлы тәттілер секілді, ол да май бездерінің қызметін күшейтеді. Алайда бұл жеген тәттіңіздің мөлшерімен тығыз байланысты. Көптеген сынақ өткізген ағылшын ғалымдары 4 апта бойы тәулігіне 40 грамм шоколад жегенде оның теріге еш әсер етпейтінін анықтады.

Ал егер күніне 250 грамнан жесеңіз, оның зияны көп болмақ. Сонымен қатар шоколад цитрус жемістері, жаңғақ пен балық секілді аллергия тудыруы мүмкін. Сондықтан дәрігерлер алты жасқа толмаған балаларға шоколад беруге тыйым салады. Жүкті әйелдер мен бала емізетін аналардың да одан бас тартқаны жөн.

Шоколадты қанша мөлшерде жеу туралы қызу дау әлі тоқтаған жоқ. Нақты мөлшері әлі белгісіз. Бірақ барлығы бірнеше текше шоколадтың немесе екі шоколадты кәмпиттің ағзаға еш зияны жоқ деген пікірде.
Сілтеме көзі http://massaget.kz/blog/1465
0 дауыс
шоколад пайдалы және зиянды
0 дауыс
Қоңыр шоколад пайдалы,ал ақ шоколад зиянды
0 дауыс
Шоколадты көп жесең бетіңе диотез шығып кетеді, менде болды осы қыста)). ж\е шоколад адамның есте сақтауына көмектеседі. қысқа әрі нұсқа)
а.а.а енді түсінікті демек шеколадты аз мөлшерде жеу керек екен,енді,мен шеколадты көп жеумді тоқтату керек!Барлығыңызға рахмет седердің арқанызда шеколад жайлы көп білдім
0 дауыс
Шоколадтын зияны бар.ол адамды семiртедi
0 дауыс
Шоколад әрі зиянды әрі пайдалы.....
0 дауыс
Шокодад зиян.Онын курамында кокайн дима бирдене бар дидиго,бир жагынан семиртеди

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
6 жауап
–1 дауыс
7 жауап
...