0 дауыс
847 көрілді
Сіз өзіңізді бақытты сезінуіңіз үшін не қажет?

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Жанұямның арасында болу. Яғни, әке шешемнің, бауырларымның қасында болуым қажет. Және, бауырларыма, әкеме, шешеме көмектесіп, қол ұшын беріп, қиын сәтте жандарынан табылсам, мен үшін бақыт осы. Сонда ғана өзімді бақытты сезінемін. Ал әке болу, бұл өте ерекше сезім. Бұл мені сөзсіз бақытты қылады. Алла қаласа, бұл бақытымда келер.
0 дауыс
төрт құбылаң тең болса бақыт деген сол шыгар
0 дауыс
Аллахтын разылығы)) әрине ата-анам, бауырларым, достарым, сүйген жаным қасымда аман болса болғаны))
0 дауыс
Ойланып көріңіз: ту сол кездер кушті екенго деген ойлар болған шығар сізде. Ата ана өмірден кетіп қалған кезде , ту ата анам тірі кез қандай бақыт дейсің. Бір жерің қатты ауырса , денің сау болған кез қандай бақыт дейсің. Адам бақытты екенін сезбейді. Тек бақыттың кеткенін сезеді.
0 дауыс
Мен өзімді бақытты сезінуім үшін, алдымен елім бақытты болуы қажет. Халқымның басынан бақ тайса мен қалай күліп, бақытты боламын! Елдің амандығынан асқан бақыт бар ма? Ендеше Алла берген бақытты бағалай білелік.
0 дауыс
Маған шай керек. Шулап жүрген інілеріме анда-санда ұрысып қойып, әкемнің әңгімесін жымия тыңдап отырған анамның қолынан шай ішкен сәтте өзімді бақытты сезінем.
0 дауыс

1 жақсы көретін ісінмен айналысу 2 жақсы көретін асынды дярлау 3 қызықты фильм қарау 4 дүкенге барып көптен бері алғын келіп жүрген киімінді алу тб бір сөзбен бақытты болу үшін көілін нені қаласа соны істеу керек laugh бұл нағыз бақыт емес жай көніл көтерудін 1 жолы ал бақыт деген отбасы достық татулық бірлік осылар сенде бар болса сен ең бақытты адамсы

...