0 дауыс
1.3k көрілді
Әрине хиджабтан басқа, мысалы класикалық, спорттық т.б.

5 жауап

0 дауыс
Мен өз басыма жаңа стильдегi қыздардың киiнгенi ұнайды .Мәселен жартылай классика,жартылай спорттық немесе спорттық.Көйлек(платье) киген қыздарда ұнайды (әрине өзiне жарасымды болса).
ммм(emo)
0 дауыс
Мен бул жерде кыздардын кандай ким-кешеги жигиттерге унамайтынын жаздым. Жігіттерге қыздардың қандай киім-кешегі ұнамайды? Бүгін біз жігіттерге қыздардың киім-кешегінен өздеріне қайсылары ұнамайтыны туралы сөз қозғаймыз. Бұл - жігіттердің көпшілігінің ортақ пікірі. Қыздар, дайын болыңыздар! Шашқа тағатын сәнді бұйымдар Жігіттерге ешқандай да шашқа тағатын бұйымдар ұнамайды. Мәселен түрлі шашқа таққыштар, әдемі әшекей бұйымдарды іліп алудың түкке де қажеті жоқ. Афган шалбарлар Мұндай шалбарларды "аладдин" немесе "Али баба" деп те атайды. Әлемдік сәнде бұл киімдер үш жыл бұрын жарық көрді. Мұндай киімдегі аруларды жігіттер көргенде көздеріне жөргектегі баланы елестетеді. Комбинезон Әйелдердің бұл киім үлгісі туралы бір жігіт "Енді жүре бастаған менің жетпісінші жылғы анамның кішкентай шағын елестетеді" депті. Угги Осы бір австралиялық аяқ киім жайлы жігіттер "Суық болса да, болмаса да, таза жерге де, лас жерге де тастамай киеді. Мұны киіп алғанда аяқтарының әдемілігі де байқалмайды" деп арызданады. "Гладиатор" жеңіл аяқ киімі "Мұндай аяқ киімді қыздар ұзақ киіп жүрмесе екен. Ал егер ұзақ күннен кейін шешсе, аяқтарында қызыл із қалады. Оның үстіне бұл аяқ киім қыздардың әп-әдемі аяқтарының сәнін құртады", - дейді жігіттер. Смокинг Жігіттердің бірден-бір ұнатпайтыны - қыздардың смокинг киіп алғаны. Қысқа комбинезондар Жігіттер бұл киім жайлы былай дейді: "Қысқа комбинезондағы қыздарды көре қалсақ, көзімізге құрылысшы елестейді". Үлкен көлемді көзілдіріктер Үлкен көлемді көзілдіріктегі арулар жайында жігіттер "Көгерген көзін жасыру үшін тағатын шығар" деп ойлайды. "Бетімен бірдей көзілдіріктің қажеті қанша екен?"- деп дал болады.
+1 дауыс
Қарапайым классикалық киінгендер ұнайды! Жарасып тұрса әрине"
0 дауыс
Әрине жігіттерге қыздардың киінген киімінен гөрі,сөйлескенде сөйлеген сөзі ұнауы мүмкін деп ойлаймын. киім деген жарасып тұрса болды емес пе, адам көркі шүберек. киімде сондай шүберек.
0 дауыс
Маған өзіне жарасымды киім киген қыздар ұнайды, бірақ киімінен бұрын сөйлеген сөзі мен істеген ісіне мән беремін..
...