+1 дауыс
8.5k көрілді
Таңғы асқа немен тамақтанған дұрыс?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Таңғы ас барынша мол пайда әкелуі үшін тағам өнімдерін мұқият таңдау қажет. Сусындардан жидек шырыны, минералды су, бір кесе қантсыз шай немесе кофе қолайлы. Сусын организмді оятуға әрі ас қорыту үдерісін бастауға көмектеседі.

Диетологтардың пікірінше, ең тамаша ас – ботқа. Сүт өнімдерін де назардан тыс қалдырмаңыз. Таңертеңгілік ішілген бір құты сүт немесе айран, желінген бір кесе сүзбе аса пайдалы В (жүйке жүйесі қызметін жақсартады), А (әлсіздікпен күреседі) тобы дәрумендерімен байытады.

Нанның пайдасы мен зияны жөнінде көпшілік арасында көптеген пікірталастар бар. Алайда мамандардың айтуынша, майды тым қалың жақпасаңыз, нанның ешқандай зияны жоқ. Артық салмақтан арылушылардың ірі тартылған ұннан пісірілген нанды таңдағандары жөн. Ал қуырылған жұмыртқа мен шұжықты аз жеуге тырысыңыз, оның пайдасы жоқ десе де болады. Жүгері қауыздары секілді дайын таңғы астардың да пайдасы аз. Оларда бағалы дәрумендер мен микроэлементтер бар, алайда осы пайдалы заттарға қоса, қантың да калориясы да мол. Әсіресе шоколадты және глазурлі қауыздардан сақтаныңыз.
0 дауыс
өзім манигаш аписанкы деген тамақты жеим
0 дауыс
Өз басым,таңертең сұлы ботқасын, 3-түір бөдене жүмырқасынан және сүттен коктейль жасап  ішіп жүремін.және осыған дағдыланып қалғанмын.Бұнда дәрумендермен қоса амин қышқылдарының барлық түрлері бар. Студенттерге, мектеп жасындағы балаларға өте пайдалы . Қуат береді ,мидың қызметін:  есте сақтау, зейінін жақсартады.Пайдаланып көріңіздер,жақсы нәтиже болады !!!
0 дауыс

Таңғы ас ішудің тәртібі мен маңызын, оны ішпеудің зиянын диетолог Элеонора Нұратдинова айтып берді.

...