0 дауыс
20.1k көрілді

Өз сөзімен түсіндіру керек. Тілдік норма және стиль дегеніміз не?

1 жауап

0 дауыс

Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.

Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – бәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. Тілдік норма әдеби тілдің нормасы арқылы реттеліп отырады. Әдеби тіл нормасы өзгермейтін, сірескен қатаң қағидаларға құрылған жүйеге ғана емес, динамикалық қасиетке ие дағдыға да сүйенеді. Әдеби тілге сіңіскен, әдеби тілде орныққан тіл байлықтары "тілдік норма" дегенге жатады. 

Тілдік нормалану процесі үздіксіз жүріп отырады. Ғалым М. Балақаев қазақ әдеби тілінің нормалануының үш түрін көрсетеді: а) тілдің ілгері даму процесінде оның ішкі заңдарына негізделген жүйелілік пайда болады. Оларды қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық қағидаларынан анық көруге болады. ә) сондай тілдік дәстүрлерді әдеби тіл бекемдей түсті де, сөйлеу тілінде бар шашыраңқылықты, алауыздықты жою, тілдік нормаларды орнату процесі жүріп жатты. б) әдеби тілде нормалауға бағытталған көптеген жұмыстар жүргізілді: графика, орфография, пунктуация, терминология мәселелері шешілді.; түрлі сөздіктер жасалды, практикалық және ғылыми грамматикалық жазылды. Тілдің тұрақты нормалану процесіне функционалдық стильдер де өз әсерін тигізеді. Себебі, әр стильдегі тілдік ерекшеліктер, тілдік қолданыстар белгілі бір деңгейде нормаға түсіп, жүйеленіп отырады. Бұған әрбір стильдік қабат өзінше үлес қосады.

Функционалды стильдер тілден тысқары (экстралингвистикалық) жағдайлардың негізінде жасалады. Алайда стиль тілдің (сөздің) бір түрі болғандықтан, ол тілдік (лингвистикалық) жағынан да сипатталады, яғни әр стильге тән, оның ерекшелігін белгілейтін тілдік құралдар болады.Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, әрбір стиль әдеби тілдің нормалануына септігін тигізіп отырады. 

Тілдің нормалану процесінде функционалды стильдің әрқайсысы өзіндік тілдік құралдарының ерекше жүйесіме нсипатталады: - функционалды стильдер - тілдік құралдардың бейтарап және стилистикалық бояуға ие түрлерінен құралатын жүйелер;

- стильдер тұйықталған емес, өзара байланыста, қатынаста болып, бірінен-біріне өте береді;

- стильдер тілден тысқары (қатынас саласы, сөйлеу жағдайының сипаты, сөйлеу актісіне қатысушылардың саны т.б.) және лингвистикалық факторлардың әсерінен пайда болады;

- белгілі бір стильдің ерекшеліктерін зерттеу тілден тысқары жағдайларды ескерумен бірге әр деңгейдің (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) тілдік құралдарын қарастыруды қажет етеді;

- функционалды стильдер одан әрі ұсақ стильдік (стилішілік) тармақтарға бөлінеді.

...