Біздің заманызға дейін I мыңжылдықта Еуразия далаларында ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасып, олардың жекелеген орталықтары ерекшеленді. Олар: Қара теңіз жағалаулары, Солтүстік Кавказ , Арал маңы ( Түгіскен ; Үйғарақ ), Орталық Қазақстан ( Тасмола ), Жетісу , Шығыс Қазақстан, Минусинск шұңқыры, Тува , Монғолия және Ордос . Аталған аумақтарда материалдық және рухани мәдениеті ұқсас бірлестіктер қалыптасты.
Олардың ортақ белгілері ат әбзелдерінде, қару-жарақта және "аң стилінде" болмған. XX ғасырдың басында зерттеушілер мұны скиф үштігі (ұштағаны) деп атады.
Еуразия далаларындағы скиф-сақ-сібір әлемі мынадай факторларымен ерекшеленді:
1. аталған облыстардың, аумақтардың жақындасуымен;
2. әлеуметтік-экономикалық негізгі нышандарымен;
3. даладағы тұрақты сауда , мәдени және саяси байланыстарымен;
4. ортақ мәдени дүниетанымдарымен;
5. Ежелгі Грекия , Ахманид парсылары Қытай әлеміне қарсы далалық аумаққа айналуымен.
[ өңдеу ] Ат жүгені
Скиф стиліндегі сырғалары
Далалық өркениеттің экономикалық негізі — дала мен тау аңғарларындағы әр түрлі формадағы мал шаруашылығы болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жылқы шаруашылығы дамудың жоғары деңгейіне жетті. Жылқы көшпелілердің өмірінде үлкен рөл атқарды.Тіпті энеолит дәуірінен бастап-ақ мініс аттарын өсіру дәстүрі дамыған. Сақ-скифтердің жерлеу дәстүрінің бір сипатты белгісі — молаға ат әбзелдерін бірге көму.Ат жүгендерінің қалдықтары — ауыздық, жүгеннің әр түрлі айылбастары — ерте темір дәуірінің көптеген молаларынантабылған.
Ат жүгені елеулі өзгерістерге ұшырады. Ерте кезеңде қола ауыздықтың төрт түрі кең тараған: қосымша тесігі бар және тесігі жоқ, ұштары тік бұрышты және шығыршықты, үзеңгі тәріздес. Біздің заманызға дейін V ғасырда жүгендердің құрылысы да өзгерді. Ауыздықтың бір шығыршықты түрі пайда болды. Бірақ олардың Еуразия аумағында кеңтаралуы біздің заманызға дейін V—III ғасырларға тура келеді. Шығыршықты ауыздықтар көбіне темірден жасалды.
Ат әбзелдерінің жақсы сақталған түрлері Алтай тауының қазіргі ресейлік бөлігінде зерттелген Пазырық үйінділерінен көптеп табылған. Олар осы заманғы жүгендерге ұқсас болған. Жүгеннің кеңсіріктің үстін басатын қайысы, тамақбауы, ауыздығы болған. Ауыздықтар көбінесе қоладан жасалған. Кейінгі заманғы ауыздықтардан бұл ауыздықтардың ерекшелігі — олардың екі жағындағы тізгін байланатын шығыршықтарының тұсында екісулық болатын. Ауыздыққа бекіген сулық аттың екі езуінің екі жағында тұрады. Ол қоладан, сүйектен , темірден өрнектеліп жасалады. Сақ-скифтердің жүгенінде тізгін, шылбыр болады. Жүген екі қабатталып тігілген қайыстан жасалады. Қайыстардың қосылған жерлеріне металдан, сүйектен әр түрлі әшекейлер , қапсырмалар, шытыралар орнатылады. Жүгеннің аттың дәл маңдайына келетін жеріне дөңгелек әйкел орнатады.
Қазақ жерімен көршілес аймақтарды мекендеген сақтарда ертоқым болған. Қазіргі ертоқымға қарағанда олардың ерінің айырмашылығы сол, оның ұстынында ағаш болмайды. Кейбірінде ғана ердің алдыңғы қасы тұсында кішкене ағаш болатын. Ал ертоқым ішіне шөп, жүн-жұрқа толтырылған тері көпшік сияқты болатын. Есесіне, тоқым киізден сырылып, неше түрлі ою- өрнектермен әшекейленген.Ертоқымда бір айыл, өмілдірік, құйысқан болған.
[ өңдеу ] Қару-жарақ
Көшпелі мал шаруашылығы өндірістік еңбектен көптеген ер адамдарды босатуға мүмкіндік берді. Ер адамдар күшінің босатылуы әскери ұйымдардың өзіне тән көптеген түрлерінің қалыптасуына негіз болды. Көшпелілердің әскери ұйымдары отырықшы егіншіліктегі әскери ұйымдардың алдында өзінің артықшылығын әлденеше рет дәлелдеді.
Сақтардың қару-жарағы садақ пен жебе , қанжар , қылыштан тұрды. Обаларды қазған кезде көп мөлшерде жебе ұштары табылған. Ерте кезеңде (біздің заманызға дейін VII—VI ғасырларда) Қазақстанның барлық аумағында жебелердің қола ұштарының екі түрі таралған: төлке пішіндегі және шие тәріздес. Жебе ұштарының көлемі өзгеріп тұрды. Бұл адырнасы үлкен күшпен керіліп тартылатын күрделі садақты ойлап табуға байланысты болды, мұндай садақ жебенің ұшу қашықтығын, қиратқыш күшін ұлғайтты. Сондай-ақ ұшы кішкентай жебелер анағұрлым қорамсаққа көп сыятын болды.
Сақ қару-жарақтарының құрамына қанжарлар да кірді. Ерте кезеңде қырлы сапты, жүрекке ұқсас және көбелек тәрізді айқаспалы бір типті қолажәне темір қанжарлар таралды. Біздің заманызға дейін V—III ғасырларда қанжарлардың пішіндері жаппай өзгере бастады. Олар қарапайым қылыш қанжардан сабының ұзындығымен ерекшеленді. Қару-жарақтың басқа түрлері бірлі-жарым болды. Мәселен, шоқпар , айбалта.
[ өңдеу ] "Аң стилі"
Алтын Адам
Сақ заманында "аң стилі" деп аталынған бейнелеу өнері кең тарады. Еуразияның далалық тұрғындарының ат әбзелдерінде, қару-жарақтарында, тұрмыстық және табыну заттарында зооморфтық аң бейнесі көрініс тапты. "Аң стилі" — мазмұны жағынан мифологиялық, өнер , яғни діни-наным сипатында болды. Жануарлар мен құстардың бейнелері, көбінесе жыртқыштар мен тұяқты жануарлар олардың тұрмыста қолданған заттарында бейнеленді. "Аң стилі" сәндік сипатта да қолданылды