0 дауыс
3.3k көрілді
Аң стилінің құлдырау кезеңі ???

1 жауап

0 дауыс
"Аң стилін" 3 кезеңге бөлуге болады:
1. Біздің заманызға дейін VIII—VII ғасырларда — архаикалық кезең : жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтамай, қозғалмайтын бейнеде кескінделуі;
2. Біздің заманызға дейін VI—IV ғасырларда — классикалық кезең : жануарлардың өзара үйлесімділігін сақтап, қозғалыста, реалистік түрде бейнеленуі;
3. Біздің заманызға дейін III—I ғасырларда — біртіндеп құлдырау кезеңі : жануарлардың сұлбасын бейнелеу, жекелеген элементтердің өрнекке ауысуы (құстың тұмсығы , мүйізі және т.б.).
"Аң стилі" белгілі бір діни наным-сенімге байланысты ұғымды білдірді. Жыртқыш жануарлар мен құстардың бейнелері қару-жарақтарға немесе атқа ерекше күш беретін тұмар ретінде қолданылды. Жануарлардың жекелеген бейнелерінен басқа олардың топтасқан (синкретикалық) бейнелері де кездеседі. Бұл бейнелер киелі, рәміздік мағына береді. Есік қорғанынантабылған "Алтын адамның" бас киімі жылқы , құс , таутеке , барыс , т.б. топтасқан бейнесінде алтын қапсырмалармен әшекейленген. Осындай топтасқан бейнелерді зерттеу темір дәуірі көшпелілерінің идеологиясы мен діни түсініктері туралы мағлұмат береді.

Ұқсас сұрақтар

...