+1 дауыс
30.1k көрілді
Жақында бір танысым сүлік  (арам қандарды сорғызу үшін) салдырып жүргені жайлы айтып еді. Сұрайын дегенім сүлік салдырған дұрыспа? Оның пайдалы зиянды жағы барма?

6 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Сүлікпен емдеу

Сүлік – бұл денсаулықтың, сұлулық пен жастықтың биофабрикасы

Сүлікпен емдеу ежелден бар әдіс. Сүлік медицинада 30 ғасырдан астам қолданылып келеді. Египет фараондарының медициналық сүліктерді қалай салғанын елестету қиын-ақ, дегенмен фараондар қабірі қабырғаларынан осындай емдердің болғанын растайтын жазулар табылғаны ақиқат.

Сүлікпен емдеу тарихында өрлеулер де, құлдыраулар да болды. Емдеудің бұл тәсілінң өркендеген кезеңі деп ХVІІІ–ХІХ ғасырларды айтуға болады, сол кезеңде оларды көптеген ауруларды емдеу және аурудың алдын алу үшін, организмді тазалау мен жасарту үшін қолданғаны белгілі. Би кешіне әзірленген сәнқойлар беттерінің ұшында қызғылт рең пайда болып, жанарлары жарқылдап тұруы үшін құлақтарының сыртына сүлік салдырғаны белгілі, оның үстіне таңға созылған би кешінде олар шаршамайтын болған.
0 дауыс
Шығыс медицинасындағы тиімді тәсіл
 Біздің бала кезімізде, алпысыншы жылдары сүттей ұйып отырған қазақ ауылдарында тамыр қиып, сүлік салып сырқат адамның бойындағы қанын залалсыздандыру тәсілін қолданатын халық емшілері болатын. Олар емдік шөптерді де жақсы білетін-ді.
 Қай өзеннің суы таза, қай өзеннің суы кір, балықты қай жерден аулаған жөн, адамға салатын сүлікті қай судан алуға болады,
 оны әңгіме үстінде айтып та отыратын еді. Сол кісілердің сүлік салып емдеудің шипасы мен пайдасы туралы айтқан әңгімелері әлі күнге дейін есімізде.

Сүліктердің түрлері

Сүлік (Hirudinea) – буыл-тық құрттар типінің бір класы. Сүліктердің табиғатта кең тараған 3 отряды, 5 тұқым-дасқа бірігетін 400-ден астам түрі мәлім. Олар теңіз-дерде, тұщы суларда және топырақта өмір сүреді. Еркін қозғалатын жыртқыштардың, жануарлардың қанын қорек етеді. Сол себепті сүліктерді эктопаразиттер деп те атайды. Денесінің ұзындығы – 0,2-20 сантиметр, бас және аналь бөлімдері жоқ, денесі 33 сегменттен түзілген, олардың ал-
 дыңғы төртеуі қосылып алдыңғы сорғышты, артқы жетеуі артқы сорғышты құрайды.

Медициналық сүлік (Hirudo medicinalis) – бірқатар емдеуге пайдаланылады. Сүліктің бұл түрінің өзіндік ерекшелігі бар.

Сүлік сілекейінің емдік қасиеті

Медициналық сүлік тұщы суда тіршілік етеді. Ұзындығы 8-12 сантиметр болады. Оның сілекейінде гирудин және гиалуронидаза деген заттар бар. Гирудин қанның ұюына кедергі келтіреді, гиалуронидаза дене талшықтарында зат алмасу процесіне әсер етеді. Гирудиннен дәрі-дәрмектер жасалады.

Зерттеушілердің айтуынша, сүліктің сілекейі қабыну процесіне қарсы күресу, иммундық жүйені қоздыру, қан тамырларының склероздық процесін азайту, қан ұю үрдісін болдырмау және ұйыған қанның түйіршіктерін езу қасиеттеріне ие. Ғалымдар сүліктің сілекейінен дестабилаза деген фермент жасалып шығатынын анықтап отыр. Бұл фермент фибриндік қоюланған заттарды жою дәрежесіне жеткізе алады. Сүлік-тің сілекейіндегі осындай қа-
 сиеттерді анықтаған дәрігер-лер оны адам қанын азайту-ға және қанды ұйымайтын жағдайға жеткізу үшін пайдаланып келеді.

Гирудотерапия дегеніміз не?

Ғылымда сүлік салуды – гирудотерапия деп атайды. Қазіргі таңда гирудотерапия – кардиология, офтальмология, дерматология, хирургия, гинекология, урология, неврология және герентология саласында кеңінен қолданылатын, күретамыр, қан тамыры, тері ауруларына, өкпе, бас сақинасы, инфаркт, инсульт, глаукома тәрізді сырқаттарға өте шипалы ем. Ең ғажа-бы, бұл күндері кейбір адамдар сүлік салудың көмегімен арықтай да бастады.

Гирудотерапияның тиімділігі сүлік адамның артық арам қанын сорып алады, сөйтіп, қан айналысын жақсартады, сүліктің сілекейі биологиялық белсенді заттарға бай, осы түрлі ферменттерден тұратын сүлік сілекейі адамның қанын тазартып, иммунитетін күшейтіп, ағзасын жасартады, түрлі ферменттермен бірге қанның ұюына тосқауыл қоятын гирудин және 100-ге жуық биологиялық пайдалы заттар сүлік сілекейінің басты айырмашылығы.

Дәрігерлер сүлікті науқас адамның жүрек қызметі нашарлап, бауыры ұлғайғанда, тромбофлебитте, миокарда
 инфарктінде, жүректің демікпелі ұстама ауруында (стенокардия), миқан тамырларының қысылуында қолданады. Сүлік салып, емдегеннен кейін сырқаттың дене қызуы қалпына келеді, қан қысымы, қандағы қант мөлшері төмендейді, ұсақ қан қатпарлары жойылып, ісікке қарсы, ауырсыздандыру тетіктері іске қосылады. Гирудотерапияны гинекологиялық ауруларға қолданғанда әйелдер ауруынан айығады, оларда гормондық зат алмасу процестері жылдам қалпына келеді, сүлік салу бедеулік, эндометрит, эндометриоз тәрізді жатыр мен созылмалы аурулар-дың алдын алады, кейбір жағдайларда сүлік салу бұл ауруларға негізгі ем ретінде пайдаланылады. Әсіресе, сүлік салу операциядан кейін тез жазылуға әсер етеді. Осыған орай қазір дәрігерлер операциядан соң сүлік салуға кеңес береді.

Сүліктің қан соруы

Медициналық аш сүлік бір сорғанда 10 мл. қан сорып, оған тойған соң адам денесінен өзі сыпырылып түсіп қалады. Егерде адам денесіне 8-10 сүлікті қоятын болса, олар 300-400 мл. қанды сорып алады және де
 сүліктің сорған жерінен қан өздігінен алты сағаттан бір тәу-лікке дейін аға береді, - дейді мамандар.

Егерде адам ағзасынан қанды аздап қана алу қажет болса, онда кішкентай сүліктерді аз уақытқа ғана қояды. Сүлік салғанда науқастың жасына, қосалқы ауруына, дене салмағына, қан қысымына, сүліктің жағдайына көңіл бөлу қажет. Сүлікті қолданғанда тәндегі өзгерістердің қатерлі болып кетуі мүмкін болғандықтан, сүлікті аллергиялық ауруы бар сырқатқа, қансыраған адамға, қан қысымы төмендерге, қан ұю процесі нашарлаған ауруға пайдалануға болмайды.

Сүлікті сақтау

Сүлікті сулы ыдысқа салып қояды. Сырқатты емдеу үшін аш сүліктер қолданылатындықтан, олар 2-3 ай суда қалқып жүруге тиіс. 3-5 литрлік банкіде 300-ге дейін сүлік ұстайды.

Сүлік сақталған судың құрамында хлордың болмауы керек.

Және де оның жылылығы бөлме жылылығындай болады. Ыдыстағы суды 24 сағат сайын ауыстырып отырады. Ыдыстың бетін темір тормен немесе дәкемен жауып қояды. Мамандардың айтуынша, сүлікті тұндырып қайнатылған температурасы 18 градус су құйылған таза ыдыста – банкіде сақтап, сүліктердің ауырып қалмауын және бөлмеде тыныштық болуын қадағалап отырады. Бөлмеде қатты шу болса, сүліктер бұралып қалады, аш болса да қан сора алмайды.

Сүлікті сақтап қою үшін сиым-дылығы 50-100 мл. ыдыс қажет. Банкіден қысқашпен емес, қолмен 8-12 сүлікті таңдап алып, адам денесіне салады. Үлкен сүліктер артық арам қанды жақсы сорады. Емдеуге сау сүліктер қолданылады. Дені сау сүлікті түрткілесе қозғалып, жылан сияқты қимылдап, қысқарып, жуандайды.

Сүлікті қалай салады?

Сүлік салар алдында мынандай заттарды дайындап алу қажет: шыны түтік қысқыш, глюкоза ерітіндісі, залалсыздан дырылған сулық, мақта, дәке, тұзды су, ұстара, сабын, оны жаққыш. Сүлік қоятын жердегі шаштарды 1-2 сағат бұрын қырып, жуады. Сүлік сабын иісі шыққан жердегі қанды сормайды.

Жүйелік әрекеттер:

1. Сүлік қоятын теріні қайна-ған жылы суға малынған, за-лалсыздандырылған дәкемен сүртеді.

2. Әзірлеген жерді залалсыз-дандырылған глюкоза ерітін-дісімен сүртеді.

3. Бір сүлікті артқы жақ сор-ғышымен түтікке салады.

4. Түтікті сүлік қоятын жерге төңкеріп, сүлікті шығарады.

5. Сүлік қанды сора бастаған кезде денесі жиырылып қимылдайды.

6. Сүліктің артқы жағындағы сорғышына сулық (салфетка) салу керек.

Сүлік салу тәртібі:

Сүлікті қарақұсқа салғанда құлақтың шеміршегінен 1 сантиметр артқа қояды.

Сираққа тамырдан 1 сантиметр қашықтыққа шахмат тәрізді етіп сүлік салады.

Миокард инфаркті кезінде немесе осы ауруға шалдығады-ау дегенде сүлкті жүрек үстіндегі кеуде терісіне, 3-ші және 5-ші қабырға аралығына, төс сүйектен солға қарай 1 сантиметр өлшеп барып салады.

Тромбофлебит ауруында тромбымен бітеліп қалған вена қан тамырларынан бір сантиметр өлшеп, осы тамырдың екі жағынан да сүліктерді қояды.

Жүрек ауруларының салдарынан ұлғайған бауырға арнап сүлікті кеуденің оң жағындағы қабырғалардың астындағы теріге жабыстырады.

Есте болатын жағдайлар:

Тұщы суға салынған сүлікті ұстап, денеге салар алдында пинцеттің көмегімен оны пробирка ішіне енгізу қажет. Пробиркаға құйрық жағымен ен-гізгенде сүлік бас жағымен өзі шығуына жеңіл болады. Салатын жерге жақындатып әкелген пробирканың түбін көтер-се болды, сүлік глюкозамен сүртілген тәтті денеге өзі ұмтылып, теріні тістеп, жабыса бастайды.

Бір қолданылған сүлікті екінші рет пайдаланбайды. Оны формалинге, мүсәтір спиртіне немесе тұзды суға салып, су құбырымен ағызып жібереді.

Сүлік салу аяқталғанда

Дені сау сүлік 40-60 минут ішінде нақуастың артық арам қанын сорып, ісінеді. Қанға тойған сүлік өз бетінше түспесе немесе алып тастау қажет болса, сүлік жабысып тұрған жерге тұзды, ащы су құяды. Сонда ол сылқ етіп түсіп қалады.

Денеге жабысқан сүліктің қан соруы бәсеңсісе, үстіне жылы су жағады, сол кезде оның қимылы қайтадан күшейеді.

Сүлік сорған жерге таза стерильденген сулық (салфетка) салады, оның үстіне мақтаны көп салып, орап тастайды. Сүлік тістеген жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қансырап тұрады да, осы уақыт ішінде қан тоқтамаса, қанды перманга
+1 дауыс
Сүлік салдырған өте пайдалы.Ол бұрыннан қолданылады.Қанды тазартып,ағзаны тазалайды,аяқ қақсап ауырғанда және т.б.пайдалы  Қызылордада Жаңақорған ауданынын бір ауылында жер астынан жып-жылы су қысы-жазы атқылап түрады.Сол жерге  көптеген адамдар суға түскенде денеге сүлік жабысып,қанды сорып дөңгеленіп түсіп қалады.Сүлікті сонда көргем
0 дауыс

Сүлікпен емдеу ежелден бар әдіс. Египет фараондарының қа­бірі қабырғаларынан осындай ем­дердің болғанын растайтын жазулар табылғаны ақиқат. Тағы бір тарихи деректі алға тартып көрелік. Үндістанның көп қолды Дханвантари емші Құдайының бір қолында сүліктің суреті болса, бір қолында шөптің суреті бейнеленген екен. Демек, сүліктің көне заманнан бастап емдік қасиеті болғанына бұлар бірден-бір дәлел емес пе?! Сүлікпен емдеу тарихында өрлеулер де, құлдыраулар да болды. Емдеудің бұл тәсілінің өркендеген кезеңі деп ХVІІІ–ХІХ ғасырларды айтуға болады. Сол кезеңде оларды көптеген ауруларды емдеу және аурудың алдын алу үшін, организмді тазалау мен жасарту үшін қолданғаны белгілі. Би кешіне әзірленген сәнқойлар беттерінің ұшында қызғылт рең пайда болып, жанарлары жарқылдап тұруы үшін құлақтарының сыртына сүлік салдырғаны белгілі, оның үстіне таңға созылған би кешінде олар шаршамайтын болған.
…Ертеде Сүлеймен пайғамбар алыс жолдан шаршап-шалдығып, аяғы ісіп келе жатқан соң, жолда кездескен көлшікке аяғын салып демалады. Сол арада мызғып кеткен пайғамбар ояна келе аяғының ісігінің кетіп, бойындағы ауырлықтың жоғалғанын және денесі жеңілдеп қалғанын байқайды. Тек аяғының астында майда құрттар мен кішкене ғана қан ағып жатқанын көреді. Риза болған Сүлеймен пайғамбар құрт­тардың арқа тұсынан сипап, ри­зашылығын білдіреді. Бүгінде меди­циналық сүліктердің арқа тұсындағы өрнектер пайғамбардың төрт сау­сағының іздерінен қалған екен деген аңыз бүгінгі күнге осылайша жеткен екен.
Тері бетіне жабысып алып, қан соратын сүлікті көргенде денеміздің түршігетіні рас. Алайда медицина саласында осы бір жәндіктің пайдасы зор екенінен хабарымыз бар. Сүлікпен емдеу, яғни гирудотерапия қазіргі таңда кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда, хирургияда, гинекологияда, урологияда, неврологияда, герентологияда кеңінен қолданылады.
Адамның артық арам қанын сорып алатындықтан, сүлікті қажет деген жерге арнайы маман ғана салады. Түрлі ферменттерден тұратын сүлік сілекейінде жүзге жуық биоло­гиялық пайдалы заттар бар көрінеді. Медициналық сүлік тұщы суда тіршілік етеді. Ұзындығы 8-12 сантиметр болады. Оның сілекейінде гирудин және гиалуронидаза деген заттар бар. Гирудин қанның ұюына кедергі келтіреді, гиалуронидаза дене талшықтарында зат алмасу үдерісіне әсер етеді. Гирудиннен дәрі-дәрмектер жасалады.
Сүлік салу емінен кейін адамның дене қызуы қалпына келіп, қандағы қант мөлшері төмендеп, ұсақ қан қатпалары жойылады. Емге негізінде аш сүлікті пайдаланады. Сондай-ақ сүлік отадан кейін тез жазылуға мүмкіндік береді. Әрине, сүлікті қолданғанда науқастың жасына, қосалқы ауруына, денесінің салмағына, қан қысымының көрсеткіштеріне және сүліктің жағдайына да көңіл бөлінеді. Сүлік салумен шұғылданатын ем­шілер қай кезде де болғаны шындық. Алайда бүгінгі таңда Қазақ­станда сүлік салумен айналысатын меди­циналық орталықтардың саны артып келеді. Солардың бірі – Алматы қаласындағы Тимирязев көшесі, 78-ші үйге орналасқан емдеу орталығы. Аталмыш мекеменің басшысы Зылиха Қарабалақызымен кездесіп, әңгімелесудің сәті түскен еді.
–1949 жылы Қызылорда облы­сының Қармақшы ауданында дүниеге келдім. Алматыдағы С.Асфендияров атындағы медицина институтының емдеу ісі факультетін 1973 жылы бітіргенмін. Тұрмысқа шығып, оқу орнының жолдамасымен Жезқазғанға барып 13 жыл учаскелік терапевт дәрігер болып еңбек еттім. 1988 жылы Алматыға қоныс аудардық, мен Попов көшесінде орналасқан №12-ші емханада терапия бөлімінің меңгерушісі болып қызметімді бастадым. 1991 жылы Украинаның Донецк қаласында дүниежүзінің дәрігерлері басқосқан үлкен жиын өтті. Сочи, Киев, Мурманск, Тюмень, Ленинград, Хабаровск, тағы басқа Одақ көлеміндегі қалалардан келген дәрігерлер алдында К.В.Селезнев, Г.А.Никонов, И.А.Баскова секілді Мәскеу медицина университетінің биохимия кафедрасының ғылыми қызметкерлері баяндама жасады. Ресейдің сол кездің өзінде-ақ биофабрикалары бар екен. Сөйтіп, Бірінші Бүкіләлемдік конгрес­ке келген 70-тен астам тәжірибелі дәрігерлер сүлікті алдағы уақытта моллюск, жәндік немесе құрт деп қарамай, ем-шара мақсатында қолдану керектігі жайлы әңгіме өрбітті. Гирудотерапия саласының мамандарын оқыту ісі осылайша басталды. Өзбекстан, Қырғызстаннан келген ешкім болмады. Осылайша Орта Азия­дан келген жалғыз дәрігер ретінде мен сүліктің бірқатар емдік қасиеттеріне қанықтым. Инемен емдеу, суджок, балшықпен, шөппен, арамен емдеу секілді дәстүрлі емес медицинаға енді сүлік те етене араласып, науқастың сауығуына тікелей ықпал тигізе алатындығын дәлелдеп берді. Сертификат алып елге оралған соң менің гирудотерапияға қызығушылығым артты. Өйткені инемен емдеу сияқты сүлік те биологиялық белсенді нүктелердің терісіне қадалады. Сонымен қоса қан құрамындағы қабынуға қарсы қасиеттері бар және шлактар мен токсиндерден тазарта алады. Сөйтіп, сол кездегі №6-шы аурухананың (қазіргі №12-ші емхана) бас дәрігері Мамаев Асылхан Мұхамедиярұлы сырқаттарды сүлікпен емдеп көру туралы айтқан менің ұсынысыма қолдау көрсетті. Бір аптаның ішінде Әзірбайжаннан 3 мың сүлік алып, ем-шараларды бастап кеп жібердік. Нәтижесі ойдағыдай болды. Алайда Кеңестік империя тарап, әр республика өз көрпесін өзіне тартқан елде ауыр кезеңнің орнауына байланысты 1995 жылға дейін жұмысымыз жүрмей қойды. «Аққайың» санаторийінде жұмыс істейтін Әліп Шалабайұлы дейтін дәрігер жеке клиника ашқан екен, сол жерде бір жыл аянбай еңбек еттім. Еңбек өтілім және тәжірибем жеткілікті әрі жоғары санатты дәрігерлік категорияларым болғандықтан, менің де жеке өзім жұмыс жасағым келді. Әлі есімде қалалық денсаулық сақтау ісін басқаратын Носкова дейтін әйелге барып өтініш-тілегімді жеткіздім. Ол кісі қабағын шытты. Өз ісімді жүргізе алатынымды дәлелдеу үшін ақыры Денсаулық сақтау министрлігіне бардым. Бүкіл құжаттарымды байып­пен қарап шыққан министрдің орынбасары Жанабаев дейтін азамат маған бірден 5 жылға (тәртіп бойынша лицензия 3 жылға ғана берілетін-ді) лицензия берді. Осыдан кейін Абай мен Желтоқсан көшелерінің қиы­лысындағы үйді жалға алып, 1997-2002 жылдар аралығында науқастарды сүлікпен емдей бастадым. Кейін ол үйді иелері ақшаға сатып жіберді. Мен болсам несиеге қаражат алып осы Тимирязев көшесіндегі пәтерді сатып алып жекеменшік клиникаға айналдырдым. Жалпы еңбек өтілімім 40 жыл десем, соның 21 жылын сүлікпен ем-шара жасауға қолданыппын.
Сүліктің 600 түрі белгілі, ал соның ішінде шығыстық, медицина­лық және дәріханалық түрлері ғана науқастарға қолданылады. Мен осы дәріханалық сүлікті пайдаланамын. Өйткені тасымалды жақсы көтереді және сақтауға шыдамды. Келісім-шарт бойынша дәріханалық сүліктерді Санкт-Петербургтен арнайы алдыртамын. Қазір сүлікпен емдейтін орталықтар көбейіп кетті. Жамбылдан, Кегеннен, Үшаралдан келетін сүліктермен жұмыс жасайтындар да баршылық.
Жолдасым Мұрат Төкенұлының мамандығы – металлург. Қазір еңбек демалысында. Біздер бір ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірдік. Қыздарымыз жоғары медициналық білім алды. Ал ұлым Алмат пен келінім Жанардан бүгінгі таңда шөбере сүйіп отырған жайымыз бар.
«Күніне қанша ауруды қабыл­дай­сыз, сүліктің бағасы қанша?» деген сұрақ­тарымызға гирудотерапевт ­Зылиха Қара­балақызы «бұл коммерциялық құпия» деп, нақты мәліметтерді айтудан бастартты.
Дені сау адамның өзі ­жылына бір рет сүлік салдырып тұрғаны дұрыс көрінеді. Себебі сүлік ағзаны жақсартады, ағзадағы шлакты шы­ғарады. Сондай-ақ сүлікпен емдеуде кейбір шектеулердің де бар екенін сол жерде түсіндік. Сүлікті өте арық, қаны аз, қан қысымы төмен адамдарға және соңғы сатыдағы обыр ауруларынан зардап шегушілерге салуға болмайды екен. Обыр енді ғана басталып келе жатқан болса, онда науқастың емделіп кетуіне мүмкіндік бар. Сүлік бүйректегі тасты да түсіреді. Бауыр циррозына, қуықасты ауруларына да пайдасы көп.
Көп адамдар сүлік салғанда ауыр­та ма деп сұрап жатады. Әр адамға әр­­түрлі әсер ететіні анық. Мәселен, қа­ра жұмыс істейтін адамдар сүлік салғанда ауырсынуды сезінбейді. Ал сүлік сорған белсенді нүктелерден қан ағатын жайлар да кездеседі. Кейін орны қышитын болады. Сонысына шыдамай көп адамдар бесінші күннен кейін сүлік салдырмай қоятын көрінеді. Негізінде сүлікті көбірек салдырса денсаулыққа соншалықты пайдалы.
Сүлік салдырған адам үш күн дие­та ұстағаны дұрыс. Қызылша, сәбіз, құлпынай сияқты қызыл түсті көкөніс, жеміс-жидектер жеуі, анардың шырынын ішуі, қайнатылған ет жеуі керек. Бір сөзбен айтқанда, дәрумені көп тағамдар қабылдағаны дұрыс. Бірақ сүт өнімдерін пайдалануға болмайды. Өйткені оның құрамында сүт қышқылы бар. Ол ағзаға кері әсерін тигізуі мүмкін.
Сүліктің сілекейі қабынуға қарсы күресу, иммундық жүйені қоздыру, қан тамырларының скле­роздық үдерісін азайту, қан ұю үрдісін болдырмау және ұйыған қанның түйіршіктерін езу қасиет­теріне ие. Ға­лымдар сүліктің сілекейінен дестабилаза деген фермент жасалып шығатынын анықтап отыр. Бұл фермент фибриндік қоюланған заттарды жою дәрежесіне жеткізе алады. Сүліктің сілекейіндегі осындай қасиеттерді анықтаған дәрігерлер оны адам қанын азайтуға және қанды ұйымайтын жағдайға жеткізу үшін пайдаланып келеді.

Нұрлан ҚҰМАР 

0 дауыс
Тап қазір қасымда сүлік тұр. не істесем екен.
0 дауыс
жас балага канша сулик жане канша рет салуга болады?
сүлікпен бетегы угриды емдеуге болам

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
8 жауап
0 дауыс
0 жауап
...